«Бейнелеу өнері» оқу пәні «Бейнелеу өнері» пәні 2022
-
2023 оқу жылынан бастап, тек 1
-
сыныптар
үшін «Көркем еңбек» оқу пәнінен ажыратылып, бөлек пән ретінде оқытылады.
«Бейнелеу өнері» пәнін оқытудың басты мақсаты
-
білім алушының
қоршаған ортаны бейнелі қабылдау арқылы шығармашылық қабілеттерін
дамыту, оларды көркем өнерге баулу.
«Бейнелеу өнері» пәнінің міндеттері
:
-
көркем өнер туындылары арқылы оқушының ұлтжандылық, рухани
-
адамгершілік, көркемдік
-
эстетикалық, сезімталдық, талғам, байқампаздық,
мейірімділік, әдептілік қасиеттерін тәрбиелеуді;
-
қазақтың ұлттық, кәсіби музыка, бейнелеу өнері, этностардың мәдениеті
туралы түсініктерін қалыптастыруды;
-
өнер (бейнелеу, қолданбалы
-
сәндік, сәулет, дизайн) түрлері туралы
бастапқы білім беруді;
-
өнер түрлеріне қызығушылығын дамытуды, өнер арқылы ұлттық әдет
-
ғұрып пен салт
-
дәстүрлерді құрметтеу сезімін қалыптастыруды;
-
оқушының көркемдік
-
бейнелеу іскерліктерін, шығармашылық әлеуеті
мен қиялын дамытуды;
-
өнер туындылары жайында ақпарат іздестіру, қабылдау, түсіну, талдау,
өздігінен пайдалану дағдыларын қалыптастыруды;
-
өз шығармашылық іс
-
әрекеттері арқылы ойын бейнелеп және дәлелдеп
бере алу дағдыларын қалыптастыруды;
-
эстетикалық талғамын, сезімталдығын дамытуды көздейді.
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1-
сыныпта –
аптасына 1 сағат, оқу жылында –
35
сағат;
«Бейнелеу өнері» пәнін ұйымдастыру оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге
қарай, жүйелілік, сабақтастық, бірізділік және көрнекілік ұстанымдарына
негізделеді.
Ескерту: 1- сыныпта бағалау жүргізілмейді.