Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет186/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

КІШІ БӘДІР ЖОРЫҒЫ
Хижреттің төртінші жылы, шағбан айы. Бұрын да айтылғандай, Әбу 
Суфиан Ухуд шайқасы соңында мұсылмандарға қыр көрсетіп: 
"Сендермен келесі жылы Бәдірде кездесеміз",- деп, Хазіреті Омар оған 
Расулаллаһтың рұқсатымен, "Жарайды, шайқасар жеріміз сол болсын",- деп 
жауап бергсн еді. 
Ухуд соғысынан соң арадан бір жыл өтеді... 
Ардақты Пайғамбарымыз берген сөзде тұру үшін шайқасқа дайындала 
бастады... Құрайыштардың басшысы Әбу Суфиан да жорыққа әзірленіп 
жатады. Бірақ сол жылы Меккені қуаңшылық жайлап, ел-жұрт әбден 
қиналыс үстінде болғандықтан, халқын шайқасқа шақырып ұрандатқанмен 
Әбу Суфианның өзі іштей ұрысқа зауқы соқпай жүреді... 
Бәдірге барғысы келмеген ол, пайғамбардың да келуіне кедергі болмақ 
оймен амалдар қарастыра бастайды. Сол тұста 
Меккеге келген мәдиналық мунафиқ Ну'айм ибн Мәсудпен кездеседі. 
Осы мүмкіндікті пайдаланып ол Ну'аймға: 
"Уа, Ну'айм! Мен Мұхаммед(с.а.у.) пен оның асхабын Бәдірде кездесіп, 
шайқасайық деп шақырған едім. Сол белгіленген мерзім келіп жетті. Бірақ 


277
биыл Меккедегі құрғақшылық бізді әбден титықтатты. Сол себептен 
Мұхаммедтің (с.а.у.) әскерімен айқасқымыз келмейді. Өйткені ұрысқа 
шыққанман олардың батылдығын арттыруға себеп боларымыз кәміл. Сен 
келген ізіңмен кері қайтып, мұсылмандарға менің қалың қол жинап келе 
жатқанымды айтып бетін қайтарсам деп едім. Көмегің үшін жетпіс түйе 
беремін",-дейді. 
Нуайм Мәдинаға келген соң оңай олжаға қарық болудың қамына 
кірісті. Құрайыш мүшріктерінің жер қайысқан қолмен Бәдірге келе жатқанын 
айтып мұсылмандарға хабар береді. Күтпеген жағдайдан тартынып қалған 
мұсылмандардың арасынан екі ойлы болғандар да болды. Мұндайларды 
көргенде яһудилер мен мунафиқтар малақайларын аспанға атып қуанды. 
Әбу Бәкір Сыддық пен Хазіреті Омар бұл жайттарды дереу сүйікті 
Пайғамбарымызға жеткізді. Аллаһ Расулы алған бетінен қайтпады: 
"Құдіретіне табынатын Аллаһыма ант етемін. Сөз берген жерге 
барудан бас тартып, Мәдинадан тірі жан шықпаса да, жалғыз өзім аттануға 
дайынмын". 
Батылдыққа толы байлам мұсылмандарды да жігерлен-дірді. Алламың 
жәрдемімен көңілдерін күпті еткен күмәнді ойдан арылып шыға келді. 
Кейінірек белгілі болғандай, Меккеден шыққан Әбу Суфиан қолы 
Мәжинна деген жерге дейін келіп, ілгерілеуге батылы жетпей сарбаздарының 
көптігіне қарамастан, кері қайтқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет