Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


МҰХАММЕД (С.А.У.) ПАЙҒАМБАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет26/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

МҰХАММЕД (С.А.У.) ПАЙҒАМБАРДЫҢ 
БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ
 
II ТАРАУ
 


38
П
АЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ
Жер бетін рухани қараңғылық басқан. Барша әлем адамзат баласының 
небір хайуандықтарына куә болып, санасында сәулесі барлардың рухы мен 
жүрегі қан жылаған заман. Адам азып, ел тозған. Жақсылықтың жұрнағы да 
қалмай бара жатқан уақыт. 
Жер жүзі бақыттың, қуаныш пен шаттықтың бастауы - тәухид, яғни бір 
Жаратушыға сенім дегеннен мақрұм еді. Қайда қарасаң да күпір, күнә-
руханиятты әбден көлеңкелеп тастаған. Әркім әр нәрсеге табынып, болар-
болмастың бәрін қолдан Тәңірге, Жаратушыға айналдырған. Ақиқат 
билеушісін, шын Жаратушысын іздеп аласұрған көңілдер медет іздеп 
жанталасуда еді. 
Адамдар надандықтың шегіне жеткені сонша, зұлымдық пен күпір 
батпағы қалыпты жағдайға айналған. Күштінің әлсізге әлімжеттігі, 
дәрменсіздің жапа шегуі ешкімді де елеңдетпейді. Күллі әлем қайғыға 
шомып, қасірет толы көңілдер уайымға берілген. Ақыл мен сананы, рух пен 
жүректі рухани қыспаққа алған күпіршіліктің, көпқұдайлылықтың бұлайша 
жалғаса беруі мүмкін емес-ті. Құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың пенделерінің 
ары қарай надандыққа, мұң-шерге шыдай беруіне өз тарапынан медет 
жібермей қалмасы шындық еді. Өйткені Ол - қайырымдылардың 
қайырымдысы, ең мейірімді Жаратушы. 
Аллаһ осынау тұманды сейілту үшін рақымдылығының дәлелі ретінде 
Ұлы тұлғаны - Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) дүниеге жолдамақ болады. 
Дүниенің рухани кейпін өз нұрымен сәулелендіріп, адамзатқа, пері мен 
періштеге - бүкіл болмысқа мәңгілік бақыттың жолын көрсететін 
жолбастаушының келер күні таяған-тын. 
Әлем үлкен ізетпен өз сұлтанын тағатсыздана күтуде. Жаратылыстағы 
әрбір зат өздеріне тән тілімен, әрекетімен теңдессіз тұлғаға "Хош келдің!" 
деуге дайындалып, шаттанып тұрды. 
Милади 571 жыл. Көкек айының 20-сы. Рәби'ул-әууәл (ай календары 
бойынша) айының он екінші түні. Піл оқиғасынан кейін арада елу-елу бес 
күн өткен. 
Меккенің қарапайым отауларының бірі... Дүйсенбінің таңы атуға 
жақын, сәресі уақыты. Осы қарапайым ғана үйде, құтты сәтте жалғанда 
жалғыз рет болатын қайталанбас керемет оқиға жүзеге асты: екі дүниенің 
сұлтаны - Хазіреті Мұхаммед саллаллаһу аләйһи уә сәллам дүние есігін 
ашты. 
Сол мезеттен бастап бүкіл әлем бұған дейінгі қайғы-қасіретін ұмытып 
шаттықа кенелді. Қараңғылық түндігі сыпырылып айнала нұрға бөленді. Бар 
дүние ерекше толқыныспен: 
"Дін сұлтаны көзін ашып өмірге, 
Нұрға толды бар дүние, көңілдер" деп тебіренді. 
Жер жүзінде бірде-бір анаға бұйырмаған ұлы құрмет иесі атанған әзіз 
ана Әмина бақытты сәтін былайша баяндайды: 


39
"Жүктілігімнің алтыншы айында едім. Түсімде бір кісі "Ей, Әмина! Сен 
әлемге қайыр-береке әкелетін сәбидің анасы боласың. Атын «Мұхаммед» 
(с.а.у.) деп қойғайсың, бұл құпияны ешкімге тіс жарып айтушы болма" - деп 
ғайып болған-ды. 
Сөйтіп жүргенде босанатын уақытым да келді. Қайын атам 
Әбдімүттәліп Қағбаны тауап етуге кеткен. Үйде отырғанмын. Құлағыма 
біртүрлі дауыс жетті. Қорыққанымнан не істерімді білмей сасып қалдым. Дәл 
сол сәтте бір ақ құс пайда болды, ұшып қасыма келді де қанатымен арқамнан 
қақты. Сол-ақ екен қорқынышым сейіліп сала берді. Айналама көз 
жібергенімде ақ кесемен ұсынылған шәрбатты көрдім. Қолыма алып іштім, 
жаным мен тәнім нұрға бөленгенін сезіндім. Сонан соң Мұхаммед өмірге 
келді." 
Пайғамбарымыздың бір ерекшелігі - арқасында, екі жауырыны 
арасында, дәл жүрек тұсында нәбилік-пайғамбарлық мөрі, яғни хатами 
нүбууәт бар-тын. Қызғылт түсті, үстіне қыл өскен меңнің үлкендігі кекілік 
жұмыртқасындай болған. Бұл белгі - ардақты Пайғамбарымыздың көптен 
күтілген соңғы пайғамбар екендігінің тағы бір дәлелі еді. 
Дүниенің сұлтаны - пайғамбарымыз туылған сәтте атасы Әбдімүттәліп 
Қағбаның жанында құрайыштың ақсақалдарымен бірге әңгіме-дүкен құрып 
отырған. Сүйінші хабар оған да жетті. Әбдімүттәліптің қуанышы қойнына 
сыймай, үйіне қалай жеткенін де аңғармады. Торсық шеке немересін 
құшағына ала салып емірене аймалады. Әлден уақыттан соң немересін ұлы 
Әбу Тәліпке ұстатып тұрып: 
"Осы баланы саған аманат еттім. Осы ұлымның мәртебесі биік, ерекше 
құрметке бөленетін жан болады", - деді. 
Шаранаға ат қою құрметі атасына берілді. Атасы ойланбастан: 
"Мұхаммед болсын", - деді. 
Арабтарда жаңа туған сәбиге ата-бабаларының атын қою рәсімі 
ежелден бар. Көпшіліктің: 
"Неге аталарымыздың бірінің атын қоймадың?" - деген сауалына атасы 
"Ұлымның өмірінің ғибратты да баянды болып, Аллаһ тарапынан да, адамдар 
тарапынан да мақтауға лайық болғанын қалаймын", - деп жауап берді. 
(Мұхаммед (с.а.у.) -арабшада мақтаулы дегенді білдіреді — Д.Ө.И.) 
Шынында да, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар - Аллаһтың, барша адамзат 
баласының, Тіпті періштелердің мақтауына ие болған бұл дүниедегі жалғыз 
адам. Өйткені Ол осынша мақтанға, марапатқа, құрметке лайық жан. 
Мұншалық мадаққа терең иманы, Аллаһ жолындағы ынта-ықыласы мен 
жоғары әсем де көркем мінез-құлқы арқылы қол жеткізді. Бұл мәселеде оған 
теңдесетін ешкім болған емес, болмайды да. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет