Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет127/153
Дата14.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#107506
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   153
Байланысты:
turtabaev-biohimia (1)

12.1. Минералды заттардың алмасуы
Минералды заттар алмасуы дегеніміз – заттардың сыртқы 
ортадан ас қорыту жолдары арқылы ағзаға еніп, сіңуі, мүшелер 
мен ұлпаларда жиналып, алмасуы, содан кейін қайта сыртқа 
шығарылуы.
 
Ағзадағы су алмасуы минералды тұздардың алмасуымен 
тығыз байланысты. Олардың биологиялық маңызы алуан түр лі. 
Минералды тұздар жасуша, ұлпалардың құрамына кіреді. Ми-
нералдық заттар ағзада бос жəне байланысқан күйінде болады. 
Мысалы, сүйектің, шеміршектің құрамында олар көмір, фос-
фор жəне т.б. қышқылдардың бейорганикалық тұздары түрінде 
кездеседі. Көптеген элементтер биоорганикалық қосылыстардың 
құрамына кіреді. Мысалы, темір - гемоглобиннің, миоглобиннің
каталазаның, трансфериннің құрамды бөлігі болса, ал фосфор - 
нуклеин қышқылдарының, көптеген белоктардың, фосфатидтер-
дің, АТФ, АДФ жəне т.б. құрамына енеді. Күкірт - КоА-ның
глутатионның, амин қышқылдары – цистеин мен цистиннің мо-
лекуласына кірсе, йод қалқанша безінің гормонының құрамын 
құрайды.
Ағзада минералдық заттар маңызды қызмет атқарады. Бұл 
олардың ағзадағы зат алмасу процестеріндегі орындарын ай-
қын дай түсуде. Мысалы, сүйек ұлпасы, жасуша мембранасы құ-
ралады. Олар жасушадағы осмос құбылысы мен қысымын рет-
теуге қатысады. Фосфор жəне қышқылының натрий жəне калий 
тұздары буферлік қасиет көрсетуінің нəтижесінде жасушаларда, 
ұлпаларда қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік тұрақталады, сутек 
иондарының концентрациясы өзгермейтін күйге келеді.


278
Жекелеген катиондар (Са, Mn, Mg,Zn) ферменттердің акти-
ваторлары жəне ингибиторлары болып келеді. Кейбір металдар 
витаминдердің, гормондардың жəне т.б. органикалық қосы лыс-
тардың құрамына енеді. Мысалы:
Кальций 
сүйек ұлпасының құрамында 98%-ға дейін фосфор 
жəне көмір қышқылды қосылыс түрінде сүйекте, қанда, лимфада 
кездеседі. Ағзада кальцидің 1%-ға жуығы ион түрінде кездеседі. 
Кальцийге ми мен бездердің жүйке жасушалары бай келеді.
Кальций ағзада əртүрлі қызмет атқарады. Ол жарақаттанған 
жерде жарылған тромбоциттен бөлініп шыққан фермент тромбо-
киназаның қызметін жетілдіріп, протромбиннің тромбинге айна-
луын жеделдетеді. Ал тромбин қан сарысуындағы фибриногенді 
фибринге өзгертеді, ақыры фибрин шөгіп ұйиды. Оның қан ның 
ұюына, бұлшық еттердің жиырылуы мен босаңсуына, көмір-
сулардың анаэробты жолмен ыдырауын жүргізетін жəне креа-
тинфосфатты ыдырататын ферменттердің белсенділігін үдетуге 
активатор ретінде маңызы зор. 
Кальцидің ағзадағы алмасуы паратгормон жəне кальцитонин-
мен реттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет