167
167
Абыз
– ертеде елдің салт-дәстүрі бойынша жо-
ралғыларына басшылық жасайтын, болжам жа-
сап, жорамал айтатын жəне ежелден қалыптасқан
əлеуметтік тəртіптің ережелерін жетік меңгерген
беделді тұлға.
Айырбас
– мүлікті, малды баспа-бас айырбастау.
Бұл сауда жасау немесе пайда табу мақсатында
емес, керісінше тұрмыс қажеттіліктерін өтеу үшін
жүргізіліп отырған әрекет.
Ақинақ
– көне скиф-сақ-сармат жауынгерлері
қолданған қысқа семсер. Оның ұзындығы – 40–50
см болған, балдағы аң, жануар бейнесімен әшекей-
ленген.
Ақсүйек
– дәстүр негізінде «қара халыққа»
үстемдік етуші таңдаулы, үстем әулеттердің өкілі.
Ақсүйектердің бұқара халықтан бөлек айрықша
құқықтары мен артықшылықтары болған.
Андроновтық тұрпат
– Солтүстік, Орталық және
Шығыс Қазақстан аумақтарынан табылған бас сүй-
ектерді зерттеген кезде анықталған қола дәуірі
адамдарының тұрпаты.
Анимизм
(лат.
anima
– рух, жан) – заттық дү-
ние құбылыстарының жаны бар екенін бiлдiретiн
термин. Анимизм, тар мағынасында, жан туралы
ұғымдар жөніндегі ғылым, ал кең мағынасында
барлық жанды заттар туралы ғылым болып табы-
лады.
Антика жазбалары
– ежелгі грек және рим
автор лары ның жазбалары.
Антропология
– адамның шығу тегі мен эволю-
циялық дамуын зерттейтін ғылым.
Аң стилі
– ерте темір дәуірінде Еуразия далалы
аймақтарын мекендеген тайпалардың қолданбалы
өнер туындыларында аңдарды бейнелеуі.
Аңшылық
– алғашқы адамдардың негізгі кәсіп-
терінің бірі; жабайы жануарларды аулау.
Артефакт
(лат.
arte/actum
– жасанды істелген)-
табиғилықтан тыс қолдан жасалған зат, мәдениет-
тің жемісі.
Достарыңызбен бөлісу: