Оқу-әдістемелік кешен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 8-бет 36 беттен
Халық саны
Бұл формуладан біз әрбір он мың халыққа қанша қылмыс фактісінен келгендігін көресіз. Мысалға, 1993
жылы қылмыстылық деңгейі ең шарықтау шегіне жетті, яғни 206 006 қылмыс жасалды, демек оның
коэффициентін есептесек,
Кф = 206 006 х 10 000 (масса) = 121, 18
17 000 000
яғни 1993 жылы әрбір он мың халыққа 121 қылмыс фактісінен келді. Ал 2002 жылы болса 135 000 қылмыс
жасалды, яғни
Кф = 135 151 х 10 000 (масса) = 96, 53
14 000 000
демек, 2002 жылы әрбір он мың халыққа 96 қылмыс фактісінен келген.
Ал 2003 жылғы ахуал одан өзгеше:
Кф = 118 485 х 10 000 (масса) = 84, 63
14 000 000
Бұл 1993 жылға қарағанда (Қазақстандағы қылмыстылық деңгейінің ең жоғары дәрежеге көтерілген жылы)
2002 жылы қылмыстылықтың қарқындылығы әлдеқайда төмен дәрежеге түскен. Ал формуланың бөліміндегі
1993 жылы 17 млн. тұрып, 2002 жылы 14 млн.-ның тұруы халық санының өзгеруімен түсіндіріледі. Халық саны
демекші оның өзін екі түрлі есептеуге болады. Біріншіден, коэффициент шығару есебі барлық халыққа
жүргізіледі, екіншіден, тек қана қылмыстылық жасына жеткен халық арасындағы есеп. Ол үшін жалпы халық
санынан он төрт жасқа жетпеген адамдардың саны алынып тасталады. Есептің олай жүргізілетін себебі -
алғашқысы қаншалықты қоғамның қылмыстылықпен уланғандығын білдірсе (өйткені, он төртке дейінгі тұлғалар
да қылмыс жәбірленушісі бола алады), соңғысы қылмыстылық жасындағы адамдардың қаншалықты
криминогендік асқынғандығын көрсетеді.
Коэффициенттің екінші түрі тұлғаға қатысты. Аталмыш коэффициентті анықтау барыснда да дәл осындай
формула қолданылады, бірақ жасалған фактілер санының орнына қылмыс жасаған тұлғалар саны тұрады.
Мысалға,
Кт
=
қылмыс жасаған тұлғалар саны х 10 000 (масса)
Халық саны
Егер алғашқы есеп, әр бір он мың халыққа қанша қылмыс фактісінен келеді дегенді білдірсе, бұл есеп сол
жылы әрбір он мың халықтың қаншасы қылмыс жасаған дегенді білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: