Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам жатады. Адам– саясаттың субъектісі мен объектісі. «Субъект» - деп белсенді іс - әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. «Объект» - деп, субъектінің танымдық және басқа іс - әрекетті неге бағытталса, соны айтады. «Тұлға» деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс - әрекет ете алатын, өз әрекетіне жауап беретін, еңбек етіп қарым - қатынас жасаушы, айналадағыны танып - білуші жеке адамды айтады. Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайы мен іс - әрекетіне, саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол
басқаларға қарап еліктеп, белгілі адам, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатынасады, саясаттың субъектісіне айналады. Бүгінгі таңда, саясаттық білім әрбір азамат үшін маңызды. Сонын ішінде студеттерге де, өзіміздің дәрігерлерімізге де. Бірақ бұл жайтта адамдар, әсіресе медициналық қызметкерлер арасында әртүрлі ой қалыптасқан: «медицина саясаттан тыс, ол нейтралды позицияда. Медицина қызметкері болсын , дәрігер болсын оған саясат керек емес және осы оның жұмысына да қатысты емес. Дәрігер деген кез келген саяси жағдайда өз жұмысын атқара