119
қатынасы мен іс-әрекеті кӛрініс береді. Себебі, саңырау балалар
ӛздерін қоршаған ортадан алған әсерлерінің шеңберінен аспайды.
Сау балаларға қарағанда, саңырау балалар заттық-әрекеттік
ойындар деңгейінде тҧрақтап қалады, ал олардың сюжеттік
ойындары бірыңғай, тым қарапайым болып келеді. Саңырау
балалар жасырын қарым-қатынастарды, ӛз беттерімен ҥнемі
ҧғына бермейді, есесіне, кӛрнекі-заттық әрекеттерді ойындарында
барынша кӛрсете алады. Сюжет детальды тҥрде орындалатын
әрекеттермен ығыстырылып қалады. Мектеп жасына дейінгі
саңырау балаларға педантизмге бейімділік тән, олар қоршаған
ортаның шындығын, ӛз ойындарында толық кӛрсетеді.
Сӛйлеудің тежелуі себепті, қоршаған орта қҧбылыстарын
қорытындылау және шығармашылықпен кӛрсете білу қабілеті ӛте
шектеулі. Кӛп жағдайда, саңырау балалардың ойындарындағы іс-
әрекеттер, стереотипі ҥрдісін аңғаруға болады. Балалар сол
рӛлдерді, сӛздерді, әрекеттерді механикалық тҥрде қайталай
береді. Әрі сол ойынды бҧрын ойнағандай, дәл сондай жағдайлар
жасауға тырысады. Саңырау балаларда сонымен бірге, ӛзге
балаларға механикалық еліктеу элементі кездеседі. Олар ӛз
жандарынан еш жаңалық енгізбестен, тек ӛзгелердің ойынын
қайталай беруге жалықпайды.
Саңырау балаларда ойын барысында, заттарды алмастыру
қиындығы жиі кездеседі. Тіпті, қызметі жағынан жарайтын
заттың ӛзін, қажет затты алмастырушы ретінде қабылдай
алмайды (мысалы, машинаның орнына текшемен, қасықтың
орнына таяқшамен ойнау сияқты, уақытша шартты әрекеттер
болмайды). Саңырау балалар ойын әрекетін меңгерген сайын,
біртіндеп детальды кеңейтулер енгізе бастайды. Айталық,
қуыршақты
тамақтандыруда,
қасықты
оның
аузына
жақындатумен шектелмейді. Ол алдымен, тамақты тәрелкеге
салады, қасықпен араластырады, ҥрлеп суытады, содан кейін,
«тамақтандыра бастайды» т.б.»
1
.
Оқу әрекеті
Достарыңызбен бөлісу: