Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Әбу Жәһилдің қатып қалғаны туралы



Pdf көрінісі
бет74/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Әбу Жәһилдің қатып қалғаны туралы 
Осыған ұқсас оқиға Әбу Жәһилдің де басынан өтеді. 
Ол да - иманның ата дұшпаны. Қаскөйдің арам ниеті - қайтсе де 
Хазіреті Мұхаммедтің көзін жою. 
Бір күні қауымның ортасында: "Мұхаммедтің сәждеге басын қойған 
сәтін аңдып, үстінен түсіп, басын таспен езбесем атым өшсін", - деп серт 
беріп, өзінен-өзі ойлап тапқан амалына масаттанады. Дәйіс мүшріктер де Әбу 
Жәһилдің "қаһармандығын" қолпаштап, қолтығына су бүркеді. 
Ертеңіне Әбу Жәһил құшағына өзі зорға көтеретін тас алып, мешітке 
келеді де, қалтарыста тұрып, оңтайлы сәтті аңдиды. Хазіреті Мұхаммед 
(с.а.у.) сәждеге жығылған мезетте ауыр тасты бар пәрменімен жоғары 
көтеріп, енді тастап жібермек болғанда, сол күйі қимылдамастан қатып 
қалады. Пайғамбар намазын бітіргенде барып Әбу Жәһил қайтадан өз 
қалпына түседі, бірақ болары болып қойған-ды. 
Ойының күл-талқаны шыққан ол: 


115
"Осы ізіңе түскенім-түскен, менің қолымнан жан тәсілім берерсің 
ақыры", - деп ұялған тек тұрмастың кебін киіп, тісін қайрап кете барды. 
Әбу Жәһил күн сайын пайғамбарға қарсылығын өршітіп, жүрген 
жерінде оны жамандаудан жалықпайды. Бірде тағы да көптің арасында бөсіп 
отырып: 
"Мұхаммедті сәждеде көрсем, мойнын аяғыммен езіп тұрып, желкесін 
қиярмын", - деп көпіреді. 
Нақ сол кезде Мұхаммед (с.а.у.) мешітке келіп қалады. Сонда 
отырғандардың бірі: 
"Ей, Мұхаммед Әбу Жәһилдің айтқанын естідің бе?" - дейді. 
Мұхаммед (с.а.у.) "Алақ" сүресін оқыды да, сәждеге жығылды. Ел-
жұрт: 
"Жаңа ғана тісіңді қайрап отыр едің ғой, күшті болсаң келді ғой, әне 
Мұхаммед (с.а.у.) ", - деп шуылдасады. 
Әбу Жәһил сырғиялана күліп Пайғамбарымызға қарай екі қадам аттады 
да, кілт бұрылды. Өңі өрт сөндіргендей. 
"Не боп қалды тағы да? Неге кері бұрылдың?" – деген көпшіліктің 
сауалына: 
"Ойбай-ау, көздерің көр болғаннан сау ма, Мұхаммедпен екеуміздің 
арамызға жағылған отты қарасаңдаршы?!" - деп алды-артына қарамай шыға 
жөнелді. 
Мүшріктердің ойлары аяқсыз қала берді. Аллаһ Тағала Хабибін, яғни 
сүйікті құлын пенде атаулының азабынан қалтқысыз қорғады. 
Мүшріктер иман келтірмегендерімен қоймай Исламға, оны таратушы 
пайғамбарға наразылықтарын шектемей-ақ қойды. Парықсыз пасықтар 
оспадарсыздықта жарысқандай еді. Бастары қосыла қалса бар айтатындары - 
қалайда пайғамбарымызға қиянат жасау, мұсылмандарды мазақ ету, жәбір 
көрсету жайы. Таң атқаннан кеш батқанша аңдығандары Хазіреті Мұхаммед 
және оның достары. Қағбаның айналасында отырып алып жексұрын 
жоспарларын құрып, бас қатыратын. Сондай бір мүшріктер мәжілісінде тағы 
да Әбу Жәһил суырылып шығып: 
"Бүгін пәленшенің үйінде түйе сойылды. Сол түйелердің ішек-қарнын 
қан-жынымен әкеліп Мұхаммедтің үстіне лақтыра алатын ер бар ма 
арамызда?" - дейді жерден жеті қоян тапқандай. 
"Мен істеймін мұны, маған сеніңіздер", - деп, көңілі қарайған Уқба ибн 
Әби Муайт атып тұрып, айтылған бағытқа тұра жөнеледі. 
Аллаһ Елшісі бар ықыласымен Аллаһтың құзырында сәждеге бас 
қойғанды. 
Әлгі қарғыс атқыр Уқба қан-жынын сорғалатқан күйі жаңа сойылған 
түйенің ішек-қарнын пайғамбардың арқасына тастай салды. Мүшріктер 
көптен күткен армандарына жеткендей қарқылдасып, қауқылдасып мәз боп 
жырғап қалды. 
Аяулы әкесінің мүшріктердің мазағына ұшырағанын естіген Хазіреті 
Фатима екі өкпесін қолына алып Хазіреті Мұхаммедтің қасына жетеді. 


116
Келген бойда ішек-қарынды ала салып айнала қоршап ыржаңдасып тұрған 
кәпірлерге қарай бар екпінмен лақтырып кеп қалады. 
Намазын аяқтаған Аллаһ Расулы: 
"Ей, құдіреті күшті Аллаһым! Мүшріктерді саған тапсырдым", - деп 
дұға етеді. 
Осы сөйлемді үш рет қайталаған соң, құрайыш азғындарының 
есімдерін жеке-жеке айтып шығады. 
Құрайыштардан, өз аталас, құрсақтас ағайындарынан осынша азап 
көруі Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) ауыр соққы болғанмен, олардың 
парықсыздықтары жанын жегідей жегенмен пайғамбардың амалы кем еді. 
Расулаллаһқа мүшріктердің тағы бір тұзағын Абдуллаһ ибн Амр 
былайша әңгімелейді. 
Бір күні бір топ құрайыш Хижр деген жерде жиналып әңгімені 
қыздырып отырады. Мәселе – баяғы Хазіреті Мұхаммед жайы. 
"Біз осының істегендеріне сабыр танытумен келеміз. Ол-ата-бабалар 
дәстүрін жоққа шығарды. Дінімізді қаралап, бізді ақымаққа санады, 
пұттарымызға тіл тигізді. Әлі шыдаумен келеміз, ау ағайын, қашанғы бұлай 
бола бермек?" деп талқыға сала бастаған. 
Дәл сол сәтте Аллаһтың сүйікті елшісі Қағба маңына келіп қалады. 
Қасиетті қара тасты сүйіп, тауап етуге ыңғайланды. Мұны көрген 
құрайыштардың бірі қарап отырмай оны сөзбен түйреп қалды. Хазіреті 
Мұхаммедтің ренішін жүзінен аңғардым, алайда ол үндеген жоқ. 
Аллаһ Расулы екінші рет Қағбаны айналғанда тағы да ауыр айыптаулар 
естіді. Қиналысын өңінен байқамау мүмкін емес-ті. 
Үшінші рет қастарынан өте бергенде әлгілер тағы да балағаттай 
бастағанда Мұхаммед (с.а.у.): 
"Ей, құрайыштар кейін естімедік деп жүрмеңдер, Рахман һәм рақымды 
Аллаһтың атымен ант етемін, түптің түбінде ниеттеріңнен тауып, азапқа 
душар боласыңдар", - деді. 
Құрайыштардан ләм-мим сыбыс шықпады. Сәл үнсіздіктен соң баяғы 
Әбу Жәһил орнынан атып тұрып: 
"Ей, Мұхаммед, сау-саламат тұрғаныңда бұл жерден кеткенің мақұл", - 
деді көңілін аулағысы келген сыңаймен. 
Аллаһ Расулы ұзай берді. 
Ертеңіне құрайыштар Хижр деген жерде тағы да жиналды. Мен де 
солардың арасында отырғанмын. Тағы да өз араларында Мұхаммед (с.а.у.) 
жайлы айтып отырып ұстасып қалды. 
"Ау, Мұхаммедтің (с.а.у.) сөзін де, ісін де көріп, естіп талқыға салғалы 
қашан. Бірақ өзімен бетпе-бет кездескенде, ешкім батылы жетіп оған қарсы 
шыға алмайтыны несі?" - деді біреуі тұрып. 
"Енді көрсем жағасына жабыспасам ба?" - деді екіншісі күшейіп. 
Солай деуі мұң-ақ екен, Мұхаммед (с.а.у.) шыға келді, құрайыштар 
салған жерден Пайғамбарымызды қоршап алып: 
"Сен біздің дінімізді жамандап, түкке алғысыз еткеніңді қашан қоясың? 
Әлде көресіңді көрмей, көрге кіргің келмей жүр ме?" - деп бас салып, 


117
төмпештей бастайды. Оқиғаны сырттай көріп қалған біреу жүгірген бойда 
Хазіреті Әбу Бәкірге хабар береді. Әбу Бәкір зымыраған күйі төбелес болып 
жатқан жерге келеді. Көз жасын тыя алмаған ол, келе салысымен 
мүшріктерге дүрсе қоя береді: 
"Аллаһтан табыңдар, нақұрыс өңкей, бұларың не? Құдайдан 
қорықсаңдар қайтеді? "Раббым Аллаһ" дегені үшін өлтірмексіңдер ме?" 
Пайғамбарымыз байсалдылығын жоғалтпаған қалпында: 
"Босқа шаршама, әзіз достым. Бұлардың жазықсыз жерде жапа 
шектіруінің соңы жақсылыққа апармайды. Аллаһтың атымен ант етемін, 
ақыры қайыр болмайды", - деп күрсінді де қойды. 
Құрайыштар пайғамбардың сөздерінен тіксініп, үріккен күйі бет-
бетімен тарап кетті. 
"Жаратушым - Аллаһ" деп халықты ұлы хақиқатқа шақырғаны үшін 
құрайыштың бүлікшілері оқтын-оқтын айналып келіп, соқтығуларын 
қоймайды. 
Сондай жүрек сыздатарлық оқиғаның бірі Пайғамбарымыз Қағбада 
намаз оқып жатқанда өтті. Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) сәждеге жығылғаны 
сол еді, бұзақы Уқба ибн Әби Муайт мысықша басып жанына келді де, 
Пайғамбарымызды алдын ала дайындап келген кендірмен қылғындырып 
өлтірмекке әрекеттенді. 
Дәл осы мезетте Хазіреті Әбу Бәкір келіп қалады да, қанішердің қолын 
қағып жібереді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет