5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет253/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Қосымша тапсырмалар
1. Кейбір оқушылар жаңа тақырып мазмұнын жүй-
елеп, сызбаға жазады.
2. Оқушылар жұппен темір дәуірі тайпаларының 
тұрпаттық өзгерістерге ұшырау себебін анықтап, та-
рихи байланыстарды дәлелдейді. Бұл тапсырманы 
ұйымдастыру үшін оқушылар, алдымен, өзгерістерді 
атайды. Бұдан соң моңғолоидтық белгілердің күшею 
себептерін анықтайды. Соңында себептерді өткен 
білімдері бойынша негіздейді.
Жауаптары. 
Темір дәуірі тайпаларының тұрпаттық 
өзгерістерге ұшырау себептері: табиғи-географиялық 
жағдай, тайпалардың қоныс аударуы, түрлі халықтар-
мен араласу нәтижесіндегі ассимиляция.


162
7-тарау.
 
Ежелгі Қазақстан тарихына шолу
7.2
Ежелгі Қазақстанға саяхат (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау;
5.4.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен 
егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру; 
5.4.2.1 еңбек құралдары мен қару түрлерін 
сипаттау. 
Тірек сөздер
эволюция
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Мыңжан Нығымет. Қазақтың көне тарихы. – 
Алматы, 1993.
3. Ежелгі Қазақстан: «Қазақстан балалар энци-
клопедиясы» топтамасы. – Алматы: Аруна, 2011.
4. Жанайдаров О.К. Көркемсуретті Қазақстан 
тарихы. I том. – Алматы: Қазақстан энциклопеди-
ясы, 2006.
Оқулық: Ежелгі Қазақстанға саяхат, 
162-163-бет.
Сабаққа дайындық
Сыныптағы топ санына байланысты ватман қажет. 
Сабаққа байланысты деректі 
материалдар
Тас дәуірінде aдамдаp шөп тaмыpларын, құстар-
дың жұмыртқаларын, aғаш баcында өcіп тұpған 
жeміс-жидектepді тepіп, қоpек eткен. Сoнымен 
қатap адамдap aң aулаумeн дe aйналыcқан. Aңшы-
лар шoқпар, нaйза жәнe үшкіp тac құpaлдарын 
пaйдалaнған. Ежeлгі адамдap жыpтқыш аңдаpдан 
қopғану үшін, тoптaсып өміp сүpді. Oлар таудaғы 
үңгіpлер мeн биік тaу шaтқалдapын бacпана peтін-
де пaналaған. Тoптасып өміp сүpу – түpлі қиын-
дықтapды жеңугe мүмкіндік берді. Ежелгі адамдap 
аң теpілерінен киім киді, оны төceніш eтті. Жыpтқыш 
аңдap жoлaмас үшін үңгіp aузына oт жaғып қoйғaн. 
Aлғашқы eңбек құpaлдарының пaйда бoлуы қoлдың 
жетіліп, мидың дaмуына әcер eтті. Археологиялық 
деректерден қола дәуірінде андрондықтардың, не-
гізінен, отырықшылық өмір сүргенін білеміз. Олар 
өзен, көлдердің жағасын мекендеген. Ерте темір 
дәуірінде климаттың күрт өзгеруіне байланысты 
тайпалар бір орыннан екінші орынға көшіп қонуға 
мәжбүр бола бастады. Осылайша көшпелі, жар-
тылай көшпелі мал шаруашылығы пайда болды. 
Көшпелі мал шаруашылығына байланысты ірі қара 
азайып, ал жылқы мен қойдың саны көбейді. Бұл 
дәуірде тайпалық одақтар құрылып, алғашқы мем-
лекеттердің пайда болуына алғышарттар қалыпта-
сты. Тайпалар алыс-жақын мемлекеттермен сая-
си-экономикалық байланыстар орнатты. Осының 
нәтижесінде ерте темір дәуірінде қоғамдық қаты-
настар орнап, сауда мен тауар айналымы қалыптас- 
ты. Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалар-
дың шаруашылығы мен кәсібі туралы антик және
Ахеменидтік дереккөздер арқылы белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет