Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет177/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Мәдинаға оралу
Ислам қолы шәууәл айының жетісі, сенбі күні кеш бата Мәдинаға келіп 
кірді... Шейіт болғандардың отбасы, әсіресе, әйелдер жылап-сықтап, азан-
қазан... 
Зарлы дауыстар Аллаһ Елшісінің көзіне жас үйірді. Пайғамбарымыз 
аттан түсіп үлгермеген еді. Бір әйел жақын келді де: 
"Әкем де, шешем де сенің жолыңда құрбан болсын, уа, Расулаллаһ! 
Сен аман болсаң, қалған қиындықтың бәрі түк те емес",- деп 
Пайғамбарымыздың нұрлы жүзіне көз тастады. Бұл - пайғамбарымыздың 
атының тізгінін ұстап тұрған сахаба Саад ибн Муаздың анасы Убәйд қызы 
Кәбша еді... Соғыста ұлы Амр ибн Муаздың шейіт болғанын естіп, іші қан 
жылап тұрса да Аллаһ Расулының амандығын тілеген. 
Оның жоғарыдағы сөздері де ақиқат иманның, Расулаллаһқа шын 
берілгендіктің белгісі еді. Шейіт болған ұлынан бұрын Аллаһ Расулының 
есендігіне көз жеткізіп, соған қуанған. 
Аллаһ Расулы қаһарман әйелге көңіл айтып тұрып былай деді: 
"Уа, Саадтың анасы! Саған және отбасыңа сүйіншім бар. Шейіт 
болғандардың - бәрі жұмақтың төрінде бас қосып, достықты жалғастыруда. 
Олардың әрбірі туған-туыстарына шапағатшы болады". 
Сонан соң Кәбша ханымның өтінішімен төмендегідей бата берді: 
"Аллаһым! Олардың көңілдеріндегі қайғыны жойып, аман қалғандарын 
тірілердің ішінде ең қайырлы құлдарыңнан ет!" 
Көңілінде Аллаһтың сүйікті елшісіне деген сенім мен сүйіспеншілік 
орныққан сахаба Аллаһ пен Расулы жолында жанын да қуана-қуана пида 
етуге дайын. Бауыр еті баласынан айырылып тұрып, сабырлылығынан 
танбаған. Өйткені Ислам сынды ұлы діннің биікке өрлеуі үшін жанқиярлық 
ерлік қажеттігін олар білетін... Иман үшін, Расулаллаһ үшін жанқиярлық 
көрсету Аллаһтың назарындағы ең қымбат амал екенін де ұғынған. 
Сондықтан да пайғамбарлар сардары олар жайлы былай деген: 
"Хақ Тағала менің асхабымды, нәбилер мен расулдан кейінгі бүкіл 
әлемнің таңдаулысы етті!" 
Пайғамбарымыз пәк шаңырағында
Ухудтан қайтқан сахабалар жеңілістің әсерінен айыға алмай 
көкіректері қарс айырыла күрсініп үйді-үйіне тараған сәтте Аллаһ Расулы да 
отауына келді. Қызы Фатимаға Зүлфиқарды беріп тұрып: 
"Қарағым, мынаны қынына салып алып қоя ғой. Уаллаһи, ол бүгін өз 
міндетін керегінше орындады!"-деді. 
Болмыстың сұлтаны Мұхаммед (с.а.у.) ертеңгі күнге үмітпен қарады. 
Жеңіліске аса мойымады... Өйткені ерте ме кеш пе, әйтеуір ақиқаттың 
жеңерін жақсы білетін. Оны Фатимаға қарап айтқан: 
"Аллаһ жеңісті бізге нәсіп қылғанға дейін мүшріктер енді бізді жеңе 
алмайды",- деген сөздерінен байқаймыз. 
Мәдинаға келгеннен соң да Пайғамбарымыз мүшріктерден қауіп 
келмесіне кепілдік ала қоймаған. Кез-келген сәтте кәпірлердің шабуылдауы 


263
мүмкін болғандықтан, мұсылмандар түнде пайғамбарымыздың отауын 
күзетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет