Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет64/224
Дата08.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#106765
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   224
Байланысты:
Жүнісбеков

Үнді дауыссыз дыбыстар
Қазақ тіліндегі үнді дауыссыз дыбыстардың құрамы төмендегідей: 
М, Н, Ң, Р, Л, Й, У(w)
. Бұлар қазақ тіліне тән төл дауыссыз дыбыстардың 
қатарына жатады. 
Үнді дауыссыз дыбыстардың бәріне ортақ белгі – 
дауыстың мол 
қатысуы
. Басқаша айтқанда, үнді дауыссыз дыбыстардың жасалуына 
дауыс желбезегі мол (тербелімді) қатысады. Үнді дауыссыздардың басын 
қосып, ұйыстырып отыратын бірегей белгі дауыс желбезегінің мол 
тербелісі болып табылады. Сондықтан да олар жасалым (артикуляциялық) 
тұрғысынан 
тербелімді
дауыссыз дыбыстар деп аталады (көпшілік 
оқырманға естілім атаулардың қатарына жататын дәстүрлі 
үнді
атауы 
таныс болғандықтан, кейде екі атау қатар жүретін болады).
М
дыбысы (4.42-сурет)
М
дауыссыз дыбысы қос ерін арқылы жасалады. Жасалу орнына 
қарай 
ерін-ерінді
дауыссыз дыбыс болып табылады. 
М
дауыссыз 
дыбысы қос (астыңғы және үстіңгі) еріннің тоғысуы арқылы жасалады. 
Жасалу тәсіліне қарай 
тоғысыңқы
дауыссыз дыбыс болып табылады. 
М
дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни 
мол қатысады. Дауыс қатысына қарай 
үнді
(тербелімді) дауыссыз 
дыбыс болып табылады. 
Жасалым белгілері: 
ерін-ерінді, тоғысыңқы, үнді 
дауыссыз дыбыс.
Н
дыбысы
Н
дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы 
арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай 
тіл ұшы 
дауыссыз дыбыс 
болып табылады. 
Н
дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл 
иектің шегарасымен тоғысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне қарай 
тоғысыңқы
дауыссыз дыбыс болып табылады. 
Н
дауыссыз дыбысын 
айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол қатысады. Дауыс 
қатысына қарай 
үнді
(тербелімді) дауыссыз дыбыс болып табылады. 
Жасалым белгілері: 
тіл ұшы, тоғысыңқы, үнді
дауыссыз дыбыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет