ойынды ойнады деп топшылады.
Функция
(function). Нарратив теориясында функция «қаһарманның үйден кетуі» сияқты
баяндауға тəн қайталанып отыратын оқиғаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет Владимир Пропп
«Ертегі морфологиясы»
еңбегінде қолданған.
Хронотоп
(chronotope) – Mихаил Бахтиннің роман дискурсында роман əлемінің кеңістік пен уақыт
өлшемдері қандай жолмен берілгенін білдіретін термині.
Хронос
– гректердің уақыт үшін
пайдаланатын сөзі, ал
топос
грекше орынды немесе кеңістіктегі орналасуды білдіреді.
Һабитус
(habitus). Пьер Бурдье бұл сөзді қоғамның материалдық жағдайы туындататын күнделікті
өмір тəжірибесін сипаттау үшін ойлап тапты. Бастапқыда Бурдье аспаздық пен тоқыма өнері немесе
қоғамның бұлыңғыр иерархияларын жəне ондағы еңбек бөлінісін сипаттайтын тұрмыстық
тіршіліктің басқа салаларын зерттеді. Бұл тəжірибелер осы иерархиялар мен бөліністің əлем
текстурасының бөлігі ретінде қалыпты болып көрінуіне əсер етті. Бұл, өз кезегінде, осы иерархиялар
мен бөліктерді қайта құруға көмектесті. Кейінірек, Бурдье дəл сол үлгіні өзі таптық бөлініс пен
таптық мəдени иерархияларды тудырушы деп санаған білім саласына да қолданған еді.
Достарыңызбен бөлісу: