1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет253/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

сапасыз заттық 
субстанция
. Цидің бұл түсінігі ертедегі даосизмге («Дао дэ цзин»), Сюнь-
цзының көзқарасына (б.д.д.IIIғ), Чжан Цзайға (XIғ). Мэн-цзыға (б.д.д.IVғ) 
тән еді, олар циді әлемдік «пневманың» әмбебап сипатын білдіретін рухани 
және тәндік нәрсенің бірлігі деп қабылдаған. 
 
 
ЧАРВАКА 
(«іш», «же», «көңілден» дегенді білдіретін материалистік ағым) 
— қабылдауды танымның бастауы деп, қалың жұрттың көзқарасын 
білдіретін ұғым немесе ағым, басқаша айтқанда – карма заңын терістеу, 
сансара, о дүниелік өмір, төрт материалдық элементтері ілімін терістеу. 
Гедоникалық этика. Оның негізін қалаушылардың бірі – 
Брихаспати
.
 
 
ШРУТА 
(«есітілген») — ақындар-даналар жазбаған, бірақ ұрпақтардың 
есінде қалған, ведалық әдебиеттер сияқты үнділердің киелі еңбектерінің түрі. 
ШЕШЕНДІК ӨНЕР 
— софистикалық бағыттағы далалық риторика мектебі. 
Шешендердің мақсаты – қалай болғанда да өзінікін дәлелдеу, сөз сайысында 
жеңіп шығу.

ШИИЗМ
(араб. «шиа» - топ, партия) — VII ғасырда пайда болған, Мұхамед 
Ғ.С. бірге Әлиді де пайғамбар қатарына қосатындар. 
ШИВА 
— ведалық храмның екінші топтағы құдайы. 
ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ 
— жалпы, шығысты түсіну үшін, 
мистицизм
ді білу керек. Мысалы, жапондардың ойынша – дзэнді білу шарт. 
Осы мистицизмнің де түрлері әрқилы болып келеді – рационалды, 
иррационалды, тыс және оккультный, ақылды және фантастикалық. 
Шығысқа тыныштық, бірқалыптылық тән, ол әрқашан мәңгілікпен келіп 
тіресе береді. Шығыстың жаңа методологиясы толығымен дерлік 
батыстық 
ойлауға қарама-қайшы
. Батыс адамдары үшін зат не өмір сүреді, не өмір 
сүрмейді. Олардың айтуынша, біз туылдық, демек, біз өлімге тағылынуымыз 
керек. Ал, шығыс адамының ойлау типі өзгеше, біз ешқашан туылмадық 
және ешқашан өлмейміз. Туылу мен өлім жоқ, бастауы да, аяғы да жоқ. 
Батыс адамының ойынша, бастама болу керек, Құдай әлемді жаратуы тиіс. 
Ал, шығыс адамының ойынша, жаратушы Құдай жоқ, заттардың бастамасы 
жоқ, логос та, сөздің бастамасы да жоқ. Бұдан шығатын 
қорытынды 
– 


395 
Шығыс адамына тән ойлау, ол адамның ішкі рухани күйіне үңілу, дүниемен 
тікелей қатынасты қалау. 
ШИ ЦЗИН
(«Өзгерістер кітабы») — қытай әдебиетінің ең көне ескерткіші, 
ежелгі Қытайдың әртүрлі аймақтарының тілі мен дәстүрлері туралы мәлімет 
беретін бірегей шығарма. Оның ішінде 305 халық әні, әртүрлі жанрға 
жататын өлеңдер кірген, олар б.д.д. XI-VIғ.ғ. жатады және рухани, әлеуметтік 
өмірдің алуан түрлі құбылыстарын суреттейді. Шығармаларды таңдаған 
Конфуций деп есептеледі. Бұл кітап кейін конфуцийшілдік канондық 
мәтіндердің У-цзин жинағына кірген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет