Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар (барлық мамандықтарға арналған) Алматы 2019 алматы энергетика


тақырып. Сана мен ойлаудың жаңа үлгісін әзірлеу: олардың



Pdf көрінісі
бет13/20
Дата13.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#107000
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
XW1ifcq2jJtKVRw8Mo5G3ELAy7hOpa

12 тақырып. Сана мен ойлаудың жаңа үлгісін әзірлеу: олардың 
Қазақстан Республикасында жүзеге асуының негізгі стратегиялары мен 
бағыттары (1 сағат) 
1
Гуманитарлық білім берудің қазіргі заманғы моделінің дамуы 
Қазақстан Республикасында қоғамдық сананы жаңғыртудың негізі ретінде. 


2
«Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» 
бағдарламаларының тұжырымдамалық қағидалары Қазақстан халқының тарихи 
санасы 
мен 
мәдени-рухани 
бірегейлігінің 
қалыптасуының 
идеялық 
тұғырнамасы ретінде. 
3
Адам капиталын дамыту идеялары мен бағыттары Қазақстанда 
инновациялық экономикаға өтудің шарты ретінде. 
Сабақтың мақсаты: 
қазіргі заманғы сананы қалыптастыру қажеттілігінің 
тұжырымдамалық ережелерін Қазақстанда саяси-экономикалық жаңғыртуды 
табысты жүзеге асырудың шарты ретінде қарастыру.
Негізгі түсініктер:
жаңа гуманитарлық білім беру, қоғамдық сананы 
жаңғырту, саяси сана, рухани-мәдени бірегейлік, «Мәңгілік Ел», «Рухани 
жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры», саяси ойлау, ұлттық бірегейлік.
Әдістемелік нұсқау. 
Бірінші сұрақ бойынша: 
- Қазақстанның стратегиялық даму жоспарын зерделей келе, саяси-
экономикалық жаңғырудың нақты мақсат-міндеттер мен тәсілдерге ғана 
сүйеніп жетістікке қол жеткізудің басты шартының бірі - қоғамдық сананың 
озық жаңғыруынсыз толыққанды жүзеге аспайтынын түсіну керек; 
- Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғыртудың түйінді ережелері 
ретінде бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, елдің эволюциялық жолмен дамуы, 
ұлттық бірегейлік, білім мен жаңалыққа құштарлық сияқты құндылықтарды 
қоғамдық санада нық орнықтыру арқылы біртұтас Ұлт қалыптастыру болып 
табылатындығына назар аударыңыз;
- қоғамдық сананы жаңғыртудың әлеуметтік және гуманитарлық 
ғылымдарды дамыту негізінде жаңа гуманитарлық білім беруді жан-жақты 
дамытуға негізделетініне назар аударыңыз. 
Екінші сұрақ бойынша:
- Қазақстан халқының ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және 
қазақстандықтардың патриоттық сана-сезімін дамыту мақсатында өмірге 
әкелген мәдени-рухани құндылықтары негізгі мазмұнына арқау болған 
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея тұжырымдамасын сипаттаңыз;
- ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтары, адамгершілік қағидаттары, 
ғылыми ережелер, Қазақстан халқының әдет-ғұрып, дәстүрлері арқау болған 
Қазақстан қоғамының идеологиялық тұғырнамасына айналған «Рухани 
жаңғыру» кешенді бағдарламасын жан-жақты қарастырыңыз; 
- еліміздің мәдени-рухани мұрасының іргелі негіздерін пайымдау арқау 
болып табылатын халқымыздың тарихи санасын жаңғыртуға арналған «Ұлы 
даланың жеті қыры» мақаласын талдаңыз. 
Үшінші сұрақ бойынша: 
- ғылыми ашулар мен технологиялық инновацияларға негізделген жаңа 
енгізілімдерді кеңінен пайдалану арқылы жаңа ілімдер мен ақпараттар басты 


фактор болып табылатын инновациялық экономиканың ерекшеліктерін 
қарастырыңыз;
- елдің экономикалық өсуі мен озық дамуын қамтамасыз етуге жол 
ашатын ғылым мен білім, денсаулық сақтау мен мәдениет жүйесіне сүбелі 
инвестициялар тарту арқылы заманауи инновациялық экономиканы дамыту 
жолындағы адам капиталының айқындаушы рөлін зерделеңіз; 
- адамның тіршілік қарекетінің барлық саласында жаһандық өзгерістерге 
жол ашатын, жеке тұлғаның өндірістік және тұрмыстық қызметінде 
киберфизикалық жүйелерді жаппай енгізуге негізделген төртінші өнеркәсіп 
төңкерісін қарастырыңыз. 
Бақылау сұрақтары. 
1. Неге қоғамдық сананың жаңғыруы саяси және экономикалық 
жаңғыртудың алдында болуы шарт? 
2. Қоғамдық сананың жаңаруы жеке тұлғаға қазіргі әлемнің серпінді 
өзгерісі жағдайына тез бейімделуіне мүмкіндік береді деген пікірді қалай 
түсінесіз? 
3. Неге Қазақстанда қоғамдық сананың жаңғыруы халқымыздың рухани 
негіздері, адамгершілік құндылықтары, менталитет ерекшеліктері, әдет-ғұрып
салт-дәстүріне негізделуі керек? 
4. Қазақстан халқының ұлттық санасының жаңғыруының қандай негізгі 
бағыттарын білесіз? 
5. Қандай жаһандық ақпараттық-технологиялық үдерістер Қазақстан 
халқының мәдениеті, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне ықпал етіп отыр? 
6. Неге әрбір Қазақстан азаматы үшін білімге құштарлық, сапалы білім 
алуға бағдар және жаңалықтарға ұмтылыс императив (сөзсіз, міндетті) болу 
шарт? 
Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыбы. 
1. «Рухани-жаңғыру Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың 
жаңа моделінің стратегиясы» тақырыбында жоба-презентация жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет