Өздеріңді тексеріңдер Оқушылар бөлім бойынша алған білімдерін қол-
данып, ғұн басшылары: Мөде, Чжи Чжи, Аттилаға
қатысты «Кім? Не? Неге? Қашан? Қайда?» деген
сұрақтарға жауап беру арқылы үш маңызды оқиғаны
еске түсіреді. Оқиғалар арасында байланыс орнатуға,
тұлғаларды не біріктіретіні туралы ойлануға тыры-
сады. Кесте толтыру кезінде Мөде шаньюй туралы
бағанды үлгі түрінде көрсетуге болады. Оқушылар
Мөде, Чжи Чжи, Аттила туралы бағандарды толты-
рып, ғұндарды біріктіріп, "аумақтың біртұтастығын
сақтау идеялары өзара ұқсас" деп айтуы мүмкін.
Бас- шы- сы Кім? Неге? Қашан? Қайда? Қалай? Мөде Ғұн
импери-
ясының
негізін
қалаушы
Біртұтас
ғұн
мем-
лекетін
құрғы-
сы келді
Мөде
шаньюй
ғұн
мем-
лекетін
б.з.д.
206
– 174
жыл-
дары
басқар-
ды
Ғұндар
Байкал
көлінен
Тибетке
дейін
және
Шығыс
Түр-
кістан-
нан
Хуанхэ
өзеніне
дейінгі
ау-
мақты
иеленді
Мөде
бастаған
ғұн әскері
Саян,
Алтай,
Жоғарғы
Енисей
өңірлері
тайпа-
ларын
талқан-
дап, жер-
лерін қо-
сып алды
Қосымша тапсырмалар 1. Тарау бойынша алған ақпараттар негізінде
оқушыларға шығармашылық жұмыстар беруіңізге
болады. «Ғұндар – қазақ халқының арғы атасы» деген
тақырыпта ой-толғау жазуды сұраңыз.
Критерийлері:
– сабақ барысында меңгерген білімдерін пайдала-
ну;
– оқиғалардың себеп-салдарын ажырата білу;
– өз ойын жинақты әрі нақты түрде білдіре алу.
2. Шығармашылық жұмыс. Оқушыларға бірнеше
нұсқаны ұсынуға болады:
1-топ: Ғұндардың қару-жарақтарының, атты
әскерінің немесе соғыс қимылының суретін салу.
2-топ: Ұлы Қытай қорғанының макетін құрастыру.
Топтар жұмыстарын таныстырып, бірін-бірі баға-
лайды, өзіндік ой-қорытынды жасайды.
3. Кейбір оқушылар тарау бойынша алған ақпарат-
тары негізінде Аттила туралы шығармалардың кем
дегенде біреуімен танысады.
4. Ақпараттық органайзер оқушының алған факто-
логиялық білімін тексеруге көмектеседі. Оның мазмұ-
нын тақырыпқа сай өзіңіз бейімдей аласыз. Мысалы,
негізгі жылдар, шайқастар, тұлғалар, географиялық
атаулар, шайқастардың нәтижелері және т.б.
5. Белгілі бір тақырып бойынша постер жасау үшін
мынадай критерийлерді басшылыққа алу қажет:
– көрсетілетін тақырып нақты әрі өзекті болуы
тиіс;
– негізгі идеялар ықшамдалып, оған сәйкесінше
дәйектер келтіруі тиіс;
– сөздер, сөйлем мөлшері шектеулі болуы тиіс;
– тақырыпқа сай иллюстрациялар/тірек-сызбалар/
инфографика бейнеленуі тиіс.
6. Зияткерлік карта ойды жүйелеуге, қорытынды-
лауға қолдау көрсетеді. Оның басты идеясы – әртүрлі
ойлардың қаншалықты бір-бірінен өрбіп шығатын-
дығын көрсету. Зияткерлік картаны жасау критерий-
лері:
– көрнекілік;
– негізгі ойлардың анықталуы;
– оқиға желісінің ретімен өрбуі;
– тиісті мәліметтердің/фактілердің болуы;
– зияткерлік картаның тілі түсінікті, ақпараты нақты,
жеңіл оқылатын болуы тиіс.