Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ЯСИР ОТБАСЫНЫҢ БАСЫНАН КЕШКЕНДЕРІ



Pdf көрінісі
бет77/276
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107041
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ЯСИР ОТБАСЫНЫҢ БАСЫНАН КЕШКЕНДЕРІ
Ясир Меккеге Йеменнен келіп, Махзум руынан Әбу Хузайфа ибн 
Мұғираны паналаған-ды... Кейінірек Әбу Хузайфа оны күңі Сүмаййамен 
үйлендіреді... Олардан Аммар және Абдуллаһ есімді екі ұл туады... 
Ясир отбасымен бірге мұсылмандықты өз еркімен қабылдайды. Бірақ 
махзумдар олардың бұл әрекетін теріс көріп, ауыр азапқа душар етеді. 
Махзум мүшріктер иманнан, Исламнан бас тартқызу үшін күннің ми 
қайнатқан аптабында ыстық құмға Ясирді бала-шағасымен қоса жатқызып, 
қинайды. 
Тағы бір күні Ясир отбасын залым мүшріктер азаптап жатады. Мұны 
көрген Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) жан жүрегімен егіліп тұрып: 
"Ей, Ясирдің отбасы, сабыр сақтаңдар! Сабыр сақтаңдар! Аз шыдаңдар, 
таусылмаңдар, Аллаһ сіздерге жәннат сыйын беретін болады. Сабыр 
сақтаңдар", - дейді. Жаны қиналып, төзімі таусылған Ясир: "Қашанғы 
шыдаймыз, уа, Расулаллаһ, маңдайымыз ашылар күн болар ма?" - дейді 
үздігіп, әрең сөйлеп. Аллаһтың Нәбиі сол жерде: 
"Мейірімі шексіз, Рахымы мол Аллаһым! Ясир отбасын мейірімге бөле, 
шарапатыңды тигіз, рахымыңды түсір!" - деп, шапағатқа толы тілегін айтады. 
Сәлден соң Хазіреті Ясир азаппен арпалысып жатып жан тәсілім 
болады да, мұсылман ерлер арасында тұңғыш шейіт, яғни Аллаһ жолында 
дегенінен қайтпай, жанын пида етуші мәртебесіне ие болады. 
Кәрілік қажытып, қайраты қайтқан Ясирдің әйелі Хазіреті Сүмаййаны 
азаптау Әбу Жәһилге тапсырылған-тын... 


121
Әбу Жәһил әлсіз, дәрмені қайтқан Сүмаййаны қорлаған сайын жаны 
кіріп, қаны қарая түседі. Тіпті оған: 
"Сен Мұхаммедтің ажарына қызығып, соның дінін жақтадың", - деп 
ауыр мысқылмен қағытады. 
Жүрегінде, өн бойында иман нұры толып-тасқан жасампаз рух иесі 
Хазіреті Сүмаййа да бұл айтылғандарға шыдас бере алмай, қиналып жатып 
Әбу Жәһилдің надандығын, адамгершіліктен ада айуандығын бетіне басып 
төтеп береді. 
Мұндай қарсылықты күтпеген Әбу Жәһил найзасын денесіне шаншып 
кеп қалғанда Сүмаййа ана құлап түседі. Әйелдер арасында бірінші шейіт 
құрметі соған бұйырады. 
Қаһарман ана Сүмаййадан туған ержүрек ұл Аммар көрген азапты 
ешкім дұшпанына да тілемейтін шығар. Кәпірлер темір сауытты оның 
жалаңаш тәніне зорлап кигізіп, шыжыған ыстықта әрлі-берлі қайнаған құм 
үстімен айдайтын... 
Бір күні аяусыз жауыздардың көзін ала бере қаша жөнелген ол 
зымыраған күйі Расулаллаһтың қасына келеді де: 
"Уа, Расулаллаһ, қу азаптан құтылар күн бар ма? Денем күйіп, сау 
тамтығы қалмады", - деп шағымданады. Пайғамбарымыз оны тағы да 
сабырға шақырып тұрып: 
"Ей, Жасаған Аллаһ! Аммар және оның отбасына жар бола көр, 
жәһаннам азабынан сақта!" - деп дұға етті. 
Хазіреті Аммарды қолға түсірген мүшріктер бір күні күннің қызуы 
аздай, бас терісін отқа күйдіріп, әлекке салады. Азапты көрініске куә болған 
Мұхаммед (с.а.у.) Аммардың басынан сипап: 
"Ей, от, Ибраһим пайғамбарға салқын самал боп ескенің сияқты, 
Аммарға да көмектес", - деп бата қылды да, 
"Ей, Аммар, сен бұл азаптардан аман құтыласың, өмірің ұзақ болады. 
Сенің ажалыңа азғын бір топ себепші болады", - деп сүйіншіледі. 
Иман ләззатын татқан Аммар Хазіреті Мұхаммедтің сөздерін дәтке 
қуат етті. Пайғамбар айтқандайын, Аммар араға ұзақ жылдар салып Сыффын 
шайқасында қаза тапты. 
Аммардың қайсарлығы кәпірлерді ашындыра түсті. Отқа салса 
күймеген, суға салса батпаған жігіттің жігерін жасыту мүшріктерге оңайға 
түскен жоқ. Аммардың ішкі күйзелісі бір Аллаһқа және өзіне ғана аян еді. 
Діні мен ділін қорғап қалу үшін қасарысып баққанмен зәуде бір көз жасына 
ерік беретін. Сондай сәтті байқап қалған пайғамбарымыз: 
"Ей, Аммар, кәпірлердің қорлығы өтті ме?! Сенің жолың-сара жол, 
алда-жалда тағы да кәпірлер тұтқындап, азаптар болса, сен солардың айт 
дегенін айтып, құтыл", - деп рұқсат береді. 
Бұл - Аммардың өмірін сақтап қалу үшін берілген рұқсат еді. 
Арадан бірнеше күн өткенде Аммар айнала торуылдаған мүшріктердің 
қолына түсіп қалады. Соққыға жығып, жалғыз жігітке жабылып құмарларын 
тарқатқан соң: 


122
"Мұхаммедке (с.а.у.) тіл тигізіп, оның дінін жоққа шығар. Лат пен 
Уззаға табынудың дұрыс екенін мойында, әйтпесе, мұнан соңғы өмірің ит 
қорлықпен өтеді", - деп тықсырады. 
Шарасыздықтан шаршаған, әбден діңкелеген Аммар олардың айтқанын 
сөзбе-сөз қайталады. Есірген кәпірлер соған мәз боп, Аммарды еркіне қоя 
берді. 
Тұтқыннан босаған Аммар алдымен ардақты Пайғамбарымызды іздеп 
тапты. Басын салбыратып, салы суға кеткен ол кінәлі адамдай жалтақтап 
тұрды да: 
"Ей, Аллаһтың Елшісі! Сенің рұқсатыңмен мүшріктердің айт дегенін 
айтып құтылдым. Бүйтіп құтылғанша өмір бойы азаптанғаным артық еді-ау", 
- деп отыра кетті. 
Жүрегінің түкпіріне иман нұрын ұялатқан Аммардың сол сәттегі ішкі 
жан арпалысын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Кінәлі жандай көзін 
төмен салған күйі тебіреніп тұрды. Оның ойлы жанарынан "мүшріктердің 
қорлығынан құтылдым-ау, Аллаһтың азабынан қалай құтылармын?" - дегенді 
оқуға болар еді. 
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.): 
"Мүшріктердің сөзін сөйлегенде өзіңді іштей қалай сезіндің?" - деп 
сұрады. 
Аммардың жауабы: 
"Тілім қайталағанмен, жүрегім қан жылады. Иманым – жүрегімнің 
түкпірінде ғой". 
Мұнан соң Аллаһ Расулы: 
"Мұңайма Аммар! Кәпірдің тілегін тіліңмен айтқанда жүрегіңмен 
қостамаған болсаң, Аллаһ сені кешірер. Тағы да ұстап, жаныңды қинайтын 
болса "сендердің дегендерің болсын" деп басыңды арашалап ал", - деп 
Аммардың көңілін демдеді. 
Осы оқиғадан соң іле-шала Құранның төмендегі аяты түсті: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   276




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет