Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Ухудтағы жеңілістің астарына үңілсек



Pdf көрінісі
бет178/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Ухудтағы жеңілістің астарына үңілсек
Ухуд 
шайқасында 
мұсылмандардың 
жеңіліске 
ұшырауы, 
кейбіреулерінің жараланып, енді бір бөлігінің шейіт болуының кейбір 
себептері төмендегідей: 
1) Аллаһқа және оның Расулының әмірлеріне титтей қарсылық 
мұсылмандардың басына үлкен қауіп төндірері осы жолы көрсетілді. Өйткені 
Пайғамбарымыз 
Айнейн 
төбесіндегі 
бақылаушы-атқыштарға 
қандай 
жағдайда да бұйрық келмейінше, орындарынан қозғалмауды бұйырған-тын. 
Бірақ атқыштар мұсылмандар жеңді деген сәтте жеңіс аяқ астынан жеңіліске 
айналды. 
2) Пайғамбардың да дүниеде бейнет шегетіні, әбігерге түсері ашық 
көрсетілді. Өйткені олар адамзат үшін жетекші ретінде жіберілген. Аллаһ 
Расулы бүкіл адамзат қауымының жетекші имамы ретінде бұл дүниеге 
жіберілген. Адамдар жеке өмірде де, қоғамдық ортада да Сол нұрлы 
тұлғадан(с.а.у.) дәріс алуға мәжбүр. Егер Мұхаммедтің (с.а.у.) өмірінің 
барлық сәті муғжиза мен кереметтерден тұрса, онда ол адамзаттың ұлы 
жетекшісі бола алмас еді. Сол себепті Хазіреті Мұхаммед тек пайғамбарлық 
дәлелін айқын көрсету қажет болғанда, мүшріктердің Аллаһқа қарсылығын 
жаратылысқа қайшылық екенін ұғындыру үшін муғжиза көрсеткен. Басқа 
уақытта ол да өзге адамдар тәрізді өмір сүрген. Бейнет те шеккен, соғыста 
жараланып қиналған да. 
Сондай-ақ, егер Расулаллаһ ылғи да муғжизалармен өмір сүрген болса, 
ол дүние емтиханына қайшылық болар еді. Ондай жағдайда Әбу Жаьил де, 
Әбу Ләхаб та иманға келген Хазіреті Әбу Бәкірмен бір дәрежені ұстанар еді, 
яғни нағыз мұсылман мен мунафиқты ажырату мүмкін болмай қалар еді... 
Әсіресе, шайқастар кезінде илаһи көмек кешіккен сәттерде жүрекпен иман 
келтірмеген екіжүзділер сөздерімен, істерімен шын бет-бейнесін білдіріп 
қоятын... 
3) Мүшріктер арасында келешекте сахабалар сапына қосылып, 
иманның жүгін арқалайтын Халид ибн Уәлид, Амр ибн Астар бар болатын. 
Аллаһтың хикметі болар бәлкім, болашақта сахабалар қатарында ұлы 
қызметтер атқаратын осы адамдардың бетін қайтармай, келешектегі имани 
ерліктер үшін әзірден жеңіс тұғырына көтерілгені. 
Демек, өткен шақтағы сахабалар болашақтың сахабаларынан жеңіліс 
тапты. Құдды келешектің иман кемеңгерлері қылыш пен найзадан 
қауіптенбей, ақиқаттан аяқ тартып Исламды қабылдауы керек болған болар. 


264


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет