1.23
-сурет. Бүрме жасауға арналған тігімдер
Екі бірдей бөлшекті беткі жақтарын ішке қаратып дестелейді,
қиықтарды теңестіреді және белгіленген сызықтар бойынша түзу
инешаншым тігімін төсейді; бұл ретте жіпті қозғамайды, бетінде
матаның қалыңдығына қарай биіктігі 0,2... 0,7 см ілгек қалдырады.
Инешаншымдар жиілігі 5 см арақашықтықпен 4-5. Одан кейін
бөлшектерді инешаншым жіптері керілетіндей етіп қозғайды да,
оларды екі бөлшектің арасында ортасынан қияды. Бөлшектерде
қалған ұштары ауыстырылатын сызықтардың сұлбалары болып
табылады.
Көшірме
инешаншымдарды
орындау
үшін
мақта-мата
иірімжіптерді немесе арқаудың түсіне кереғар жіптерді қолданады.
Б ү р м е ж а с а у ғ а а р н а л ғ а н т і г і м д е р д і әйелдер мен
балалар пальтосының және көйлектерінің кейбір модельдерін
дайындау кезінде қолданады (1.23-сурет).
Бүрмелерді жасау үшін түзу инешаншымдардың ұзындығы 0,3...
7 см екі параллель тігімдерін бөлшек қиығынан бірінші тігімге
дейін 0,2... 0,5 см, тігімдер арасында 0,1... 0,4 см арақашықтықпен
төсейді. Бөлшек қиықтарын қалаған шамада жіппен түйістереді,
жасалған бүрмені ұзындығы бойынша біркелкі етіп орналастырады.
Достарыңызбен бөлісу: