Оқу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет110/183
Дата14.09.2023
өлшемі5,81 Mb.
#107510
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   183
Байланысты:
Снимок экрана 2023—08—10 в 2.35.48 PM

инварианттық компоненттегі таңдау 
пәндері
) жиынтық бағалау өткізілмейді, оқу жылының соңында «есептелінді» 
(«есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген 
өзгерістер мен толықтырулар 
 
2022-
2023 оқу жылында «Биология» пәні бойынша оқу процесін 
ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми 
сайтында https://www.uba.edu.kz орналастырылған Үлгілік оқу бағдарламаларын 
басшылыққа алу керек. 
«Көбею» бөлімшесіне өзгерістер енгізілді:
 
1. «Контрацепция түрлері және олардың қолданылуы мен маңызы. Жыныстық 
жолмен берілетін аурулар: жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы, сифилис, 
гонорея, гепатит В,С. Алдын алу шаралары» тақырыптары жаңа редакцияда: 
«Контрацепция түрлері. Жыныстық жолмен берілетін аурулар: жүре пайда болған 


185 
иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС), сифилис, гонорея, гепатит В,С. Алдын алу 
шаралары» деп берілген.
 
2. «Аталық және аналық жыныс жасушаларының құрылысын зерттеу»
 
оқу 
мақсаты алынып тасталды.
 
3. «Аталық және аналық гаметалардың құрылысын зерттеу» зертханалық 
жұмысы алынып тасталды.
Үлгілік оқу бағдарламалары пәннің базалық білім мазмұнынан, оқыту 
мақсаттары жүйесінен, ұзақ мерзімді жоспардан тұрады. Барлық оқу 
бағдарламаларында да, ұзақ мерзімді жоспарда да тақырыптар мен бөлімшелерді 
меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат 
сандарын бөлу құқығы практик
-
мұғалімге берілген, бірақ материал кестеде 
көрсетілгендей сол тоқсанда игерілуі тиіс.
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім 
берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым 
министрінің бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспары (оқу жүктемесін 
қысқарта отырып) бойынша оқыған жағдайда (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 
қарашадағы № 500 бұйрығы) 10
-11-
сыныптарда пәнді зерделеуге бөлінетін сағат 
саны: жаратылыстану
-
математикалық даярлық бағыты бар сыныптарда 
аптасына 3 сағатты, қоғамдық
-
гуманитарлық бағытта 2 сағатты құрайды.
Негізгі орта білім беру деңгейінің оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу 
бағдарламасында жаңартылған мазмұндағы барлық бөлімдер толығымен 
сақталған, айырмашылық бөлімшелер бойынша оқыту мақсаттары біріктіріліп, 
ықшамдалып берілді. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану
-
математикалық бағытындағы 10
-11-
сыныптар үшін «Биология» пәнінен оқу 
жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасында базалық білім мазмұны 
сақталған және оқыту мақсаттары жүйеленген. 
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10
-11-
сыныптарына арналған 
«Биология» пәнінің оқу жүктемесі Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (Қазақстан 
Республикасы Оқу
-
ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 
бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) міндетті пәндер ретінде 
жаратылыстану
-
математикалық бағытта аптасына 2 сағат, қоғамдық
-
гуманитарлық бағытта аптасына 

сағат оқытылады.
 
4.
 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік 
талаптарына сүйеніп, бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны
 
 
«Биология» пәні бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 
наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта 
білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне 
ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің 
үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет