32
Келесі бөлімдерде қазақ тілінің үндесім дыбыстарының талданымы
өз алдына, үйлесім (ассимилятив) дыбыстарының талдауы өз алдына
беріледі.
Атаулар:
- фонетика
– тілдің дыбыс жүйесін
зерттейтін тілтаным саласы;
- акустикалық (айтылым) фонетика
– дыбыстар мен сөз ора-
лымдарының физикалық табиғатын зерттейтін тілтаным саласы;
- артикуляциялық (жасалым) фонетика
– тіл дыбыстарын жа-
сауға қатысатын сөйлеу мүшелерінің қозғалысын талдайтын фонетика
саласы;
-
перцепциялық (естілім) фонетика
– тіл дыбыстарының түй-
сінім сипатын талдайтын фонетиканың саласы;
- сингармонизм (үндесім)
– буын не
сөз құрамындағы дыбыс-
тардың бастан-аяқ бір әуезбен айтылуы;
-
езулік
– еріннің жазылып барып жасалуы;
-
тіл үндестігі
– буын не сөз құрамындағы дыбыстардың тілдің
көлденең қалпына қарай (жуан/жіңішке)
өзара икемделуі;
- еріндік
– еріннің сүйірленіп немесе дөңгеленіп барып жасалуы;
- ерін үндестігі
– буын не сөз құрамындағы дыбыстардың ерін
қатысына
қарай өзара икемделуі;
- ассимиляция (үйлесім)
– көрші дыбыстар жасалымының
бір-біріне өзара икемделуі;
- дыбыс
– ауыз қуысында жасалып (жасалым), ауа арқылы тарап
(айтылым), құлақ арқылы қабылданатын (естілім) фонетикалық бірлік;
- ашық дыбыс
– жақтың кең ашылып, тілдің ауыз қуысында
төмен жатуы
арқылы жасалатын дауысты дыбыс;
- қысаң дыбыс
– жақтың қысаң ашылып, тілдің ауыз қуысында
жоғары жатуы арқылы жасалатын дауысты дыбыс;
- монофтонг (жалаң)
–
бастан
-
аяқ біркелкі дыбысталатын дауы-
сты дыбыс;
- дифтонг (құранды)
– бір (толық немесе жартылай) дыбыстан
басталып, екінші (толық немесе жартылай) дыбыспен аяқталатын
дауысты дыбыс;
33
- дифтонгоид
– солғын дыбыстан басталып, екінші толық немесе
анық дыбыспен
аяқталатын дауысты дыбыс;
- аффрикат (жабысыңқы)
– тоғысыңқы/жуысыңқы немесе жуы-
сыңқы/тоғысыңқы жасалу тәсілдері өзара кірігу арқылы жасалатын да-
уыссыз дыбыс;
- дауыссыз
– 1) Өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергі-
ге ұшырап шығуы нәтижесінде жасалады. 2) Дауыссыздардың жасалы-
мына дауыс желбезегі толық қатыспайды: үн (үнді дауыссыздар), ызың
(ұяң дауыссыздар) мен шудың (қатаң дауыссыздар) қатысуымен жаса-
латын дыбыстар (дауыстыларға қарама-қарсы). 3) Дауыссыздар буын
құрай алмайды. Дауыссыздар жүйесі лингвистика ғылымында консо-
нантизм деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: