О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет60/69
Дата08.09.2023
өлшемі4,9 Mb.
#106678
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69
Байланысты:
dokumen.pub 9786010400351

Мұғалiмнiң дайындалуы
Физикалық географияның әдісте-
ме лік курсында бiз өз жерiнiң географиялық объектiлерiнiң бәрiн 
түгел зерттеу және оны оқыту iсiнде пайдалану әдiсi туралы айта 
алмаймыз. Бiрақ азды-көптi түсiнiк беру мақсатымен бiр мысалға 
болса да толығырақ тоқталуымызға тура келедi. Мысалы, үшiн 
бiз өз жерiмiздiң рельефiнiң формасын оқып-үйренудi аламыз. 
Жер бетiн сипаттау дегенiмiз мына жағдайлардан көрiнедi:
1. Жер бедері көрiнiсiн тыңғылықты және айқын көрсете бiлу. 
2. Жер бедері қандай жыныстардан құралғанын көрсету. 
3. Жыныстардың қалай орналасқанын көрсету. 
4. Бұл жыныстардың және ол рельефтiң қалай және қандай 
жағдайда пайда болғандығын көрсету. 
5. Осы күнi рельефке қандай факторлар ықпал етiп тұрған ды-
ғын анықтау. 
6. Болашақта рельефте қандай өзгерiстер болуы мүмкiндiгiн 
болжау. 
Рельефтi осылайша зерттеу үшiн оқушылар кiтаппен және 
мұғалiмнiң әңгiмесiмен ғана қанағаттанып қоймай, бiр ауданды 
немесе бiр жердi сол табиғи орында зерттеуi қажет. Сол мектеп 
мұғалiмнiң өзi тұратын оқушылармен бiрге экскурсия өткiзуiне 
болатын жер сондай жер болып табылады. 
Жердi табиғи орында зерттеу оңай жұмыс емес, бiрақ ол өте 
қызықты мәселе. Оның өте қызықты жағы, оқушылар басшылар-
мен қоса өздерi зерттеушi болып шығады. Анығында, олардың 
алдына қойылған мәселенiң бiр жердi зерттеуге бара жатқан 


153
географтың алдына қойылған мәселеден өзгешелiгi аз. Мұндағы 
зерттеушi-географтан өзгешелiк тек оқушылардың жұмысты өз 
мұғалiмінiң басшылығымен iстеуiнде ғана. 
Мұғалiмнiң мiндетi жоғарыда айтылғандай, ең алдымен, өз 
жерiн зерттеу болып шығады. Зерттеушiлердiң қайсысы бол-
са да өз бетiмен зерттеуге кiрiсер алдында ең әуелi сол жер ту-
ралы бұған дейiн мәлiм болған жағдайларды жақсы бiлiп ала-
ды. Мұғалiм де осылай етуi керек. Өлкетану мұражайлары бар 
қалаларда бұл жұмыс бiрсыпыра жеңiлдейдi. Мұражайда мұғалiм 
қажеттi карталарды да, әдебиеттердi де, коллекцияларды да таба-
ды және оған көмектесетiн сол жердi жақсы бiлетiн адамдарды 
да жолықтыра алады. Оның үстiне бiрсыпыра iрi қалалар тура-
лы сол қаланың маңында өткiзiлген экскурсиялардың маршруты 
көрсетiлiп, әдейi жазылған брошюралар және кiтаптар да болады. 
Өлкетану мұражайы да осы өлкенiң табиғатына арналып жа-
зыл ған кiтабы да жоқ қалаларда iс жағдайы едәуiр ауырлайды. 
Сондай бiр жағдайға толығырақ тоқталамыз. 
Өз өлкесiн зерттеу жұмысына жаңа кiрiсiп отырған мұғалiм, 
ең алдымен, сол өлке жөнiнде азды-көптi хабары бар, өлкетану 
iсiмен шұғылданып жүрген жергiлiктi адамдарды бiлiп алуы ке-
рек. Олардан мұғалiм көп қызықты жағдайлардан дерек алып, 
өлкетану туралы материал жинау жұмысына кiрiседi. Сонымен 
қатар мұғалiм өлкетану туралы кiтаптарды да қарастырады. 
Ондай кiтаптардың ең пайдалырағы туған өлке жайындағы 
кiтаптар. Мұғалiм көптеген өлке тануға арналған әдебиеттердi 
пайдаланып өз өлкесiнiң физикалық-географиялық сипаттама-
ларын қанағаттанарлық түрде құрастырып, геология, геоморфо-
логия, климат, су, топырақ, өсiмдiк жөнiндегi карталарын сызып 
алуына болады. Мұғалiмнiң өз ауданының бұл өзi жазған физи-
калық географиясы оған талай рет үлкен пайда тигiзетiн бола-
ды. Географиялық осындай сипаттамалар жасау мұғалiмнiң өз 
ауданының географиясы туралы бiлiмiн жаңғыртатынын, кеңей-
тетiнiн және нығайтатындығын айтпасақ та болады. 
Бiрақ бұл тек алғашқы қадам ретінде саналады. Мұға лiм-
нiң зерттейтiн жерi сол ауданның геологиялық және геомор-
фологиялық картасында тек бiр кiшкене ғана нүкте. Бiрақ бұған 
қымсынбау керек. Ол нүктенi, өз ауданының геологиясы және 


154
геоморфологиясы мен жалпы танысқандығы бiлiмiне сүйене 
отырып, ендi мұғалiм өзi зерттеп шыға алады. Өз жерiн табиғи 
орнында зерттеуге қалай кiрiсуге болады. Бұл жөнiнде жалпы 
бiр пiкiр, бiр түрлi рецепт жоқ болуы да мүмкiн емес. Өйткенi 
бiздiң ұлан байтақ елiмiздiң жер бетiнiң сипаттары алуан-алуан 
түрлi болып келедi. Алайда зерттеудiң кейбiр жолдарын ұсынуға 
болады. Бiздiң ойымызша, мұғалiм ең әуелi өзi қызықты-ау деген 
жерлердi аралап, мұқият қарап шығып, ол жердiң құрылысын, 
рельефтi қандай негiзгi факторлардың ықпалымен түзiлгенiн 
түсiнуге талап етiп көруi керек. 
Мұғалiм жер бетiнiң негiзгi сипаттарын бiлiп алғаннан 
кейiн өзiне тән ерекшелiктерi айқын байқалып, көзге түсетiн бiр 
бөлiгiн таңдап алады да, оны ұқыптап зерттейдi. Сонда мұғалiм 
ол бөлiктiң рельефiнiң сипатын жете түсiнiп алуға, ол рельефтiң 
пайда болу себептерiн ұғынуға тиiс және оқушылармен өткiзетiн 
алғашқы экскурсиялардың маршруттарын сол жердiң өзiнде ша-
малап тағайындауға тиiс. Барлық бөлiктер толық түсiнiктi бо луын 
күтудiң қажетi де жоқ. Ең бастысы, оқушылармен экскурсиялар 
немесе ең болмағанда бiр үлкен экс курсияға қажет материал табу. 
Алғашқы экскурсия жағала рында жер құрылысын сипаттарлық 
жалаңаштанып қалған жерлерi, террасалары, су жайылымы, сала-
лары және тасқын судың әсерiнен пайда болған сайы бар өзеннiң 
немесе өзеншенiң аңғары қолайлы болады. 
Экскурсияның маршрутын және жоспарын мұқият жасап 
алған соң мұғалiм оқушылармен бiрге экскурсия өткiзiп, қажеттi 
материалдар (тау жыныстарының коллекцияларын, жалаңаш-
танып қалған жерлердiң суретiн, фототүсiрiлiмдер, т.б.) жинай-
ды. Экскурсиядан соң материалды талқылау нәтижесiнде экс-
курсия жоспарына түзетулер, дәлелдеулер енгiзуге, кейде, тiптi, 
оның маршрутын өзгертуге де тура келiп қалуы мүмкiн. Одан 
қорқудың қажетi жоқ. Тәжiрибе қашан да болса жаңа мәселелер 
туғызып, болған қателiктердi ашып отырады, жалпы алғанда, 
iстi кемелдендiреді. Бұдан кейiнгi экскурсиялардың маршрут-
тары мен жоспарлары да осылайша жасалады. Мұнда тек мар-
шруттарды көбейте берудiң қажеті жоқ екендiгiн естен шығармау 
керек. Оншақты маршрут белгiлегеннен, екi-үш маршрутты 
жақсылап белгiлеген артық. Көздеген мақсатты жүзеге асыруға 


155
қажеттi және соған тән барлық жағдайлардың маршруттарда 
қамтылуына назар аудару керек. Экскурсияның жақсы жасалған 
маршруты, жақсы жасалған жоспары деп бiз артық, бос жүрiс 
тiлемейтiн, ерекше қиындықтарға ұшыратпайтын, жұмыс екi-үш 
сағат iшiнде бiтетiндей етiп жасалған, жақындап баруға болатын, 
жақсы түсiнiктi объектiлерi бар маршрут пен жоспарды айтамыз. 
Экскурсиялар туралы айтылғандардан (экскурсияға дайындық, 
оны өткiзу және экскурсиядан кейiнгi талқылау) мұғалiм өз 
өлкесiнiң жер бетiн, формасын жақсы зерттеп шығатыны, сонан 
соң ол бiлiмiн оқушыларға беретiнi ашық көрiнедi. 
Өзiнiң туған жерiн зерттеп бiлуге оқушыларды ынталандыра 
бiлу, олардың бақылағыштығын дамытатындығын, өзiнiң туған 
жерiне деген сүйiспеншiлiгiн арттыратындығын айтпағанның 
өзiнде, ол оқушылардың жалпы физикалық географияның не-
гiз дерiн игеру iсiнде аса құнды табыстарға жеткiзедi. Табиғатқа 
экскур сия жасау жұмысын жылдың тек жылы мезгiлдерiнде ғана 
орындауға болады, ал өлкетану материалын жылдың барлық 
мезгiлiнде де пайдалануға тура келедi. Сондықтан геологиялық, 
геоморфологиялық материалдарды белгiлi бiр тәртiпке келтiрiп, 
қалыптастыру керек. Бұл жерде ең маңызды мәселеге тоқталып 
өтелiк: ең алдымен, дайындап және сұрыптап алатын нәрсе – 
ауданның карталары геологиялық тiлiндiлер мен профильдер
сондай-ақ жалаңаштанып қалған жерлердiң суреттерiн салып 
алу, фотоға түсiру және жер бетi формаларының суреттерiн са-
лып, олардың астына тиiстi сөздердi жазу және түсiнiктер беру. 
Экскурсиялардың маршруттары мен объектiлері көрсетiлген 
карталардың болуы да пайдалы. 
Ақырында, ол жердiң рельефiн құрастырып, оған ерекше тән 
болатын барлық жыныстардың және сол жерде өндiрiлетiн неме-
се өндiрiлуi мүмкiн барлық пайдалы қазбалардың, коллекциялар-
дың болуы қажет. Үлгi ретiнде алынған әрбiр «паспорты», яғни 
сол жыныстың аты, уақыты және орны көрсетiлiп жазылуға тиiс. 
Егер барлық экспонаттарды орналастыруға болатын қалқан 
болмаса, онда барлық жиналған материалды сақтау шарасын 
көздеу қажет. Әртүрлi чертеждар мен суреттердi папкаға салып, 
ал көлемдi экспонаттарды тиiстi жәшiктерге, қораптарға, ең 
жақсы сы әйнектi витриналарға сақтаған жөн. 


156


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет