Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Пайғамбарымызга жеткен хабар



Pdf көрінісі
бет202/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Пайғамбарымызга жеткен хабар
Хузаа тайпасы пайғамбарымыз Мұхаммедпен(с.а.у.) бұрыннан аралас-
құралас болатын. Арадағы достықтың негізі сонау Әбдімүттәліп заманына 
тіреледі. 
Құрайыш мүшріктерінің шабуыл дайындығы туралы хабарды 
пайғамбарымызға жеткізу керектігін өздеріне достық борыш санаған 
хузаалық жігіттердің бірі суыт Мәдинаға аттанды. Жайшылықта атпен он екі 
күндік жолды, хабаршы тоқтамай шауып отырып төрт күнде кесіп өтіп, 
маңызды хабарды Аллаһ Елшісіне жеткізді. Шабуыл хабарын ести сала 
Пайғамбарымыз асхабының басын қосып ақылдасты. 
"Мәдинаның сыртына шығып дұшпанмен шайқасқанымыз жөн бе, әлде 
қаланың ішінде тұрып қорғаныс тактикасын қолданған мақұл ма?"- деп 
сұрады. 
Расулаллаһтың ұсынысына орай түрлі пікірлер айтылды. Әр қилы 
көзқарастардың арасынан Салман Фарисидің айтқаны мақұлданды. 
"Уа, Расулаллаһ! Біз парсы жерінде дұшпан шабуылкінан қорықсақ, 
айнала ор қазып қорғанатынбыз",- деді ол. 
Бірауыздан қаланың ішінен мықтап бекінуге шешім қабылданған соң 
Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) әмірімен айнала ор қазу басталды. Пайғамбарымыз 
қай жерлерді кімдер қазатынын нақты бөлістірді. Қаланың оңтүстік жағында 
қалың ағаш отырғызылған бақшалар бар еді. Жаудың ол тұстан кіруі қиынға 
соғары анық. Оларға тосқауыл қою үшін бірнеше әскер жеткілікті. Шығыс 
жағында пайғамбарымызбен келісім жасасқан Құрайза яһудилері және басқа 
да яһуди рулары мекен ететін. Осы себептер есепке алынып негізінен 
қаланың ашық алаң жақ беті - солтүстігінде ор қазу қызу жүргізілді. 
Мұсылмандар күрек ұстауға шамасы келетін жас балалардан бастап 
кәрі-күртаңына дейін іске белсене араласты. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өзі 
тікелей білек сыбана кірісіп, мұсылмандарды сөзімен де, ісімен де маңызды 
шаруаға жұмылдырды. Мұсылмандар таң сәріден ымырт үйірілгенше үздіксіз 
жұмыс істеп, түн қараңғылығында дем алу үшін үйлеріне қайтатын. Аллаһ 
Елшісі (с.а.у.) болса бір төбенің басына шатыр құрып сол жерде күндіз-түні 
қалатын... Іске тікелей араласып, әрі жұмыс барысын бақылап отырды. Шаң-
тозаңға, аптап ыстыққа қарамастан шаруаға бас-көз болып жүрген 
Пайғамбарымызға мұсылмандар: 
"Уа, Расулаллаһ! Өзіміз-ақ бітіреміз ғой, сіз демалсаңыз қайтеді",- деп 
ізгі ниеттерін білдіргенмен Аллаһ Расулы: 
"Мен де еңбек етіп, сауап алғым келеді",- деп күле жауап берген. 


298
Шаршағанда 
бір-біріне 
сөзбен 
болса 
да 
қолдау 
көрсететін 
мұсылмандар бұл жолы да бірін-бірі жігерлендіріп бақты. Оған Абдуллаһ 
ибн Рауаханың: 
"Аллаһым, сен бізге тура жолды көрсетпеген болсаң, біз садақа беруді, 
намаз оқуды қайдан білер едік! 
Кәпірлер арамызға бүлік салмақ болып қарсы келгенде сен бізге сабыр, 
шыдам бер, аяқ-қолымызға күш-қуат бер!"- деген мағынадағы өлең жолдары 
куә. 
Мұсылмандар бір сәт тынықпастан күні бойы ор қазумен айналысты. 
Аллаһ Расулы шын көңілмен еңбектенген оларға қарап: 
"Аллаһым, ақыреттен басқа бақи өмір жоқ. Сен әнсарлар мен 
муһажирлерге кешіріммен қарағайсың",- деп оқтын-оқтын дұға етті. 
Мұсылмандар да іштей: "Біз өміріміздің соңғы деміне дейін Аллаһ 
жолында жиһадта Мұхаммедтің (с.а.у.) жолынан айрылмауға серт бердік",- 
десіп көңіл ризалықтарын білдіреді. 
Ор қазу ісін тезірек бітіру үшін бас алмай жұмыс істеген 
мұсылмандардың қарны тойып тамақ ішуге де мүмкіндіктері жоқ. Баршаның 
халі мәлім, Арабстандағы сол жылғы қуаңшылық бәрін де тұралатқан. Тақ-
тұқ жүрек жалғар дәм тапса, соған мәз. Иман ләззатына тойынғандарды бұл 
қиыншылық мойыта қоймаған. Дегенмен жағдай мүшкіл-ді. 
Хазіреті Жабир ибн Абдуллаһ Расулаллаһтың қалжыраған түрін көріп 
іштей күйзелген де қойған. Кешке үйіне келгенде әйелінен: 
"Бүгін Пайғамбарымызды шаршаңқы көрдім, аштық қажытқан болуы 
керек. Оның орнында басқа біреу болса мүлде шыдамас еді. Үйде талғажау 
етер не бар?"- деп сұрайды. 
Әйелі: "Мынау арық лақ пен үш-төрт уыс арпадан басқа ештеңе 
қалмады",- деп жауап берді. 
Хазіреті Жабир лақты бауыздап, әйеліне арпадан үн жасауға бұйырды. 
Лақтың етін қыш ыдысқа салып таңдырға қойды. Аз ғана үннан қамыр 
ашытып, нан жасамақ болады. 
Хазіреті Жабир үйінен шығарда әйелі: 
Тамақтың аздығын ескертіп, Расулаллаыіен бірге көп кісі ертіп келіп 
ұятқа қалмайық деп алдын алды. Хазіреті Жабир Аллаһ Елшісіне келе 
салысымен: 
"Уа, Расулаллаһ! үйде азғантай тамақ бар, қасыңа бірнеше кісі алып, 
бізден дәм татып жүрек жалғасаңыз",- деп үйіне шақырады. 
Аллаһ Елшісі одан: 
"Аз дегенің қанша?"- деп сұрайды. 
"Үш-төрт уыс арпадан жасалған нан мен бір лақтың еті",-дейді Хазіреті 
Жабир. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Көп, әрі керемет тағам",- деді де, 
"Әйеліңе айт, мен келгенше етті де, нанды да тандырдан шығармасын". 
Хазіреті Жабирдің көзінше: 
"Уа, жамағат! Жұмысты қоя тұрыңыздар, төрт көзіміз түгел Жабирдің 
үйінен дәм татуға барамыз",- деді. 


299
Муһажир мен әнсар түгелдей тамаққа жиналды. Сахаба Жабир 
сасқалақтап үйіне келген бойда әйеліне: 
"Аллаһ жақсылық бергей. Расулаллаһ барша жамағатты тамаққа 
шақырды. Енді не істейміз?"- деді. 
Әйелі: "Қанша тамақ бар екенін сұрады ма?"- деді. 
Хазіреті Жабир: "Сұраған, айтқанмын". Әйелі: "Қонақтарды сен 
шақырдың ба, әлде пайғамбар ма?" 
Хазіреті Жабир: "Расулаллаһ (с.а.у.) шақырды". 
Әйелі: "Онда бір білгені бар шығар",- дегеннен басқа ештеңе айтпады.. 
Пайғамбарымыз сахабаларымен бірге Хазіреті Жабирдің үйіне келеді. 
"Бөлек-бөлек кіріңдер" деген пайғамбар әмірі бойынша мұсылмандар 
он-оннан топталып төрге озды. 
Пайғамбарымыз болса ет пен нанның үстінен берекет дұғасын оқыды 
да, үй иесі әйелге қарап: 
"Етті ожаумен бөлек-бөлек ал, ыдыс тандырда тұра берсін, шығарушы 
болма",- деді. 
Сонан соң тандырдан өз қолымен нан алып, піскен етті үстіне салып 
асхабына бір-бірлеп ұсынды. Шақырылғандар тойып орындарынан тұрғанша 
осылай жасады. Бәрі ас қайырып, орындарынан тұрғанда ет пен нан 
азаймаған күйінде тұрған-ды. 
Кетерде Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Жабирдің әйеліне: 
"Қалған тамақты көрші-қолаңмен бөлісіп жеңіздер. Халық аштықтан 
қурап отыр ғой",- деді. 
Кейіннен Хазіреті Жабир таңданысын жасыра алмай: 
"Аллакгың атымен ант етейін, келген қонақтардың ұзын саны мыңнан 
асты. Бәрі тойып орындарынан тұрғанда етіміз ыдыста сол күйі, нанымыз да 
бастапқы қалпында тұрғанын көргенде басымды шайқап қала бердім. Қалған 
тамақ өзімізге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет