Ғұндар туралымәліметтер 1. Л. Гумилев»: Аттила әскерінің құрамында ғұн-
дардан басқа бастарндар, скирлер, остготтар, гепид-
тер, геруглдер, ругтар, алемандар, франктар, бургунд-
тар, тюрингтер болды».
2. Иордан: «Ғұндар жеңімпаз қолбасшыларын
жартылай құдай ретінде мойындады... Оның даңқы
таңғалдыруға лайық».
3. Вегеций: «Ғұн арғымақтары суық пен аязға
төзімді болды. Көп күтімді қажет етпейтін».
4. П. Корнель: «Аттила есімі әйгілі. Ол айлакер-
лікпен жеңістерге жеткен. Жауының күшін бөлшек-
теуге тырысқан. Алдымен әлсіз қарсыласына шабуыл
жасап, жойып жіберіп отырған. Мұны көрген күшті
қарсыласы соғыса алмаған. Қатал әскери тәртіп ор-
натқан».
5. Г. Вернадский:» «Аттила шайқас кезінде аяу-
сыз болғанымен, табиғатынан жауыз болған емес».
«Константинопольмен келіссөз бастаған Аттила бірін-
ші кезекте соғыс емес, бейбітшілік орнатуға ұмтыл-
ды».
Каталаун шайқасы. 451 жылы Аттила әскері
Римдік Галлияның Орлеан қаласын қоршайды. Орле-
анға Рим мен вестготтардың біріккен әскері көмекке
келеді. Екі күнге созылған шайқас Каталаун даласын-
да өтеді. Кескілескен шайқаста Вестгот королі І Теодо-
рих және екі жақтан көп адам қаза болады. Каталаун
шайқасының нәтижесі пікірталастар тудыруда. Екі
жақ та жеңіске жетпей, шегінуге мәжбүр болды.
Сабаққа қатысты ескертпелер Сабақта тақырып бойынша деректермен және
өнер туындыларымен жұмыс ұсынылады.
Сабақтың басында тақтадағы Аттиланың суретінің
жан-жағынан 5 жебе сызыңыз. Оқушыларға: "Еу-
ропада осыншама ұлан-ғайыр империя құру үшін
Аттилада қандай ерекше қасиеттер болуы қажет?"
деген сұрақ қойыңыз. Өткен тақырыппен байла-
нысты бір-бірінің жауаптарын толықтырып отыруын
қадағалаңыз. Аттиланы сипаттайтын 5 ерекше қаси-
еттерін 5 жебеге жазуды сұраңыз. Оқушылар атаған
қасиеттердің ішінен ең маңыздысын таңдап алып,