Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар



Pdf көрінісі
бет16/62
Дата14.09.2023
өлшемі1,03 Mb.
#107312
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62
Байланысты:
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар


23
сәресіге дейін, не ауыз ашқаннан кейін қолданған дұрыс.
Сұрақ:
Оразада тіс пастасын қолдануға бола ма?
Жауап: 
Тіс пастасын пайдалануға болады. Алайда 
мәкруһ болып есептеледі. Пастамен тіс тазалағанда дәмі 
толықтай ауыздан кетпейінше түкірігін жұтуға болмайды. 
Тіс пастасының асқазанға түсуі оразаны бұзады. Тазалап 
болған соң ауыз шайғанда су кетіп қалмауын қадағалау 
қажет. Ең дұрысы, тіс пастасын ауыз бекіткенге дейін 
пайдалану. 
Сұрақ:
Соңғы кездері тісім жиі қанап кете береді. 
Қанаған мезетте аузыма түкірігімді жинап түкіріп 
тастаймын, кейде ұмытып кетіп жұтып қоямын. Осындай 
жағдайда ораза бұзыла ма? 
Жауап:
Тіс қанаған жағдайда қанның көлеміне қаралады. 
Дәмі білінбейтіндей дәрежеде түкіріктен аз мөлшерде 
болса, ораза бұзылмайды. Мұндай жағдайдан сақтану қиын. 
Алайда қанның көлемі түкірікпен бірдей не одан көп болса 
және оны жұтатын болса, ораза бұзылады. Кейін қазасын 
өтеу қажет болады. Сондықтан қолдан келгенше сақтанған 
жөн.
Сұрақ:__Ораза_кезінде_моншаға_түсуге_бола_ма_Жауап'>Сұрақ:
Ораза кезінде моншаға түсуге бола ма?
Жауап:
Ораза кезінде моншаға бармаған дұрыс. Өйткені, 
адамды әлсірететіндіктен және парда отырғанда ішке су 
кіріп кету қаупі жоғары болғандықтан ораза уақытында 
бармаған дұрыс. Сондай-ақ, моншадан кейін шөлдеу, 
әлсіреу жағдайы орын алатын болғандықтан оразаның 
бұзылуына себеп болуы мүмкін. 
Сұрақ:
Ораза кезінде суға шомылуға бола ма (душ, 
ванна)?
Жауап:
Иә, жалпы шомылуға болады. Алайда қажет 
Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар


24
жағдайда ғана. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен 
сәлемі болсын) ораза кезінде ыстығын басу үшін басына 
су құйған (Әбу Дәуід). Бірақ ауыздан және мұрыннан су 
кіріп кетпеуін қадағалау шарт. Себебі мұрыннан не ауыз 
қуысынан бір тамшы болса да су кірсе әрі суды жұтса, 
ораза бұзылады. Ал көлге, өзенге және су толтырып ваннаға 
түспеген абзал. Себебі, суға сүңгіп шомылғанда мұрыннан 
не ауыздан су кіріп кету қаупі өте жоғары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет