патриархалды үстемдік кезінде сырттай таңылған (тəуелділік, əрекетсіздік т.б.) психологиялық
ахуалды зерделей отырып, оның себебі мен салдарын ішкі сапаға айналдырып өзгертеді.
Басымдықтың ықпалы арқылы басымдықтың одан əрі қарай жалғасуын ақтап алудың тəсілі болады.
Жак Деррида 1960 жылдары метафизиканы сынай бастағанда, ол батыс философиясының əлемді
иерархиялық тұрғыдан бейнелегенін байқады. Соған орай, олар ақиқатқа анықтама берген кезде,
«бар болу» (
presence
) сияқты кейбір терминдер позитив құндылықтарға жатқызылды жəне «жоқ
болу» (
absence
), «қайталау»
(
repetition
), «айырмашылық» (
difference
) т.б. сияқты басқа терминдерді
бағалаудың өзегі мен негізіне айналды. Олар негатив мəнде сипатталып, философия
құрылымындағы құндылықтар жүйесінен ығыстырылды. Бұл негатив терминдер мəн (
essential
)
,
өзек
(
central
) немесе түпнегіз (
foundational
) болмады. Олардың шындықты əлсірету немесе оған қауіп
төндіру мен философияның құндылықтар жүйесін бұзу ықтималдығы жоғары болды. Ақыр соңында,
Деррида жоғарыда аталған ақиқат үшін мейлінше өзек немесе мəн қызметін атқарған терминдерді
мақұлдауды ақтап алу мүмкін емес деген көзқарасқа тоқтады. Мұнда орын тепкен өзек немесе мəн
жоқ, өзі тəуелді басқа терминдермен байланысы арқылы бұзылмайтын (демек, ол жеке немесе
тəуелсіз күйде өзек немесе мəн бола алмайды) немесе ол бақылайтын құрылым арқылы
анықталмайтын шындықтың негіз боларлықтай өлшемі жоқ (демек, ол түпнегіз бола алмайды,
сондықтан оған дейінгі немесе басқа нəрсе оған қатысты анықталу үстінде). Шын мəнінде, өзек те,
мəн де, түп негіз де жоқ. Бұл – (бар болу, даралық т.б.) шынайылықтың формалды стандартын құруға
талпыныс. Мұхиттың ортасын табуға тырысқан əрекетке ұқсайды. Біздің философиялық жүйеміздің
бірде-біреуі өзек немесе мəн бола алмайтын желіде немесе терминдер арасындағы байланыстар
желісінде жатыр. Олардың барлығы толықтай дифференциялды жəне еш нəрсеге қатысты
болмайтын бірегейліктің пайда болуын сақтау үшін басқалардың қолдауына тəуелді. Сондықтан бір
мезетте мəнді бірегейліктің мүмкіндігін бұзатын байланыстар желісінде кемел «бірегейлікті»
елестету мүмкін емес.
«Əйел» яки «адамның түсі» немесе «куирлер» сияқты бірегейлік тұрғысынан билік құрылымына
саяси сын айтуды үдету қажеттігі кейбір теоретиктерді тұлғаның тұрақсыздығын, берік
позициясының жоқтығын сынауды жалғастыруға мүмкіндік беретін «стратегиялық эссенциализм»
керек деген пікірге алып келді.
Достарыңызбен бөлісу: