.
Болашақ информатика мұғалімдерін әдістемелік даярлау үшін қолжетімді
бұлттық сервистер туралы айта отырып, SaaS (Software as a Service) бұлттық
технологиялар моделіне ерекше назар аударған жөн. SaaS - Интернет-сервистер
ретінде жеткізілетін бизнес-қосымшалар. Google WorkPlace, Microsoft 365
мысал ретінде атап көрсетуге болады.
Қосымшалар
SaaS-провайдер
серверінде
жұмыс
істейді,
ал
пайдаланушылар оларға Интернет-броузер
арқылы қол жеткізеді. Пайдаланушы
SaaS-қосымшаны сатып алмайды, оны жалға алады - оны пайдаланғаны үшін
айына қайсібір сома төлейді. Осылайша, SaaS басты артықшылықтарының бірі
92
болып есептелетін экономикалық тиімділікке қол жеткізіледі. Провайдер
қосымшаның жұмысқа қабілеттілігіне қамқорлық жасайды, пайдаланушыларға
техникалық қолдауды жүзеге асырады, жаңартуларды дербес орнатады.
Осылайша, пайдаланушы мәселенің техникалық жағы туралы азырақ ойлап, өз
мақсаттарына назар аударады.
Дәстүрлі бағдарламалық қамтамасыз етуден SaaS негізгі ерекшеліктері:
-
иелену құнының неғұрлым төмен болуы;
-
ендiрудiң неғұрлым қысқа мерзiмдерi;
-
кірудің төмен шегі (жылдам және тегін тестілеуге болады);
-
жүйені қолдау және жаңарту жөніндегі міндеттер SaaS-провайдерге
толығымен жүктеледі;
-
тек «Интернетті қамтумен» шектелген пайдаланушының толық
ұтқырлығы;
-
географиялық жағынан таратылған компаниялар мен қашықтағы
қызметкерлерді қолдау;
-
пайдаланушы компьютерінің қуатына қойылатын талаптардың
төмендігі;
-
кросс-платформалық.
Коммерциялық деректердің бөгде провайдерге жіберілуінің қауіпсіз
еместігі, жылдам әрекет етудің жоғары болмауы және Интернет үзілістерінен
қолжетімділіктің сенімсіздігі SaaS кемшіліктеріне жатады.
Parallels пікірінше, алдағы 10 жылда АТ-ның басым бөлігі бес түрлі
типтегі «бұлттарға» ауысады, осы типтердің арасында әр түрлі платформалық
қызметтерді ұсынатын проприетарлық платформалық «бұлттар» ерекшеленеді:
1 - Google, 2- Microsoft.
Microsoft және Google компаниялары көпшілік бұлттық сервистер
нарығында Интернет желісін пайдаланушыларға арнап электрондық поштадан
бастап кеңсе шешімдеріне, деректерді сақтауға дейін кең таңдауды ұсынады.
Google мысалында бірінші түрдегі платформалық қызметтерді егжей-тегжейлі
қарастырайық.
2006 жылдың ақпанында Google «Gmail сіздің доменіңіз үшін» тестілеуді
бастады, тамыз айында «Google Apps сіздің доменіңіз үшін» (Google Calendar,
Google Talk) жасады, қазан айында оқу орындарына «Google Apps оқу
орындары үшін» қызметін пайдалануға мүмкіндік берді, 2007 жылдың ақпан
айында кәсіпорындар үшін (сақтау орны 10 ГБ, Google Docs Writely (Құжаттар)
және Google SpreadsSheets (Кестелер) кәсіби пакет дайындады. 2010 жылы
Google Apps Marketplace интернет-дүкенінің іске қосылуы пайдаланушылардың
бұлттағы жұмысын айтарлықтай жеңілдетті және Google Apps алғашқы
бұлттық сертификатталған және аккредиттелген сервис болып табылады. 2012
жылы Google Disk файлдарын сақтауға және алмасуға арналған сервис
ұсынылды. Google Disk алғашқы тегін нұсқасы 15 Гб көлеміндегі қоймасын
ұсынды, кейінірек көлемі 5 Гб дейін қысқартылды. 2013 жылы Google Disk (5
Гб) мен Gmail пошталық сервисінің (10 Гб) сақтау орындары біріктірілді,
93
кейінірек Google Disk дискі, Gmail поштасы және Google Photo фотосуреті 15
Гб барлық сақтау орнына бөлінді.
2013 жылы Google Hangouts жедел хабарлама және бейнеконференциялар
алмасу сервисі пайда болды және 2017 жылы Google Hangouts Meet ретінде іске
қосылды. 2016 жылы бұлтқа нақты уақыт режимінде қосылу мүмкіндігі бар
Jamboard сандық интерактивті тақтасы шықты. 2020 жылы Google Google
Workspace ребрендингін жасады.
2009 жылы Google мәліметтеріне сүйенсек, Google Apps-те бүкіл дүние
жүзі бойынша 1,75 млн-нан астам компания жұмыс істеді, ал 2019 жылы - 1
млрд адам Google бұлттық шешімдерін пайдаланған.
Бұдан, Google компаниясы бұлттық технологиялар нарығында Google
Workspace ортасын ұсынады, оның құрамына келесі бұлттық сервистер кіреді:
- Gmail электрондық поштасы;
- Google Calendar;
- Google Meet бейне конференция байланысына арналған қосымша;
- Google Drive деректер қоймасы;
- QuickOffice (құжаттар, кестелер, презентациялар, формалар) есебінен
кеңейтілген Google Docs онлайн-кеңсесі;
- Google Photo фотосуреттер мен бейне жазбаларды сақтау, түзету, алмасу
қызметі;
- нақты уақыт режимінде бұлтқа қосылу мүмкіндігі бар Jamboard сандық
интерактивті тақтасы.
Microsoft мысалында екінші типтегі платформалық қызметтер Microsoft
365 офистік бағдарламаларының бұлттық пакеті форматында ұсынылған.
Microsoft 365 жазылу негізінде келесі онлайн-сервистердің жиынтығы ретінде
жіктеледі: Office Online, Outlook.com, OneDrive, People, Calendar, Sway, Forms
және т.б. Microsoft Office десктоп нұсқасының жеңілдетілген web-нұсқаларын
пайдаланатын офистік бағдарламалардың онлайн-пакеті болып табылатын
Office Online құрамына төмендегілер кіреді:
-
Word Online онлайн-мәтіндік процессоры;
-
Excel Online онлайн-электрондық кестесі;
-
PowerPoint
Online
презентацияларды
дайындаудың
онлайн-
бағдарламасы;
-
OneNote Online онлайн жазба құралы.
Қазіргі уақытта мемлекеттік мектептер мен ЖОО-ы бұл жазылуға
мүмкіндігі бар, бірақ барлық жеке меншік мектептер мен ЖОО бұл жазылуды
төлей алмайды.
Мұғалімдер арасында ең танымал «бұлт» ол Google және оның
қызметтері. Google технологиясының маңыздылығы:
білім алушыларды білім
беру үдерісіне оқыту мазмұнын тұтынушылар ретінде ғана емес, сондай-ақ
оның белсенді жасаушылары ретінде қатысу үшін тарту мүмкін болады,
ол
білім алушының педагогикалық үдерістің негізі болуына ықпал етеді.
Информатика саласындағы педагогтардың міндеттерінің бірі жаңа
цифрлық технологиялар мен құралдарды зерттеу, іріктеу, педагогикалық
94
ұжымды оқыту болып табылады. Осындай технологиялардың бірі ретінде ҚР
БҒМ
ұсыныстары
бойынша
BilimLand,
Kundelik.kz,
Daryn.online,
Mektep.OnLine, QaradomalakStudio, Оpiq.kz, Microsoft Teams, Google ClassRoom
және т.б. жатады [133].
Оқыту теориясы мен әдістемесі саласындағы, әсіресе информатиканы
оқыту теориясы мен әдістемесі саласындағы жетекші оқытушы-ғалымдар
Moodle, Discord, Merlot, Miro, Padlet, Socrative және т.б. педагогикалық
құралдардың кеңейтілген тізбесін ұсынады. Аталған құралдар цифрлық
технологиялар бойынша педагогтар үшін ұсынылып отырған бірқатар
біліктілікті арттыру курстарында қарастырылады, атап айтқанда: «Білім беруді
цифрлық трансформациялау» (Абай атындағы ҚазҰПУ); «Цифрлық педагог»
(Абай атындағы ҚазҰПУ); «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы заманауи
оқытушының цифрлық дағдылары» (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ);
«Modernization of Higher Education in Central Asia through New Technologies»
(А.Кынчев атындағы Русен университеті), «Инновациялық білім беру
технологиялары және дидактикалық модельдер» (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
[42] және т.б.
Әрбір
технологияны
техникалық
ұйымдастыру
және
осы
технологияларды басқару тұрғысынан жеке қарап, көптеген педагогикалық
міндеттерді іс жүзінде шешуге мүмкіндік беретін педагогикалық міндеттер
тобын шешу тұрғысынан осы технологияларды ұйымдастырудың жалпы бір
қағидатын бөліп көрсетуге болады. Біз бұл құралдарды бұлттық есептеулер
негізінде құру, оларды бұлттық технологиялар негізінде ұйымдастыру туралы
айтып отырмыз.
Жоғарыда аталған курстар аясында, сонымен қатар ҚР БҒМ
нұсқаулықтарына сүйене отырып, ұсынылатын цифрлық технологияларды
талдау - негізін бұлт технологиялар құрайтын, оқытуда жаңа технологияларды
белсенді пайдалану туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұдан,
цифрлық технологияның түріне тәуелсіз, ең алдымен, педагогты оқытуда
бұлттық технологияларды пайдалануға үйрету керек.
Педагогикалық іс-әрекетте бұлттық технологияларды ұйымдастыру
қағидаттары мен пайдалану негіздерін біле отырып, болашақ информатика
пәнінің мұғалімі педагогикалық міндетті, сабақ түрін, Интернет-байланыстың
сапасын, оқушылардың санын, пәннің практикалық бағыттылығын,
оқушылардың тілдік ерекшеліктерін, құрал-сайманның құнын және т.б. ескере
отырып, оқытуда қандай да бір «бұлттық» құрал-сайманды еркін және икемді
пайдалана алады.
Осылайша, ең алдымен, бұлттық технологияларға негізделетін оқыту
және жалпы білім беру жүйесі үшін осындай құрал-саймандарды іріктеу және
пайдалану қажеттілігі туралы қорытынды жасауға болады. Цифрландыру
жағдайында деректерді сақтауды синхрондайтын немесе ұйымдастыруға
мүмкіндік беретін, қолжетімді және түсінікті интерфейсі бар, кез келген
уақытта табылатын құрал-сайман қызығушылықты тудырады. Әдетте, бұл
құрал-саймандардың барлығы «бұлттар» негізінде ұйымдастырылған [42].
95
Бұлттық сервистерді таңдаудың негізгі критерийлері бұлттық технология
стандартына сәйкес келеді:
сұраныс бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету, әмбебап
желіге қол жеткізу, ресурстарды біріктіру, икемділік, тұтыну есебі, ортақ
инфрақұрылым, динамикалық қамтамасыз ету, желінің қолжетімділігі,
басқарылатын есеп [98, 99].
Критерийлердің мәнін ашайық:
-
сұраныс бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету: тұтынушылар қажет
болған жағдайда есептеу ресурстарын автоматты түрде біржақты тәртіпте ала
алады
-
желіге әмбебап қолжетімділік: есептеу ресурстары желінің барлық
жерінде қол жетімді, қол жеткізу жұқа және қалың клиенттік платформаларды
пайдалануды жеңілдететін стандартты механизмдер арқылы жүзеге асырылады;
(«жұқа клиенттік платформаларды» пайдаланған кезде сізге тек браузер мен
интернет қажет, ал «қалың клиент платформаларын» пайдаланған кезде
компьютерге арнайы бағдарламаны жүктеп алып, орнату керек.)
-
ресурстарды біріктіру: бұлттық провайдердің есептеу ресурстары
әртүрлі физикалық және виртуалды ресурстары бар көп пайдаланушы үлгісін
пайдалана отырып, көптеген тұтынушыларға қызмет көрсету үшін біріктіріледі.
-
икемділік бұл-әдетте пайдаланушының немесе қосымшалардың
өзгеретін қажеттіліктеріне негізделген есептеу ресурстарын жылдам және
икемді масштабтау мүмкіндігін білдіреді.
-
басқарылатын
есеп:
бұлттық
жүйелер
түріне
байланысты
абстракцияның кейбір деңгейінде есептеу ресурстарын өлшеу арқылы
ресурстарды автоматты түрде басқарады және оңтайландырады
Болашақ информатика мұғалімдерін бұлттық технологияларға оқытудың
іріктелген мазмұны екі негізгі модульден тұрады, әрбір модульді игеру үшін
осы модульдің мәнін ашуға мүмкіндік беретін бұлттық сервистерді іріктеу
қажет.
«Бұлттық технологиялардың теориялық негіздері» модулін игеру үшін
бұлттық сервистермен жұмыс істеуді, деректерді көпшілік бұлттарда сақтауды,
бұлттарды, оның ішінде жеке бұлттарды таратуды үйретуге мүмкіндік беретін
бұлттық сервистерді іріктеу қажет. Бұлттық технологиялардың теориялық
негіздерін игеру үшін жоғарыда аталған іріктеу қағидаттарын ескере отырып,
ең танымал бұлттық сервистерді атап өтіп, оларды келесі топтарға біріктірейік
(7-кесте):
- деректерді сақтаудың бұлттық сервистері: Microsoft OneDrive, Google
Disk, Dropbox, Yandex.Disk, Облако@mail.ru;
- бұлтты орналастыру сервистері: Microsoft Azure, Google Cloud, Amazon
Web Services, Yandex Cloud, ownCloud.
96
7-кесте - «Бұлттық технологиялардың теориялық негіздері» модулін
игеруге арналған бұлттық сервистер
Бұлттық сервис Көлемі
Сипаттамалар
Де
ре
ктерді са
қтаудың б
ұлт
тық
се
рви
стері (Saa
S
)
Microsoft
OneDrive
5 ГБ - 6 ТБ
Microsoft-тың басқа өнімдерімен интеграция,
өзге қосымшаларды пайдалану мүмкіндігі,
жоғары қолжетімділік
Google Disk
15 ГБ - 1 ПБ Google-дың басқа өнімдерімен интеграция, өзге
қосымшаларды пайдалану мүмкіндігі, жоғары
қолжетімділік
Dropbox
2 ГБ - 3 ТБ
Пайдалану қарапайымдылығы, бірлесіп жұмыс
істеу мүмкіндігі
Yandex Disk
5 ГБ - 10 ТБ Yandex-тің басқа өнімдерімен интеграция, өзге
қосымшаларды пайдалану мүмкіндігі, жоғары
қолжетімділік
Облако@Mail.R
u
8 ГБ - 4 ТБ
VK басқа өнімдерімен интеграция, өзге
қосымшаларды пайдалану мүмкіндігі, жоғары
қолжетімділік
бұлт
ты орн
ала
стыру
с
ерви
стері (I
aa
S
)
Microsoft Azure
1 ГБ - 1 ПБ
Ауқымдылығы,
Microsoft-тың
басқа
өнімдерімен интеграция, гибридті бұлттық
инфрақұрылыммен жұмыс істеу мүмкіндігі,
ақылы
Google Cloud
1 ГБ - 1 ПБ
Ауқымдылығы, Google-дың басқа өнімдерімен
интеграция,
гибридті
бұлттық
инфрақұрылыммен жұмыс істеу мүмкіндігі,
ақылы
Amazon
Web
Services
5 ГБ - 1 ПБ
Жоғары сенімділік, жоғары өнімділік, құралдар
мен қызметтердің кең ауқымды жиынтығы,
ақылы
Yandex Cloud
1 ГБ – 1ПБ
Ауқымдылығы, Yandeх-тің басқа өнімдерімен
интеграция,
гибридті
бұлттық
инфрақұрылыммен жұмыс істеу мүмкіндігі,
ақылы
OwnCloud
сервер
мүмкіндікте
рімен
шектелген
Жоғары сенімділік, жоғары өнімділік, қосымша
шығынсыз, тегін
Жоғарыда аталған бұлттық сервистер бұлттық технологиялардың
негіздерін игеруге мүмкіндік береді, бұдан зерттеу объектісінің рөлін атқарады,
сонымен қатар бұлттық технологиялардың теориялық негіздерін оқытудың
құралы болып табылады. Бұлттық технологиялардың теориялық негіздерін
Coursera, edX, LinkedIn Learning, FutureLearn, Stepik, Skillbox, The knowledge
Academy сияқты бұлттық білім беру платформаларында (бұлттық сервистерде)
ұсынылған
онлайн-курстардың
көмегімен
игеруге
болады.
Осы
платформаларда жарияланған бұлттық технологиялар бойынша ең танымал
курстарды келтірейік: Бұлттық есептеу негіздері (Cloud Foundations), Бұлттық
есептеу микрошеберлері (Cloud Computing MicroMasters), қажетті бұлттық
инфрақұрылым (Essential Cloud Infrastructure), Бұлттық технологиялар, Бұлттық
97
есептеулер және деректер қоймалары, Бұлтты есептеулер мен сервистер, Cloud
Academy Kazakhstan және т.б.
«Педагог» кәсіби стандартында (1.1-бөлім, 1-сурет) ұсынылған
мұғалімнің кәсіби қызметінің құрылымына және «Білім берудегі бұлттық
технологиялар» модулінің іріктелген мазмұнына сәйкес біз мұғалімге мынадай
кәсіби міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін бұлттық сервистерді іріктедік:
-
оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру;
-
білім беру мазмұнын меңгеру деңгейін бақылау;
-
педагогикалық
үдеріске,
басқаруға
қатысушылардың
өзара
әрекеттесуді ұйымдастыру;
-
тәрбие жұмысын жобалау, педагогикалық үдерістің барлық
қатысушыларымен ынтымақтастық;
-
оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
-
өз тәжірибесі мен қызметінің рефлексиясы;
-
білім беру үдерісін зерттеу, сабақты зерттеу және т.б.
Аталған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін бұлттық сервистерді
қарастырайық.
Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру үшін қысқа мерзімді жоспар
қажет. Қазіргі уақытта дайын сабақтар кітапханасын қалыптастыруға және
оларды жариялауға мүмкіндік беретін бірқатар бұлттық сервистер бар:
ИНФОУРОК, Ақпараттық ресурстарға бірыңғай қолжеткізу терезесі, НЗМ
жүйелік-әдістемелік кешені. iSpring, CORE, BilimLand секілді танымал бұлттық
платформалары «конструктор» режимінде сабақ жоспарын құру мүмкіндігіне
ие.
Білім беру мазмұнын меңгеру деңгейіне бақылау жүргізу үшін бір
тестілік сервистер жеткіліксіз, қазіргі кезде интерактивті формалар мен
сауалнамалар, карточкалар қолданылуда. Оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалауды ұйымдастыру үшін ең танымал бұлттық сервистер 8-кестеде
келтірілген.
8-кесте - Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың ең танымал
бұлттық сервистері
Сервис атауы
Ерекшеліктері
Google Forms
Тегін бұлттық сервис, онда жауаптарды таңдау, ашық жауап беру,
логика мен шарттарды қосу мүмкіндіктері бар сауалнамалар мен
тесттерді құруға болады
Microsoft Forms
Тегін бұлттық сервис, ол мәтін, сурет, сызба және бейне қосатын
құралдарды пайдаланып, броузерде презентацияларды дайындауға
мүмкіндік береді
Kahoot!
Интерактивті тесттер мен ойындарды құруға арналған тегін бұлттық
сервис
Edmodo
Тесттерді құру мен өткізуге арналған тегін бұлттық сервис, ол
сондай-ақ мұғалімдер мен оқушылар арасында материалдармен
алмасу және коммуникация үшін құралдар ұсынады
98
Педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзара әрекетін ұйымдастыру
және кері байланыс алу үшін сауалнамалардан басқа бұлттық сервистер
ұсынған виртуалды тақталар пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, Padlet бұлттық
сервисі - бұл виртуалды тақта, онда оқушылар өз ойлары мен идеяларын
бөлісіп, пікірлерін қалдыра алады, осы сервистің көмегімен оқушылардан түрлі
мәселелер бойынша кері байланыс алуға болады. Mentimeter - интерактивті
сауалнама құруға арналған бұлттық сервис, оқушылар нақты уақыт режимінде
оны толтыра алады, сондай-ақ дауыс беру, сауалнама сияқты өз
презентацияларына интерактивті элементтерді қоса алады. Kahoot! бұлттық
сервисі арқылы оқушылармен интерактивті және қызықты түрде кері байланыс
жасауға болады.
Тәрбие
жұмысын
жобалау,
педагогикалық
үдерістің
барлық
қатысушыларымен
ынтымақтастық,
ата-аналармен
өзара
әрекеттесу
міндеттерін төмендегі танымал бұлттық сервистердің көмегімен шешуге
болады:
-
бейнеконференция байланысы: Zoom, Google Meet, Microsoft Teams;
-
мессенджерлер: WhatsApp, Telegram, Viber;
-
әлеуметтік желілер: Facebook, Instagram, ВКонтакте.
Аталған бұлттық сервистердің атауы мен мүмкіндіктері 9-кестеде
көрсетілген.
9-кесте - Тәрбие жұмысын жобалауға және ата-аналармен өзара
әрекеттесуге арналған ең танымал бұлттық сервистері
Сервис атауы
Ерекшеліктері
Zoom
бейне-конференциялық байланыстың тегін танымал бұлттық сервисі,
ол әлемнің кез келген жерінен ата-аналармен байланысуға, виртуалды
кездесулер өткізуге, сынып жұмыстарын талқылауға, мұғалімдерден
кеңес алуға және т.б. мүмкіндік береді
Google Meet
бейне-қоңырау соғуға мүмкіндік беретін тегін бұлттық сервис
Microsoft Teams
бейне-қоңырау соғуға және хабар алмасуға мүмкіндік беретін тегін
бұлттық сервис
WhatsApp
web нұсқасы бар тегін мессенджер, ол хабар, бейне және фотосурет
алмасуға, сондай-ақ дауыстық және бейне- қоңыраулар соғуға
мүмкіндік береді
Telegram
web нұсқасы бар тегін мессенджер, ол мәтіндік хабарлар, аудио-
жазбалар, бейне-жазбалар және қоңыраулар арқылы байланысуға
мүмкіндік береді
Viber
WhatsApp-қа ұқсас тегін мессенджер, ол мәтіндік хабарлар, аудио-
жазбалар, бейне-жазбалар және қоңыраулар арқылы байланысуға
мүмкіндік береді
Facebook
туыстарымен
байланыс
жасауға
арналған
топтар
мен
коммуникациялық арналар құруға мүмкіндік беретін әлеуметтік желі
Instagram
чат, аудио-жазбалар, бейне-жазбалар және қоңыраулар арқылы
байланысуға мүмкіндік беретін әлеуметтік желі
ВКонтакте
облако@Mail.ru-ге тиесілі чат, аудио-жазбалар, бейне-жазбалар және
қоңыраулар арқылы байланысуға мүмкіндік беретін әлеуметтік желі
99
Ата-анамен кері байланысты ұйымдастыру үшін барлық уақытта мектеп
күнделігі маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта оқушының күнделігін
жүргізуі және сынып журналынан мұғалімнің оған баға қоюы электронды
күнделіктің міндетіне жатады. Электронды күнделік Дневник.Ру, Дневник.Bу,
Күнделік.KZ, ЭлЖур секілді бұлттық сервистерімен ұсынылып отыр. Бұл
бұлттық платформаларда күнтізбелік-тақырыптық жоспарда сабақтың мақсаты
мен міндеттерін, сабаққа арналған тапсырманы, үй тапсырмасын егжей-
тегжейлі сипаттауға, сондай-ақ «бұлттағы» сыртқы ақпарат қоймасына сабақ
материалдарына сілтеме жасап қоюға мүмкіндік бар.
Оқушылардың үлгерімін есепке алу және электронды журнал түрінде
электронды форматта баға қою мүмкіндіктерін Google ClassRoom, Microsoft
Teams, Edmodo, ClassDojo, Moodle, Дневник.Ру, Дневник.Bу, Күнделік.KZ
бұлттық сервистері ұсынады. Әрбір бұлттық сервистің ерекшеліктерін 10-
кестеде егжей-тегжейлі қарастырамыз.
10-кесте Электрондық журналдың бұлттық сервистері
Сервис атауы
Ерекшеліктері
Google
ClassRoom
тегін танымал бұлттық сервис, ол мұғалімдерге онлайн-сыныптарды
(виртуалды) құруға және басқаруға, тапсырмаларды жүктеуге, баға
қоюға мүмкіндік береді
Microsoft Teams
тегін танымал бұлттық сервис, ол мұғалімдерге командаларды құруға
және басқаруға, тапсырмаларды жүктеуге, баға қоюға мүмкіндік
береді
Edmodo
оқытуға арналған тегін танымал бұлттық сервис, ол мұғалімдерге
сыныптар құруға, тапсырмалар жүктеуге және баға қоюға мүмкіндік
береді
ClassDojo
тегін танымал бұлттық сервис, ол мұғалімдер мен ата-аналарға
коммуникацияны жақсартуға және оқушылардың үлгерімін есепке
алуға көмектеседі
Moodle
тегін танымал бұлттық сервис, ол онлайн-курстарды құруға, сондай-
ақ баға қоюға арналған құралдарды ұсынады
Дневник.Ру,
Күнделік.KZ
танымал электронды күнделіктің Ресейде де, Қазақстанда да
домендері бар
OnlineMektep
Bilimland.kz білім беру порталындағы сервис, ол электронды журнал
модулін қамтиды
ЭлЖур
тегін танымал электронды күнделіктің Ресейде де, Қазақстанда да
домендері бар
Сабақтарды өткізу мақсатында оқытудың кеңінен таралған құралы - оқу
презентациясы болып табылады. Оқу презентацияларын әзірлеудің бұлттық
сервистері мұғалімдер арасында ең танымал. Олардың кейбірін келтірейік (11-
кесте).
100
11-кесте - Оқу презентацияларының ең танымал бұлттық сервистері
Сервис атауы
Ерекшеліктері
Google Slides
тегін бұлттық сервис, ол мәтін, сурет, сызба және бейне қосуға
арналған
құралдарды
пайдалана
отырып,
броузерде
презентацияларды жасауға мүмкіндік береді
Microsoft
PowerPoint
тегін бұлттық сервис, ол мәтін, сурет, сызба және бейне, қосуға
арналған құралдарды, интерактивті презентацияларды пайдалана
отырып, броузерде презентацияларды жасауға мүмкіндік береді.
Prezi
зум және айналу сияқты ерекше әсерлерді пайдаланып, динамикалық
презентацияларды жасауға арналған бұлттық сервис
Canva
бұлттық
сервис,
ол
өз
қажеттіліктеріне
сәйкес
келетін
презентациялар жасауға арналған үлгілерді ұсынады
Mentimeter
интерактивті элементтерді қосу мүмкіндігі бар интерактивті
презентациялар мен сауалнамалар жасауға арналған
Интерактивті дидактикалық материалдарды интерактивті ортаның
көмегімен немесе сауалнама бұлттық сервистерінің (6-кесте), интерактивті
компьютерлік презентациялардың (9-кесте) көмегімен әзірлеуге болады.
Дидактикалық материалдарды әзірлеу бастапқыда онлайн-кеңседе орындалуы
мүмкін. Онлайн-кеңсе ақпаратты өңдеудің бұлттық сервистерінің жиынтығы
болып табылады:
-
мәтіндік: Google Docs, Microsoft Word Online;
-
сандық: Google Sheets, Microsoft Excel Online;
-
графикалық: Google Slides, Microsoft PowerPoint Online.
Көрнекі оқу материалдарын жасауда графикамен жұмыс істеу үшін
бұлттық сервистер қажет болуы мүмкін (12-кесте).
12-кесте - Графикамен жұмыс істейтін ең танымал бұлттық сервистер
Сервис атауы
Ерекшеліктері
GIMP Online
броузерде суреттермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, танымал
GIMP графикалық бағдарламасының онлайн нұсқасы
Sketchpad
түрлі құралдармен, оның ішінде векторлық графикамен жұмыс
істеуге мүмкіндік беретін, сурет салу мен графикалық кескіндерді
құруға арналған тегін бұлттық сервис
Piktochart
инфографика мен есептерді, басқалармен оңай бөлісуге болатындай
етіп құруға арналған тегін бұлттық сервис
Inkscape
ашық бастапқы коды бар векторлық графиканы құруға және
кескіндерді өңдеуге арналған тегін бұлттық сервис
Gravit Designer
иллюстрацияларды, логотиптерді және т.б. қоса алғанда, векторлық
графиканы құруға арналған тегін бұлттық сервис
Figma
интерфейстер мен веб-сайттардың дизайнына арналған тегін бұлттық
сервис, ол пайдаланушыларға нақты уақыт режимінде жобалармен
жұмыс істеуге және оларды басқалармен бөлісуге мүмкіндік береді
Canva
графикалық дизайн жасауға арналған тегін бұлттық сервис, ол
пайдаланушыларға баннерлер, логотиптер, презентациялар, ашық
хаттар және т.б. жасауға мүмкіндік береді
101
Қазіргі уақытта мұғалімнің білім беру үдерісін зерттеуі оқушының,
сыныптың, пән бойынша үлгерімінің графиктері мен диаграммаларын
құрастырмай жүргізілмейді. Нәтижелерді өңдеу үшін әдетте Microsoft Excel,
кейде
Google
Sheets
электрондық
кестелерін
пайдаланады.
Бұл
бағдарламалардың екеуінде де Microsoft Excel OnLine, Google Sheets бұлттық
сервис бар. Бұлттық сервистер арасында осы міндеттер үшін Canva, Lucidchart,
Visme (13-кесте) пайдалануға болады.
13-кесте - Диаграммаларды құрудың ең танымал бұлттық сервистері
Сервис атауы
Ерекшеліктері
Microsoft Excel
OnLine
компьютерлік нұсқада макрокомандаларды қолдайтын, графиктер мен
диаграммаларды құруға арналған тегін бұлттық сервис.
Google Sheets
графикалық түрде сандық ақпаратты ұсынуға арналған тегін бұлттық
сервис.
Canva
тегін бұлттық сервис, ол сондай-ақ диаграммаларды құруға арналған
құралдарды таңдауды кеңінен ұсынады.
Lucidchart
диаграммаларды құруға арналған тегін бұлттық сервис. ол блок-
схемаларды,
ұйымдастыру
диаграммаларын,
техникалық
диаграммаларды құруға мүмкіндік береді.
Visme
графиктердің тегін бұлттық сервисі, ол графиктердің 20-дан астам
түрін құруға және деректерді импорттауға мүмкіндік береді.
Кәсіби қызметте информатика мұғалімі бағдарламалаудың көп болуынан,
оны оқыту кезінде бағдарламалық қамтамасыз етілмеуімен жиі сұрақтар
туындайды. Мұндай мәселелерді шешу үшін бұлттық сервистер пайдаланылуы
мүмкін. Кейбіреулерін атап өтейік:
-
Visual Studio Code – көптеген бағдарламалау тілдері мен плагиндерді
қолдайтын тегін және жеңіл код редакторы;
-
GitHub - бастапқы кодтың нұсқаларын сақтауға және басқаруға
арналған онлайн-сервис. Ол бағдарламашыларға жобалармен бірлесіп жұмыс
істеуге және кодтағы өзгерістерді бақылауға мүмкіндік береді;
-
CodePen – кодтың онлайн-редакторы, ол бағдарламашыларға нақты
уақыт режимінде кодты жасауға және тестілеуге мүмкіндік береді, HTML, CSS
және JavaScript қоса алғанда бірнеше бағдарламалау тілдерін қолдайды;
-
JSFiddle - кодтың тағы бір онлайн-редакторы, бірақ JavaScript, HTML
және CSS және т.б. арналған.
Бұлттық сервисті іріктеу кезінде сервистің құнына (ақылы/тегін), ақысыз
қызсет ұсыну мүмкіндігіне, бағдарламалық өнімдерді жасау мүмкіндігіне және
олардың санына, осы сервисте әзірленген дайын өнімдермен «бөлісу»
мүмкіндігіне,
бұлттық
сервистің
қолжетімділігі
мен
қызметінің
айқындылығына, ұжымдық жұмысты қолдауға, ана тіліндегі интерфейсті
қолдауға және т.б. назар аударған жөн. Мұғалімнің түрлі кәсіби міндеттерін
шешу мақсатында жоғарыда аталған бұлттық сервистерді іріктеу кезінде біз
осы критерийлерді, сондай-ақ бұлттық сервистердің техникалық критерийлерін
есепке алдық.
102
Жоғарыда келтірілген кестелер мен бұлттық сервистердің тізімдерінен
мұғалімнің кәсіби қызметінің міндеттерін шешу үшін айтарлықтай үлкен
таңдау бар екенін көріп отырмыз. Нақты бұлттық сервисті таңдау мұғалімнің
өзінің қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне байланысты, ол белгілі бір кәсіби
міндетті шешу барысында өзіне ұнайтын бұлттық сервистің бірін білумен
шектелуі мүмкін.
Информатика мұғалімі өзінің кәсіби қызметінде
информатиканың пәндік саласына байланысты бұлттық сервистерге жиі
кездеседі, сондықтан оларға көп санды бұлттық сервистерді игеру қажет.
Әдетте, «Информатика және ақпараттық технологиялар» пәнінің әрбір бөлімі
қандай да бір технологияны, қандай да бір компьютерлік бағдарламаларды
игерумен байланысты.
Барлық іріктелген бұлттық сервистер негізінен дербес сервис болып
табылады. Оқытуды біртұтас ұйымдастыру және сервистерге жүгіну
ыңғайлылығы үшін мұғалімнің кәсіби міндеттерін шешу мүмкіндігін, оның
кәсіби даярлығын біріктіретін бұлттық сервисті пайдалану орынды.
Достарыңызбен бөлісу: |