5.22
-сурет. Қозғалыс жылдамдығы регламенттелген конвейерде жұмыс
орындарын орналастыру мысалы:
L
— жұмыс орнының адымы;
b
— таспа ені;
L
n — ағын ұзындығы
Жұмыс аймағының өлшемі
орындаушының дене қалпына
(отырған,
тұрған),
сондай-ақ
орындалатын
жұмыс
пен
технологиялық жабдықтың түріне байланысты. Жұмыс аймағының
өлшемін жұмыс орындарының адымдары (жұмыс орнының адымы
жұмыс үстелінің ұзындығы мен жұмыс аймағын қамтиды)
келтірілген 5.3-кестеден шамамен есептеп шығаруға болады. 5.22-
суретте қозғалыс жылдамдығы регламенттелген конвейерде жұмыс
орындарын орналастыру мысалы келтірілген,
кейбір жұмыс
аймақтарының, сонымен қатар пішім жіберуге және өнім шығаруға
арналған жұмыс үстелдерінің өлшемдері көрсетілген. Жұмыс
аймағының мынадай енін ұсынуға болады: тұрып орындалатын
үтіктеу және қол операциялары үшін 0,5 м-ден кем емес; өңделетін
бөлшектер үстелде орналасқан жағдайда,
отырып орындалатын
машина, қол және үтіктеу операциялары үшін 0,55 м; өңделетін
бөлшектер тізеде орналасқан жағдайда, отырып орындалатын қол
операциялары үшін 0,75 м.
Жұмыс орындарының типтері мен өлшемлерін дайындалатын
бұйымдардың түріне және пайдаланылатын
көлік құралдарының
түріне қарай таңдайды. Жұмыс үстелердерінің шығарылатын өнім
түріне байланысты өлшемдері 5.4-кестеде келтірілген.
Жұмыс орны орындаушының жайлылығы мен жұмысының
қауіпсіздігі барынша қамтамасыз етілетіндей етіп ұйымдастырылуы
тиіс.
Жұмыс
орындарын
оңтайлы
ұйымдастыру
–
ағын
жұмысының жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштерін
анықтайтын негізгі факторлардың бірі.
Жұмысты кеңсе техникасының жарақтары (мысалы, бөлшек
394
будаларына арналған қысқыштар), қосымша жазықтықтар (бұл
үстел қақпағының өлшемдерін кішірейтуге мүмкіндік береді),
тігін
машинасы тұғырының конструкциясын өзгерту және т.б. арқылы
оңтайлы етіп ұйымдастыруға болады. 5.23-суретте жартылай
фабрикаттарды беруге арналған қосымша жазықтықтарды қолдану
арқылы жұмыс орнын ұйымдастыру мысалы берілген.
Әрбір 7...10 жұмыс орнынан кейін резервтік жұмыс орындарын
орнатады, олардың саны негізгі жұмыс орындарының 10%
дейін
құрайды. Нақты жобаланатын ағын үшін бұл санды құрал-жабдық
мағлұматынан алады.
Бұйымдарды конвейерлік ағынға жіберуге арналған жұмыс орны
–
мынадай өлшемдері бар үстел, м:
Пальто жасау жөніндегі ағындарға арналған үстелдің ұзындығы .............2.2,5
Костюмдер мен әйелдер көйлектерін жасау жөніндегі ағындарға
арналған үстелдің ұзындығы ........................................................................1,8.2
Іш киім жасау жөніндегі ағындарға арналған үстелдің ұзындығы.............1,5... 1,8
Үстел ені .........................................................................................................1,1... 1,2
Бұйым жіберу таспасының үстіндегі бөгетше ені .......................................0,4... 0,55
Бұйым шығару таспасының үстіндегі бөгетше ені......................................0,6.0,75
5.23
-сурет.
Жартылай фабрикаттарды беруге арналған қосымша
жазықтықтарды қолдану арқылы жұмыс орнын ұйымдастыру мысалы
395
Жұмыс орындарынан басқа бөлшектер мен дайын өнімнің
пішімін сақтауға арналған тиісті орындар болуы тиіс.
Пішімді жіберу аймағында орналасқан арнайы ұяшықтары бар
бір және екі қабаттық стеллаждарда сақтайды.
Сөрелердің ені
0,7...0,8 м, ұяшықтардың ұзындығы мен биіктігі пішім будаларының
өлшеміне қарай 0,6...0,9 және 0,5...0,7 м. Стеллаж биіктігі 2 м-ден
аспайды, ұзындығы бөлшектер қорына байланысты белгіленеді.
Секциялар арасында жартылай фабрикатты биіктігі 0,5 м
ұяшықты стеллаждарда сақтайды.
Дайын өнімдерді ілінбеген күйде биіктігі 0,5 м ұяшықты
стеллаждарда сақтайды. Жүн және жібер маталардан жасалған сырт
киімді,
әйелдер
көйлектерін
ілулі
күйде
жылжымалы
кронштейндерде сақтайды.
Ағында жұмыс орындарын ағынның ұйымдастыру нысанының
типіне қарай орналастырады. 5.22-суретте конвейерде жұмыс
орындарын
орналастыру
мысалы
келтірілген.
Конвейерлік
ағындарда жұмыс орындарын ең қолайлы орналастыру –
жұмысшының конвейерге сол қырымен
орналасуы жағдайында
агрегаттың бойлық осьіне тік бұрышпен орналастыру болып
табылады.
Топтық
(агрегаттық-топтық)
ағындарда
жұмыс
орындарын
бұйым
түйіндерін
өңдеу
топтары
бойынша
орналастырады. Жұмыс орындарын бір-біріне қатысты орналастыру
әртүрлі болуы мүмкін, бұл мұндай ағындарды стандартты емес
орынжайларда орналастырған жағдайда, оларды қолайлы етеді.
5.24-суретте агрегаттық-топтық ағындарда жұмыс орындарын
жартылай фабрикаттарды беру тәсіліне
қарай орналастыру мысалы
келтірілген. ТӨОҒЗИ ағында жұмыс орындарын орналастыру үшін
мынадай нұсқалардың бірін пайдалануды ұсынады:
■
топтарды орындалатын жұмыстардың біртектілігі бойынша
орналастыру;
■
технологиялық реттілікке сәйкес тізбекпен орналастыру;
■
ағындарды (бір бұйымды дайындайтын) кооперациялау
принципі бойынша құрама орналастыру.
Жұмыс орындарын ағынның осьтік сызығына немесе үстел
арасына қатысы бойынша ТӨОҒЗИ мынадай нұсқаларға сәйкес
орналастыруды ұсынады:
■
конвейердің тасымалдаушы таспасына немесе үстел арасына
перпендикуляр;
■
ағынның осьтік сызығына (үстел арасына)
параллель, бұл ретте
бұйым бөлшектері мен түйіндері солдан оңға қарай беріледі;
■
ағынның осьтік сызығына 45° бұрышпен диагональ бойынша.
Ағында жұмыс орындарын орналастыру пішімді беру, жартылай
Достарыңызбен бөлісу: