Қорытындыны өңдеу . 2 серия бойынша дұрыс және дұрыс емес жауаптарды санайды.
Ойланғанға кеткен уақытты да есептейді. Нәтижені кестеде көрсетеді.
Тапсырманы орындау көрсеткіштері. Балалард ың жасы 1 серия 2 серия Дұрыс жауапта р Дұрыс емес жауапта р Ойланған ға кеткен орташа уақыт Дұрыс жауапта р Дұрыс емес жауапта р Ойланғанғ а кеткен орташа уақыт 5- 6жас 6- 7жас 2. Әдістеме: Ырықты ес және ырықсыз ес арақатынасын зерттеу. Зерттеуге дайындық: Өлшемі 5х7 см болатын әр қайсысы 16-25 суреттен тұратын затттардың
суретінің жиынтығын таңдау қажет. Бұл жиынтықты тақырып бойынша 4 топқа бөлуге
болады: мысалы, жануарлар, жемістер, жидектер, киімдер.
Зерттеу барысы :
3-
7 жастағы балалармен эксперимент 3 серияда өткізіледі. Эксперименттің әрбір
сериясында суреттердің жаңа жиынтығы қолданылады.
1-
ші серия.
Ырықсыз белсенді емес есті зерттеу. Балаға әртүрлі заттардың бейнесінен тұратын суреттерді көрсетеді. Баланың алдына
есте сақтау міндеті қойылмайды. «Мен қазір суретті көрсетемін, сен зейін қойып қара».
Суреттер бірізділікпен бірінен соң бірі көрсетіледі. Суреттердің жиынтығы көрсетіліп
біткеннен кейін мынандай сұрақ қойылады: «Есіңде сақтаған суретті ата».
2-
ші серия.
Есте сақтауда материалды жіктеу әдісін қолданғанда белсенді ырықсыз есті зерттеу. Балаға суреттердің жиынтығын 4 топқа бөліп, 4 қатарға қоюды ұсынады: «Қай зат
қандай топқа жатады?». Бұл тапсырманы орындап біткеннен кейін, суреттер жиналып
алынады да, балаға қатар бойынша қойылған барлық суреттерді еске түсіріп, атауды
ұсынады.
3-
ші серия.
Ырықты есті зерттеу. Эксперименттің 2 сериясына да қатысқан балаларға суреттердің 3-ші жиынтығын
көрсетеді және суреттерді көбірек есте сақтап, кейіннен еске түсіруді ұсынады. Есте
сақтаудың әдістері мен құраладары көрсетілмейді. Әрбір суреттің көрсетілу уақыты 3
секунд. Суреттердің барлығы көрсетіліп біткеннен кейін, суреттегі заттардың бейнесін
балалар есте қайта жаңғыртады.