1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет255/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   260
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde

ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ
(лат.
– 
тіршілік) — нақты болмыстағы жеке 
тұлғалық адам тірлігіне негізделген философиялық ілім және қазіргі 
философиядағы бағыт. Көтеретін мәселесі – тұлғаның бірегейлігі, 
қайталанбауы. Экзистенцияны ұғыммен жеткізу мүмкін емес, өйткені ол – 
тірі шындық, адамның өзін және қоршаған ортаны жасауы, фактикалық және 
күнделіктіліктен шығу (трансценденция). Экзистенциализмнің 
негізгі 
проблемалары 
– экзистенциалды таңдау, еркіндік, жауапкершілік. Ойлаудың 
бұл тәсілі Декарт философиясына һәм барлық рационалды жүйелерге қарсы, 
бұл адам философиясының ақыл мен идея философиясына деген тойтарысы. 
Оның 
басты өкілдері
– француз философтары Жан-Поль Сартр, Альбер 
Камю және Симона де Бовуар, неміс Мартин Хайдеггер, орыс Николай 
Бердяев, қазақтар – Абай және Шәкәрім. 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
МАТЕРИАЛИЗМ 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
ДЕТЕРМЕНИЗМ
— 
тарихтың 
материалистік 
түсінігін 
қарапайымдандырудың К.Маркс жасаған түрі, онда ол экономикалық 
бастауды тым абсолюттендіріп жіберген. Экономикалық материализмнің 
өкілдері, К.Маркс үйреткендей емес, барлық қоғамдық-мәдени феномендерді 
экономикадан шығарудың орнына, оларды экономикаға келтірген 
(редукциялаған, қысқартқан). 
ЭКЛЕКТИКА 
— жан-жақтан жиналған, алуан түрлі, қырық құрау 
қағидаларды біріктіріп, қоршаған дүниеге өзіндік көзқарасты дәріптеуге 
тырысатын философиялық әдіс. 
ЭКСПЕРИМЕНТ 
— зерттелетін процесс барысына активті және мақсатты 
түрде араласу немесе шындықты, құбылыстарды бақылауға, оны басқаруға, 
игеруге болатын шарттарда, жағдайларда зерттеу. 
ЭКСПЛАНАНДУМ
— бұл құбылыстарды сипаттау. 
ЭКСПЛАНАНС 
— берілген құбылысты түсіндіру үшін қолданылатын 
қағидаттар класы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет