Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет67/224
Дата08.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#106765
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   224
Байланысты:
Жүнісбеков

АҚ
ӘК
БАҚА
БӘКІ
АЙ
ӘЙ
ЖАЙА
ТІЙІН
АҢ
ЕҢ
ЖАҢА
ЖЕҢІЛ
ЖАҒА
ЕГІН
Үнді дауыссыздардың сингема және аллосингема мәртебесіндегі 
жұмсалым реті көрнекі көрсетілді. Сонымен қатар егер қазақ тілінің 
даму тарихында жаңа үнді дауыссыз дыбыс пайда болатын болса, онда 
ондай дыбыс үшкіл модельдің сыртында ғана болуы мүмкін. Ондай 
кезде қазақ тілінің үнді дауыссыз дыбыстарының құрамы мен жүйесі 
түгел өзгереді.
Қазақ тілі үнді дауыссыздарының толық көрнекі моделінің 
ішінен кез келген дауыссыздың өзге дауыссыздармен арасындағы 
айырым белгілерінің түрін анықтап, санын түгендеп беруге болады. 
Үнді дауыссыздардың моделі бүгінгі қазақ әліпбиіндегі төл үнді 
дауыссыздар мен кірме үнді дауыссыздардың басын ашып береді, 
модельге енген үнді дауыссыздар төл дыбыстар болады да, модельден 
орын табылмаған үнді дауыссыздар кірме дыбыстар болып табылады.
Қазақ тілі дауыссыз дыбыстарының жіктелімі
Дауыссыз дыбыстардың (4.4-кесте), әліпби тізімінің (4.5-кесте) 
және жасалым жүйесінің (4.6-кесте) толық кестелері арнайы беріліп 
отыр. Кестелерде дауыссыздардың жасалым белгілеріне қарай орнала-
сым реті көрсетілген.
4.4-кестеде қазақ тілінің әліпби тізіміне кірмеген, бірақ тілде бар 
ақиқат дауыссыздар түгел қамтылған. Ал 4.5-кестеде қазақ тілінің 
әліпби тізіміне енген дауыссыздар ғана жіктеліп отыр. 
Қазақ тілінің дауыссыз дыбыстары дауыс (дауыс желбезегінің), 
жасалу орны және жасалу тәсілінің қатысына қарай жүйеленеді.
Қазақ тілі дауыссыз дыбыстарының жіктелім белгілерінің жүйесін 
кестелеп көрнекілеуге болады (4.6-кесте). Егер жасалым белгі дауыс-
сызға тән болса, онда «бар (+)» деп таңбаланады, егер тән болмаса, 
онда «жоқ (-)» деп таңбаланады. Сонда дауыссыздардың арасындағы 
ортақ/айырым белгілері көрініп тұрады. Егер бір жасалым белгі бір не 
бірнеше дауыссызға тән болса, онда ол 
ортақ белгі
болады. Бір дауыс-
сызда бар, ал екінші дауыссызда жоқ белгі 
айырым белгі
болады.


102


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет