5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Археология – заттай деректердің негізінде адам- зат қоғамының өткен тарихын зерттейтін ғылым са- ласы. Арық



Pdf көрінісі
бет262/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Археология
– заттай деректердің негізінде адам-
зат қоғамының өткен тарихын зерттейтін ғылым са-
ласы.
Арық
– өзен арнасынан не бөгеннен егінге су 
жіберуге, егісті суаруға арналған жасанды арна. 
Егіс телімдеріне кез келген жерден су жіберу үшін 
арықты, көбінесе, суайрық бойымен беткейлете 
жүргізеді.
Асатаяқ
– грифон образында балқарағайдан ой-
ылып жасалған көлемді мүсін, тайпа көсемінің (пат-
шасының) билік белгісі. 
Ассимиляция 

 
бір халықтың екінші халықпен 
араласу үдерісі; халықтың өзінен саны көп, қуаты 
күшті халықтың құрамына сіңіп, өзгеріске ұшырау 
немесе жұтылып кету үдерісі.
Ат әбзелдері 
– жылқыға міну және жегу үшін 
пайдаланылатын ер-тұрмандары мен жабдықтары.
Ауыздық
– аттың аузына кигізіліп, екі жағына 
жүгенді бекітетін шылбыры бар ат әбзелі.
Ахеменидтер
– ежелгі Парсы мемлекетінің пат-
ша әулеті.
Әлеуметтік теңсіздік 
– адамдардың қоғамда 
әлеуметтік жағдайына байланысты бөлінуі.
Әскери демократия
– жауынгерлердің жина-
лыстарында өз көсемдерін сайлап, мемлекеттік 
мәселелерді шешуге қатысу құқығының кеңінен 
таралуын білдіретін қоғамдық-саяси құрылыс. 
Әскери сословие
– әскери көсемдер мен атақты 
жауынгерлердің тұрмысы, құқықтары мен міндет-
тері жағынан ерекшеленуін білдіретін теңсіздік.
Бальзамдау
– мәйітті ұзақ сақтау үшін шірітпей-
тін заттармен өңдеу. Алғаш бальзамдауды ертедегі 
мысырлықтар қолданған. 
Бата
– адал ниет, жақсы тілек білдіру дәстүрі. Со-
нымен қатар қайтыс болған туыстарды еске алып, 
бата жасау.
Бек
– ежелгі қауымдастықтағы қолбасшылық 
дәрежесін білдірген әскери шен, атақ, жоғары ба-
сымдыққа ие тұлға. Бектердің бір бөлігі қоғамда 
сот билігін атқарушы, салық жинаушы және т.б. са-
яси-әкімшілік қызметтерді атқарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет