6
Сұрақ:
Рамазан оразасының қандай пайдалары бар?
Жауап:
Басқа ғибадаттар секілді оразаның да адам
баласы үшін сан түрлі пайдалары бар.
Бірінші кезекте,
ораза ұстаушы Алла Тағалаға бойұсыну арқылы өз
бойына тақуалық дәнін егеді. Ораза – адамға өнегелі
мінезді үйрететін тәрбие мектебі.
Оразаның көмегімен
адам жағымсыз әдеттерден арылады. Ораза сабырлы
болуды және жүйелілік пен тәртіпті үйретеді. Аузы берік
жан айналасындағы аш-жалаңаштардың күйіне еніп,
бойындағы
мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдылық
секілді сезімдерді оятады. Ораза – нәпсімен күрес әдісі.
Бір ай бойы құмарлықтарымен күрескен адам бұл күрестің
салиқалы өмірі мен ақырет бақыты үшін
маңыздылығын
түсініп, бірте-бірте нәпсісіне толық иелік етуге ұмтылады.
Сондай-ақ рамазан айында Алла Тағаланың құлдарына
деген рақымы мен мейірімі басқа айларға қарағанда
ерекше болатынына көзі жетеді.
Бұл кеңшіліктер құлдың
Раббысына деген махаббатын арттырып, жасаған күнәлары
үшін ұялуына, кешірім сұрап, тәубеге келуіне орасан
септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: