5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет255/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Себебін анықтаңдар
Бұл тапсырманы орындау үшін, оқушыларды топ-
тарға бөліңіз. «Не себепті ежелгі дәуір адамдарының 
кәсіптері мен шаруашылықтары өзгеріске ұшы-
раған?» – деп сұраңыз. Топтарға зияткерлік карта 
арқылы түсіндіру керек екенін сұраңыз. Постерлерді 
сынып қабырғасына іліп қояды. Әр топтан бір спи-
кер топ жұмысын қорғайды. Қалған топтар тыңдай-
ды. Спикер жұмысты қорғап болған соң: «Сендер 
келісесіңдер ме?" – деп басқа топтардан сұраңыз.
Келесі топтардан келіспейтін оқушы немесе толықты-
рамын деушілер болса, қол көтеріп айтуын сұраңыз. 
Осылай барлық топ өз жұмыстарын қорғап шығады.
Жауаптары. 
Қола дәуірінде мал шаруашылығы қа-
лыптаса бастады. Уақыт өте келе, ерте темір дәуірінде 
ауа райы күрт өзгеріске ұшырайды. Енді бұрынғыдай 
егін егу тиімді болмай қалды. Себебі, жауын-шашын 
аз жауып, қуаңшылық пайда болды. Мұндай жағдай-
да адамдар шаруашылықтың жаңа тәсілі – көшпелі 
мал шаруашылығына көшті. Адамдар жылқы, түйе, 
сиыр, қой асырады. Мал жайылымына байланысты 
көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы шару-
ашылық түрлері қалыптасты.
3-тапсырма
Сынып тақтасына жазылған "көшпелі, адамдар, 
азық, кәсібі, шаруашылық, мал, егіншілік» деген тірек 
сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастыруды оқушы-
ларға тапсырыңыз. Бұл тапсырманы оқушылар жеке 
орындайды. 
Жауаптары. 
Ежелгі адамдардың 
кәсібі
терімшілік 
болған. Олар шөптің тамырларын, құстың жұмыртқа-
сын және жеміс-жидектерді 
азық
етті. Темір дәуірінде 
Қазақстан аумағында дамыған 
шаруашылық
түрі – 
көшпелі
мал
шаруашылығы болды. Сонымен бірге 
тайпалар қосымша 
егіншілікпен
де айналысқан.
Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылар: сабақта берілген жинақтаушы тапсы-
рмалар арқылы жыл бойы алған білімін еске түсіріп, 
ойларын жинақтайды. Оқушыларға алдын ала жеке 
топтық бағалау критерийлерін ұсыныңыз. Оқушы 
тапсырманы критерий бойынша дәлелдеуі керек.
Үлгі: 
Критерийлер
Менің 
баға-
лауым
Топты 
баға-
лау
Мұға- 
лімнің 
баға-
лауы
Мен топ жұмысына өз 
үлесімді қостым
Мен 
сыныптастарымды
тыңдаймын, 
ұсынысын қабылдай 
аламын
Мен өз ойымды 
түсіндіріп, нақты
дәлелдер келтіре 
аламын
Мен жаңа идеяларды 
ұсына аламын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет