Ориентализм
(orientalism) – Эдуард Саидтың Англия тəрізді отарлаушы елдердегі Үндістан
сияқты отарланған елдерге қатысты зерттеулер жиынтығына байланысты қолданған термині. Бұл,
сонымен қоса, жат біреуді стереотиптер қалыбына салып түсінуге бейім ғылыми қатынасқа кіріккен
ұстанымдарға да қатысты қолданылады.
Отаршылдық (отарлық), постотаршылдық (постотарлық)
(colonialism, post-colonialism).
Еуропа елдерінің өзге елдер мен халықтарды жаулап алып, олардан қант құрағы, какао, отын жəне
жануарлар терісі сияқты табиғи ресурстарды алу мақсатында отарларына айналдыруы XV ғасырдан
басталады. XX ғасырдың аяғына қарай көптеген бұрынғы отар ұлттар мен елдер тəуелсіздікке қол
жеткізді. Отарлықтан постотарлыққа дейінгі мəдени өзгерістерді зерделеу «постотарлық зерттеулер»
деп аталады.
Өзгешелеу
(остранение; ағыл. – demiliarization, estrangement)
– орыстың формалист сыншысы
Виктор Шкловскийдің поэзияның қабылдау мен ойдың қарапайым қалыпты үлгісін қалай бұзатынын
сипаттайтын термині. Поэзия біздің ырғағымызды немесе əлемді əдеттегі қабылдау үлгімізді
күшейтеді де, таныс заттарды бейтанысқа айналдырады. Шкловский Толстойдың оқиғаны аттың
көзімен, ойымен баяндау стратегиясын мысалға келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: