5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет96/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Сабаққа қатысты ескертпелер
Бұл сабақ "маңыздылық" концептісінің негізін-
де құрастырылған. Оқушылар сабақ барысында 
көшпелілердің қолданбалы өнерінің ерекшелік-
терін біледі. Қолданбалы өнері арқылы киіз үйдің 
жабдықталуын біліп, әлемдік өркениеттегі орнын 
анықтайды. Өзіндік ой-пікірлерін айтып, қорытын-
дылауға дағдыланады. Оқулықтағы тапсырмалар 
мен сабақта алған мағлұматты байланыстыра оты-


2-тарау. 
Ежелгі көшпелілер өмірі
61
рып, сұрақтарға жауап береді. Бірлесе жұмыс істеу 
нәтижесінде тұжырым жасауды; жеке, жұптық, топ-
тық жұмыс жасау арқылы, ортақ шешім қабылдап, 
өзгелердің ойын құрметтеуді үйренеді. Оқушылар 
дереккөздер мен ресурстардың көмегімен тапсыр-
маларды орындайды. 
"Миға шабуыл" 
Оқушыларды топтарға бөліңіз. Алдыңғы са-
бақтағы білімдерін еске түсіру үшін оқушыларға өз 
білімдерін пайдаланып, сурет салуды тапсырыңыз. 
Әр топқа түрлі түсті "сиқырлы" маркер беріңіз және 
топ ішінде бір хатшы сайлансын. Хатшыларға жазуға 
бір минут уақыт берілетінін түсіндіріңіз. Оларға ал-
дыңғы топтың жазғанын қайталауға рұқсат етілмей-
ді. Берілген уақыт аяқталғанда оқушылардың келесі 
постерге ауысуын сұраңыз. Оқушы сыныптасының 
ойын толықтырып, суретті аяқтайды.
Жауаптары. 
Киіз үй бөліктері, киіз үйдің құрылы-
сы, киіз үйдің түрлері, киіз үйдің пайда болуы, киіз 
үйдің құрастырылуы.
Анықтаңдар 
Әрбір сабақта тақырыптың зерттеу сұрағын негіз-
ге алыңыз. Сабақ барысындағы әрбір іс-әрекет фо-
кусқа бағытталуы тиіс. Оқушыларды жұптастырып, 
киіз үй жабдықтары мен жиһаздарының түрлі түсті 
суреттері бар журналдар беріңіз. Оқушылар жур-
налдардан әртүрлі суреттерді қиып алып, қағазға не-
месе флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады. 
Суреттерді құрастыруға арнайы уақыт беріңіз. Екі 
жұп бірігу арқылы топтасады. Осыдан кейін әр топ 
көшпелілердің киіз үйді жабдықтау кезінде қандай 
материалдарды қолданғаны және қолданбалы өнер 
туындыларының ерекшелігі туралы айтады. Жұмыс- 
тарын қорғау үшін әр топқа уақыт беріледі. Оқушы-
ларға уақытты тиімді әрі пайдалы қолдану керектігін 
ескертіңіз. Уақытын тиімді пайдалана алмаған то-
пқа ескерту жасаңыз. Бұл болашақта оқушылардың 
өз уақытын тиімді қолдануына өз әсерін тигізеді. 
Оқушылар оқулықтағы «Қолданбалы өнер қалай 
дамыды?» деген тақырыпшаны негізге алуына бола-
ды.
Жауаптары
Көшпелілерде қолданбалы өнер жақсы дамыған. 
Олар ағаштан, металдан, былғарыдан, шиден, киіз-
ден, матадан, асыл тастардан түрлі бұйымдар жа-
саған. Сонымен бірге сүйек пен мүйізді де қол-
данған. Жүннен киіз, текемет басып, металдан түрлі 
қару-жарақтар, ат әбзелдерін жасады. Былғарыдан 
торсық сияқты ыдысты жасай білген. Киіз үй сүйек-
терін алтын, күміспен жалатып, түрлі түсті бояулар-
мен бояп, өзіндік ажар берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет