259
алтын, т.б. емес, ол (бастама – от, су, алтын, т.б. заттардың кішкентай,
көрінбейтін, сезінуден тыс жатқан бөлшектері, оларды Анаксагор «барлық
заттардың тұқымы (ұрық)» - деп, ал Аристотель оны «
гомеомерия
» деп
атаған. Анаксагордың пікірінше, заттарды қарама-қарсы қасиеттерінен
танып-білуге болады. Мысалы, салқын-жылу арқылы, тәтті-ащы, т.б. Бірақ
сезім мүшелері, соның ішінде түйсік бізге ақиқатты ашып бермейді, себебі
гомеомерийді сезім мүшелері арқылы танып-білу мүмкін емес, оны тек
ақыл-ой арқылы тани аламыз. Білім бізге бостандыққа жетуге мүмкіндік
береді.
АНАКСИМАНДР
(б.д.д.610–547/540ж.ж) — көнегрек
философы, Милеттегі натурфилософия мектебінің өкілі,
Фалестің шәкірті.
Шығармалары:
«Табиғат туралы», «Жер
картасы», «Глобус» және т.б. «Заң» терминін алғаш рет
қолданған ойшыл, табиғат және қоршаған ортаға деген
қоғамдық тәжірибие ұғымын ұсынды. Алғашқы бастама,
дүниенің негізі –
топырақ
(«
апейрон
») мәңгі өлшеусіз,
шексіз субстанция, барлығы одан пайда болады, оған айналады.
Анаксимандр ілімінің аңғалдығына қарамастан, онда табиғаттың даму
заңдылықтарын табиғаттың өз логикасымен түсіндіру табиғаттану
диалектикасының алғашқы қадамдары болды.
АНАКСИМЕН
(б.д.д. 585/560–525/502ж.ж.) — көнегрек
философы, Милеттегі натурфилософия мектебінің өкілі, сақ-
скиф арасынан шыққан, Гнур патшаның баласы, Савлия
және Кадуит патшаларының ағасы болып келеді.
Анахарсистің шәкірті. Анаксимандр ілімін ары қарай
жалғастырушы. Алғашқы бастама –ауа деп білген.
Достарыңызбен бөлісу: