О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Материалдарды экскурсиядан кейiн талқылау



Pdf көрінісі
бет48/69
Дата08.09.2023
өлшемі4,9 Mb.
#106678
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69
Байланысты:
dokumen.pub 9786010400351

8.3. Материалдарды экскурсиядан кейiн талқылау 
Әрбiр жақсы өткiзiлген экскурсиядан жиналатын материал-
дардың көптiгi сонша, тiптi, оларды бiр сабақта талқылап үйрену 
мүмкiн емес. Экскурсияда оқушылар, көз мөлшерлi съемка жасау 
практикасын санамағанда, iлгерiде толып жатқан тақырыптарды 
(жер бетiнiң формасы, жер астындағы су, ағын су, көл, көкжиек) 
өткенде қажет болатын нақтылы бiлiмдерге ие болады. 
Бiздiң бұл айтып отырғанымыз алдын ала өткiзiлген, яғни 
тақырып әуелi сыныпта оқылғаннан кейiн өткiзiлген экскурсия. 
Мұндай экскурсиядан басқа, қорытынды мазмұнды экскурсия 
да болуы ықтимал. Мысалы, мұғалiм көктемгi экскурсиялар-


132
да оқушыларды көктемгi сулардың ағуы, сайлардың ұлғаюы, 
өзендердiң тасуымен таныстырады. Осы айтылған тақырып-
тар дың бәрi де сыныпта өткiзiлгенімен, «дала» материалы оқу-
шылар үшiн жаңа және өте қызықты болады. Оқушылар тек 
осы далада ғана судың сайды қалай қазып кететiнiн, төгiндiнiң, 
су жайылымының қалай шығатынын анық түсiнедi. Осындай 
тәжірибе үстiнде жиналған түрлiше жазу, сурет, съемка, тiлiндiлер, 
коллекциялар секiлдi материалдар кейiн мектепте талқылауды 
қажет етеді. Тағы сол көктемгi экскурсияда оқушылар өзен 
аңғарын да, көлдердi де, төбелердi де, жазықтарды да қайтадан 
қарап шығады. Бұл тек қайталау ғана болып табылмайды. Ұшы-
қиыры жоқ алуан түрлi құбылыстарды оқушылар ендi мүлдем 
басқаша қабылдайтын болады. Бiр өзендi ондаған мәрте көрсе 
де, экскурсия басқарушы одан әрқашан жаңа материалдар таба 
бередi. Көктемде, әсiресе оқу аяқталып келетiн жазғы уақытта, 
материалды қалай талқылауға болады. 
Оның екi жолы болуы мүмкiн: үйiрмелер жұмысы және көр-
ме ұйымдастыру. Географтар үйiрмесi экскурсиядан кейiн кешiк-
тiрмей экскурсияның материалдарын өңдейдi, зерттелген жердiң 
планын және маршурт планын сызып, суреттердi, фотоға түсiрiл-
ген көрiнiстердi, жазуларды тәртiпке келтiрiп, өткiзiлген экскур-
сияға көрме жасайды. Көрменiң экспонаттары карталар (план дар), 
тiлiндiлер, суреттер, коллекциялар және суреттемелер болады. 
Маршрут тәртiбiмен орналастырылған материалдарды көр-
генде, оқушылар экскурсияда көргендерiн тағы бiр рет ойларына 
түсiредi. Шығып сөйлеген баяндамашылар маршруттық картада 
белгiленген әрбiр пунктте iстелген жұмыстар туралы баяндайды. 
Бұл өзiнше бiр «естегiлер таңы» болып шығады. Оқушылар экс-
курсияны өте жақсы көредi, сондықтан олар экскурсияға барғанда 
кездескен әрбiр ұсақ-түйектiң өзiн көңiлденiп естерiне түсiредi. 
Көрмеден кейiн барлық материал желiмделiп, дәптерге тiгiледi. 
Дәптердiң сыртында тиiстi жазу болады. Мысалы, 5-сыныптың 
пәлен жерге барған экскурсиясы (жылы, айы, күнi). Ондай 
дәптерлердiң мектеп үшiн зор маңызы болатынын айтудың керегi 
де жоқ болар. 
Бiрақ бұл дәптерлер, үйiрме жұмыстары және көрмелер тура-
лы iлгерiде сөз болады. Ал бұл жерде экскурсиядан соң матери-


133
алды қайткенмен де талқылау керек екенiн, әсiресе экскурсиялар 
қорытынды экскурсиялар болса, солай iстеу қажет екендiгiн атап 
көрсеткiмiз келедi. 
Алыс экскурсия экскурсиядан соң материалды талқылауды 
өте қажет етеді. Алыс экскурсиядан соң материалды жақсылап 
талқылағанда, одан экскурсияның маңызы 50 пайыздан аса арта-
ды десек, асыра сөйлеу болып шықпайды. Экскурсия материал-
дарын талқылау нәтижесiнде география кабинетiнде өлкетану 
жөнiндегi географиялық материал бiртiндеп көбейе бередi. Өлке-
тану жұмысын кеңiнен өрiстете түсу үшiн қажеттi материалдар 
сол экскурсиялардан алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет