Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


у  таңбасының дыбыс мәні латын әліпбиінің құрамын- дағы  w



Pdf көрінісі
бет35/224
Дата08.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#106765
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   224
Байланысты:
Жүнісбеков

у 
таңбасының дыбыс мәні латын әліпбиінің құрамын-
дағы 
w
әрпімен белгіленіп отыр. Өйткені қазақ тілінде 
ерін-еріндік, 
жуысыңқы, үнді
дауыссыз бар. Ол дауыссыз халықаралық практикада 
осы таңбамен беріледі (ондай дыбыс ағылшын тілінде де бар, ағыл-
шын тілінде сауаты өсіп келе жатқан жас ұрпақ оны тез аңғарып, жеңіл 
қабылдайды). Ал орыс тілінде ондай дауыссыз дыбыс жоқ. Олардың 
Көкшетау
дегенді 
Көкчетав
деп өз тіліндегі 
тіс-еріндік, жуысыңқы, 
ұяң в
дауыссызымен алмастыратындығы сондықтан. Қазақ тіліндегі 
дауыссыз 
у
мен орыс тіліндегі дауысты 
у
дыбыстары естілім ұқсас- 
тығына қарап өзара шатастырылып жүр. Тіптен 
и
мен 
у
әріптері (ды-
быстары емес), жоғарыда айтқандай, өз алдына «фонема» делінеді. 
Оны қазақ тілінің дамуы деп түсіндіруге тырысушылық та жоқ емес.
Өкінішке қарай, орыс тілінің емле ережесі арқылы қазақ тілінің 
төл сөздерінің жазылымына енген 
и, у, я, ю
таңбаларының (дыбыста-
рының емес) әрқайсысын өз алдына дербес дауысты дыбыстар деп қа-
былдау бар. Өйткені оқу бағдарламалары мен оқулықтар түгелдей осы 
ережені құптап отыр. Қазақ тілі дыбыстарының құрамына зорлықпен 


50
енгізіліп отырған «дауысты дыбыстардың» жөнін табу үшін олар «да-
уыстыдан кейін дауыссыз болады, дауыссыздан кейін дауысты бола-
ды» деген жартыкеш ереже қабылданды.
Кез келген жазу тілдің ішкі өзіне тән құрылымы мен табиғи ай-
тылымына зиян тигізбеу керек. Керісінше, тілдің әдеби айтылымының 
қорғанышы болу керек. Ол үшін:
1. Жазу сөздің дыбыс құрамын дәл бейнелегенде ғана дұрыс жазу
болады. Ендеше, қазақ жазуы қазақ сөзінің үндесім әуезін дұрыс көр-
сетіп отыру керек, басқаша айтқанда, жуан айтылатын сөздің таңбасы 
мен жіңішке айтылатын сөздің таңбасының арасында көрнекі айырма 
болсын.
2. Жазу қазақ сөзінің буын құрамын бұзбау керек. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет