Түзулер – латынның кіші әріптерімен - a, b, c, …, m, … немесе латынның екі бас әріпімен
AB, CD, AC, т.с.с.
Жазықтықтар – кіші грек әріптерімен -
𝛼, 𝛽, 𝛾, 𝛿, 𝜀, …
.
Планиметрияда параллельдік, перпендикулярлық, теңдік, ұқсастық, тиісті болу,
қиылысу, беттесу қатынастарының символдары енгізілген болатын.
Aϵα символдық жазылуы – «А нүктесі α жазықтығына тиісті (немесе «А нүктесі α
жазықтығында жатады» немесе «α жазықтығы А нүктесі арқылы өтеді») деп оқылады.
𝑎 ⊂ 𝛼
жазылуы, «а түзуі α жазықтығында жатады» (немесе «а түзуі α жазықтығына
тиісті», α жазықтығы а түзуі арқылы өтеді») деп оқылады.
Қиылысу қатынасы
∩
символымен белгіленеді. Сонда «а және b түзулері
қиылысады», «а түзуі және α жазықтығы қиылысады», «α және β жазықтықтары
қиылысады» айтылымдары сәйкесінше,
𝑎 ∩ 𝑏, 𝑎 ∩ 𝛼, 𝛼 ∩ 𝛽
деп жазылады.
Беттесу қатынасын «
≡
» символымен белгілейді. Сонда «А және В нүктелері
беттеседі», «а және b түзулері беттеседі», «α және β жазықтықтары беттеседі»
айтылымдары, сәйкесінше
𝐴 ≡ 𝐵, 𝑎 ≡ 𝑏, 𝛼 ≡ 𝛽
деп жазылады. Әдетте «
≡
» символының
орнына «=» символы пайдаланылып жүр.
Геометриялық символдармен қатар, белгілі логикалық операцияларды белгілеу үшін
логикалық символдар да қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: