Металепсис (metalepsis)
– себеп бойынша ықпалға берілу. Мысалы, кедейлік көптеген
адамдардың крахмал мен қанттан жасалған тағамдарды шектен тыс көп тұтынуға мəжбүрлеп,
олардың толысып кетуіне себепші болады. Ал бұдан соң консерваторлар кедейлерді парықсыз,
жауапсыз, құрдымға кетуіне өздері себепкер, кедейлікке лайық деп сипаттайды. Олардың дене тұрқы
моральдық ұстанымдарының жоқтығын көрсетеді. Сөйтіп, кедейліктің салдары оны ақтап алушы
себепке айналады. Керісінше, бай адамдар жоғары білім алып, көп нəрсеге қол жеткізеді жəне
капитализмнің əртүрлі салаларын басқара алады. Олар өмірде жолы болған жандар ретінде тілге
тиек етіледі. Бұл сəттілік олардың байлығын ақтап алатын ретроактивті ықпалға айналады. Жақсы
білім нəтижесінде жеткен кəсіби артықшылықтың ықпалы байлықты ақтап алатын себеп болады.
Метафизика (metaphysics) – «Болмыс» деген не?» деген сияқты басты, өзекті мəселелерді
қарастыратын философия. Бұл, сондай-ақ, идеялар материядан тыс өмір сүреді деген тұжырым.
Метис (mestizo, mestizaje)
– испан тілді байырғы халық пен ақ нəсілді халықтың бірегейлік
элементтерін бойына сіңірген аралас этностық тұлға.
Метонимия/метафора (metonymy/metaphor). Риторикалық метафора – затты алмастыратын бейне.
Лингвистикада ол кез келген терминді лингвистикалық тізбектің кез келген нүктесінде ауыстыруға
мүмкіндік беретін вертикалды өзекпен байланып тұрады. Метонимия – жақын терминдерге сілтеме
жасау арқылы жасалған бейне. Лингвистикада оны сөз таптарын бір-бірімен тізбек арқылы
байланыстыратын горизонталды өзек деп атайды.
Мимесис (mimesis) – шынайы өмірді өнерде немесе əдебиетте имитациялау.
Модерн, модерндік, модернизм (modern, modernity, modernism). Əдебиет тарихында Ренессанс
дəуірінен кейінгі, 1500 жылдан 1750 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Оны романтизм алмастырды.
«Модернизм» ХХ ғасырдың басындағы Еуропада бəрін «жаңаша» жасауға ұмтылған, түрі жағынан,
мазмұны жағынан ХІХ ғасыр əдебиетінен əсіресе «викториандық» парадигмадан түбегейлі
алыстаған əдебиетке жəне əдеби қозғалысқа тəн. Кейбіреулер үшін бұл «қарабайыр» тірлікті
зерттеуді білдірсе, біреулер үшін журналистикаға жақын дағдыны, ал тағы біреулер үшін сана-сезім
формасын бірінші жақтан зерттей отырып, ХІХ ғасыр «реализміндегі» үшінші жақтан əңгімелеу
парадигмасынан алыстау болды. «Модернизм» орта ғасырдан бергі тарихи кезеңде пайда болды.
Cондай-ақ бұл кезеңде капитализм мен өкілетті демократия институттарының дамығандығын,
биліктің дін үстемдігінен қол үзіп, ғылым мен зайырлы рационализмге баса көңіл бөлген өмір
салтына ауысқанын айрықша атап айтқан жөн.
Нарратология (narratology). Нарративті зерттеу Владимир Пропптың
«Ертегі морфологиясынан» басталды. Пропп халық ертегілерінің сюжеттік құрылымын зерттей келіп, олардың баршасына
«қаһарманның сапарға аттануы», «алғашқы ерлігін көрсетуі», «тосын сыйға ие болуы» т.б. сияқты
cюжеттік элементтер ортақ болып келеді деген қорытындыға келді. Əдетте оқиғаның элементтері
немесе «қызметі» дəл осындай ретпен құрылады. 1960–1970 жылдары Цветан Тодоров, Жерар Генет
жəне Клод Бремонд сияқты еуропалық структурализм сыншылары (
структурализмді қараңыз )
шығарма баянын зерттеуді жəне теориялық тұрғыдан пайымдауды одан əрі жалғастырды.
«Тыңдаушы» немесе баяндаушы əңгімелеп отырған кейіпкер əрекеті арқылы нарративтің нақты
элементтері айқындалды.