О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Мектептiк өлкетану деп бiз ненi айтамыз?



Pdf көрінісі
бет58/69
Дата08.09.2023
өлшемі4,9 Mb.
#106678
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69
Байланысты:
dokumen.pub 9786010400351

Мектептiк өлкетану деп бiз ненi айтамыз? 
Өлкетануға 
арналған әдебиеттерде өлкетану дегеннiң өзi не екенi туралы 
кезiнде талас аз болған жоқ. Авторлардың кейбiреуi өлкетануды 
өз өлкесiн зерттеуге арналған пән ретiнде қарастырды. Кейбiр 
авторлар оны, социалистiк құрылысқа көмектесу мақсатымен, өз 
өлкесiн барлық жағынан қамти және терең зерттеуге бағытталған 
кең өрiс алған қоғамдық қозғалыс ретiнде қарастырды, т.с.с. 
Өлкетануды тек физикалық географияны оқыту iсiнде қол-
дану жөнiнде сөз болатын бiздiң жағдайымызда өлкетану мәсе-
лесi оңай шешiледi. Бiзге өз өлкемiздiң физикалық географиясын 
оқып үйренуiмiз қажет, бiрiншiден, ол айнала төңiрегiмiздi бiлу, 
түсiну үшiн, екiншiден, өз өлкемiздiң географиялық объектiлерiн 
оқып-үйрену арқылы басқа жерлердiң де және бүкiл жер шарының 
да физикалық географиясын жақсы ұғыну үшiн керек. Сөйтiп,
бiздiң бұл жағдайымызда бiз өлкетану деп, ата латындардың 
iшiнен аз ғана бөлiмiн аламыз. Өз өлкемiздiң гео графиясын оқы-
ғанда, басқа да географияларды оқығандай, оны практикалық 


151
өмiрмен тығыз байланыстыра оқып-үйренетiндiгiмiз өзiнен-өзi 
түсiнiктi. 
Педагогикалық әдебиетте көп талас туғызған екiншi бiр 
мәселе – «Өз өлкемiз» дегендi қалай түсiну керек деген мәселе. 
Авторлардың кейбiреулерi өз өлкемiз деп оқушының өзi тiкелей 
көре алатын және зерттей алатын белгiлi бiр жердi есептегiсi 
келедi. Басқа бiреулерi өлке дегендi географиялық кең бiр 
әкiмшiлiк өлке немесе облыс деп түсiнедi. 
Бiздiң алып отырған жағдайда мұның да онша маңызы жоқ. 
Бiз өлкетану материалдарынан өз жұмысымызға керегiн, яғни 
физикалық географияны тереңiрек оқып-үйренуге қажет тiсiн 
алып, соны пайдаланамыз. Бiз үшiн географиялық материалдар-
д ың ең маңыздырағы өзiмiз тiкелей көре алатын материалдар 
болады. Алайда бiз өз өлкемiздi тұтас бiр әкiмшiлiк немесе гео-
графиялық аудан деп қарағанда, олардың бере алатын геогра-
фиялық қандай материалдары болса да пайдаланатын боламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет