25
Мұғалім әрекетінің негізгі нәтижесі, ең алдымен, табысты жағдайды
жасау және оны бекіту, оқушыда жағымды өзін өзі бағалауын қалыптастыру.
Себебі, тіпті бір рет қана сезілген қуаныш, жетістікке жету сезімі бала өмірінің
ырғағы мен салтын өзгертіп, оны мән-мағынаға толтыруы мүмкін.
Үйде жеке оқыту мұғалімі өз оқушысын мектептегі іс-шараларға
қатыстырып, мерекелерге алып барады. Балалар қалауы бойынша және ата-
анасының келісімімен қызығушылығына байланысты қосымша сабақтарға,
арнайы емдік-сауықтыру сабақтарына, мектеп оқушылары шығармашылық
жұмыстарының көрмелері мен сайыстарына қатыса алады.
Баланы бірінші рет үйде оқыта бастаған мұғалім-педагогтар ұзақ уақыт
бойы көзге көрінерлік нәтиже ала алмағандықтан еңсесі түседі. Алайда бұндай
балаға ерекше мұқият қарап, төзімді болған жөн. Баланың оқуға деген аз болса
да ынтасын мадақтап, мақтау үшін кез келген болмашы себептерді жібермей,
оқуға деген қызығушылығымен қоса, бұдан да жақсы жасауға ұмтылысын
ынталандыру қажет. Тапсырмаға жағымды қарым-қатынастың бір түйірін де
көзден таса қылмай, баланың аз, елеусіз болса да жетістіктерін атап, жағымды
бағалаған дұрыс [7].
Тәжірибе көрсеткендей, шешімі баланы үйде оқытатын мұғалім-
педагогтан тәрбиелеу мен оқытудың ерекше әдістерін, оның ішінде мүмкіндігі
шектеулі балалармен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық білімдері,
іскерліктер мен дағдыларын меңгеру және белгілі бір дайындық деңгейін талап
ететін міндеттер туындайды.
Жалпы білім беру бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқытатын
мұғалімдерді оқу жоспарына кіретін пәндерден сағат сандары да
толғандыратын мәселе. Жалпы білім беру бағдарламасы бойынша үйде
оқытылатын бала колледж, тіпті ЖОО-ға түсу керек болса, бірақ ата-анасының
репетитор жалдауға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оған білім алуды
жалғастыру бойынша жоспарларын жүзеге асыру қиын болады. Мұғалімдер
ҮОЖ-да пәндер бойынша бөлінген сағаттар кәсіптік оқу мекемелеріне түсуге
дайындық үшін жеткіліксіз болады деп есептейді [8].
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары
қызметкерлерінің үлгі штаттары» барлық орта білім беру ұйымдарында
педагог-психолог лауазымын қарастырады.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы п
Достарыңызбен бөлісу: