Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Сол ойдан шығарылған жаланы таратқандар -араларыңдағы



Pdf көрінісі
бет200/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

"Сол ойдан шығарылған жаланы таратқандар -араларыңдағы 
саны аз топ. Сендер ол жаланы өздерің үшін жамандыққа санамай-ақ 
қойыңдар, керісінше сендер үшін жақсылық бар. Ол топ істеген 


295
күнәларына қарай жазаланады. Әсіресе, күнәның ауырын істеген адам 
үшін ауыр азап бар.
Оны (жабылған жаланы) естігенде мұсылман еркектер мен 
әйелдер бір-біріңіз туралы жақсы ойлап "Бұл шіп-шикі жалған" 
деулерің керек емес пе еді?
(Айтқандарын растау үшін) Мунафиқ төрт куә әкелмей ме енді?. 
Ал төрт куәгер әкелмесе оны айтқандар Аллаһтың назарында нагыз 
өтірікшілер.
Егер Аллаһтың рақымы болмағанда дүниеде және ақыретте сол 
өсекті айтқандарың үшін ауыр азапқа душар болар едіңдер.
Сол кезде сіздер (сол) өсекті тілдеріңмен (бір біріңе) жеткіздіңдер. 
Нақты білмей тұрып ауыздарыңмен айтып және мұны (күнә емес) оңай 
нәрсе деп есептедіңдер. Негізінде Аллаһ назарында (ол) үлкен күнә. Оны 
(жалған жаланы) естігенде:
"Мұны айту бізге жараспайды. Аллаһ сақтасын! Бұл үлкен жала" 
деу керек еді.
Егер сіздер шындығында иман келтірген болсаңыздар, мұндай 
нәрсені айтуға Аллаһ мәңгі тиым салады! Аллаһ сіздерге аяттарын 
ашық білдіреді. Аллаһ бар нәрсені жан-жақты білуші әрі әр нәрсені 
орынды істейтін хикмет иесі. Муминдер арасында жаман сөздердің 
естілуін, таралуын жақтайтынға дүниеде де, ақыретте де азап бар. 
Оларды (жамандықты таратқысы келгендерді) Аллаһ біледі, сіздер 
білмейсіздер. Аллаһтың кеңшілігі, рақымы болмағанда және Аллаһ 
есіркеуші, мейірімді болмағанда қандай жағдайда болар едіңдер?" 
(Нұр 
сүресі ,11-20) 
Осылайша Аллаһ уахи арқылы Хазіреті Айшаға жабылған жаланың 
жалғандығын анықтап, РасулАлланың ақ көңілін уайымнан құтқарса, 
Хазіреті Әбу Бәкірдің беделіне нұқсан келтірмеді, мұсылмандар арасында да 
бос әңгіменің таралуына тосқауыл қойды. 
Аллаһ Расулы мәселеге қатысты уахи түскеннен кейін халықтың
алдына шығып хүтба оқыды. Соңынан жаңадан түскен Құран аяттарымен 
таныстырды. 
Мәселенің анық-қанығына көпшіліктің көзі жеткен соң жалған жаланы 
жайған Мыстах ибн Усаса, Хассан ибн Сабит пен Хамна бинти Жахш сексен 
дүре соғылып жазаланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет