Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Мунафиктар туралы түскен сүрелер



Pdf көрінісі
бет194/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Мунафиктар туралы түскен сүрелер
Осы оқиғалардан соң Абдуллаһ ибн Үбәй және өзге мунафиқтар 
туралы жеке сүре түсті. Онда мунафиқтардың сипаттары былайша 
мазмұндалады. 
"Мунафиқтар саған келгенде "сен Аллаһтың пайғамбары 
екендігіңе куәлік келтіреміз" деді. Аллаһ сенің, әлбетте, пайғамбар 
екендігіңді біледі. Сонымен қоса ол мунафиқтардың өтірікші екендеріне 
де куә. Олар өздерінше анттарын қалқан ретінде қолданып, адамдарды 
Аллаһтың жолынан ұзақтатты. Олардың істегендері қандай жиікенішті!
Өйткені олар иман келтірді, сосын кәпір болды. Сондықтан 
жүректеріне күпірден мөр басылды. Сол себепті олар (иман ақиқатын) 
ұқпайды. Оларды көргеніңде түр -тұлғасын (бәлкім киім киісін) 
ұнатып қаласың. Сөйлей бастаса, айтқандарын тыңдайсың. Негізінде 
олар сүйеп койған (үлкен) томарлар сияқты. Әр дыбысты өздеріне 
қарсы деп ойлайды. Негізінен қас дұшпан солар. Олай болса, олардан 
сақтан. Аллаһ оларды жоқ қылсын. Қалайша олар (Хақтан) бас 
тартады? 
(Мунафиқун, 1-4) 
Сүренің мұнан соңғы аяттарында Абдуллаһ ибн Үбәйдің сөздеріне 
тоқталады: 
"Олар Мәдинаға барсақ, ең құрметті әрі ең күштілеріміз ол жерден 
ең бейшара әрі әлсіздерді қуып шығарады" деді. Негізінде құрмет, 


288
құдірет және жеңіс Аллаһқа, пайғамбарға, муминдерге тән. Бірақ 
мунафиқтар мұны білмейді... 
" (Мунафиқун 7-8) 
Осы аяттарды қабылдап алған соң Расуллаһ Зәйдті шақырып, 
құлағынан ұстап тұрып: 
"Міне, Аллаһ жолында құлағымен міндетін дұрыс атқарған жігіт осы!-
деді де, -Уа, Зәйд! Аллаһ сенің айтқаныңды растады",- деді. 
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХАЗІРЕТІ ЖУАЙРИЯМЕН ҮЙЛЕНУІ
Хазіреті Жуайрия мусталық рубасы Харис ибн Әбу Дырардың 
Мурайси жорығында тұтқынға алынған қызы. Күйеуі пайғамбарымыздың қас 
жауы Мусафи ибн Сафуан шайқаста мерт болады. Жесір әйел Жуайрия 
тұтқындар үлестірілгенде Сабит ибн Қайстың үлесіне тиеді. 
Хазіреті Жуайрия Сабит ибн Қайсқа підия төлеп азаттыққа шығуды 
армандайды. Бірақ қол қысқа. Ойланып-толғанып пайғамбарымыздан підия 
өтеуге көмектесуін өтінеді. Расул Әкрам оған: 
"Сен үшін мұнан да қайырымды жол жоқ па?"- деп сұрайды. Күтпеген 
жерден қойылған сауалға не деп жауап берерін білмей қалған әйел біраз 
күмілжіп тұрды да: 
"Уа, Расулаллаһ! Мен үшін азаттықтан қайырлы не болуы мүмкін?"- 
дейді. 
Пайғамбарымыз: "Сенің підияңды өтеп, ақ некелілерім арасына қоссам 
ше?"- дейді. Жуайрия мүлдем аң-таң. Күңдіктен құтылып қана қоймай кез 
келгенге бұйырмайтын бақытқа кенелу! Үндемей ойға шомды. Осыдан біраз 
бұрын көрген түсін еске алды: Ай Мәдинадан шығып дөңгеленген күйі 
қойнына кірген-ді... Сонан соң пайғамбарымызға қарап: 
"Уа, Расулаллаһ! Егер мені мұндай құрметке лайық деп білсеңіз, мен 
үшін мұнан артық дәулет те, бақ та болмақ емес",- деді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет