Фурнитураны
тігуге
арналған
жартылай
автоматтар
жұмысшыларды ине мен түймелердің сынықтарынан қорғайтын
мөлдір экрандармен жабдықталуы тиіс.
Жиектеу машиналарында ілмектегіш тетіктері жұмыс жүрісі мен
бос жүрісте сенімді тіркегіші бар қалқаншалармен қоршалуы тиіс.
Ине тетіктері қайырмалы және алынбалы-салынбалы қаптамалармен
жабылуы тиіс.
Барлық тігін машиналарында 12...36 В кернеудегі, жарық ағынын
30...45° бұрыш астында бағыттауға мүмкіндік беретін кронштейнде
орнатылған қызу шамымен
9
жергілікті жарықтандыру болуы тиіс.
Жұмыс орнында қайырмалы түпқойма (1.44-сурет) немесе стеллаж
(1.45-сурет) болуы тиіс.
Егер еңбек бөлу схемасында бір жұмысшының екі машинаға
қызмет көрсетуі қарастырылса, онда жұмысшы айналмалы үстелде
отыра алады немесе бір машинадан екіншісіне рельсте орнатылған
арнайы орындықпен ауыса алады.
Достарыңызбен бөлісу: