131
кейде ойынға айналып кетедi, бiреуiн бiреуi итерiп, бiрiне-бiрi
аяқтарын тосады, т.с.с. Мұғалiм жұмыстың алғашқы жарым
сағатында-ақ қайсы бiреуiн соғып та үлгередi, бiрақ онымен
тәртiп орнай қоймайды. Бұл жерде оқушылар мұғалiмнiң қолынан
ештеңе келмейтiнiн әбден бiледi: дала жағдайында олардың бәрiн
көзден таса қылмай отыруға бола ма?
Мiне, қаралатын нысанға да келдiк. Оқушылар үймелеп тұр.
Ұсақ балаларды ығыстырып жiберiп, ересектерi iлгерi шығып
тұр. Артқылар мұғалiмнiң көрсетiп тұрғанын көре алмайды,
сондықтан оларға көңiлсiз, олар ойынға айнала бастайды. Артта-
ғылардың ойыны жұмысқа ынталыларға, көбiнесе мұғалiм дерге
бөгет жасайды.
Мұғалiм түсiнiк берудi аяқтап, тапсырмалар бере бастай-
ды. Бiрақ арттағыларға бастан-аяқ қайта түсiндiру керек. Бұл
жұмысқа бөгет келтiрiп, мұғалiмнiң жұмыс iстей бастағандарына
көмектесуiне кедергi жасайды.
Экскурсия аяқтала бастаған кезде бұдан да жаман болады.
Оқушылардың жұмыстан әлдеқашан көңiлi қалған бiр бөлiмi бұта
тасасына барып, өз қызығы өзiнде болып, экскурсиядан қалып
та қояды. Шаршап бiткен мұғалiм олардың қалып қойғанын да
байқамайды. Олар үшiн кейiн мұғалiм қанша әуре болады десе-
ңiзшi. Амал қанша, жұмыста мұндай жағдайлардың кездесуі
сирек болмайды. Балалар жоғалған уақыттар да болған. Тiптi,
шомылып жүрiп суға кеткендер де болған. Мiне, бұлар тәртiптiң
жақсы болмағандығы.
Достарыңызбен бөлісу: