257
діни
догмалардың дұрыстығын, ақиқаттығын өзіне тиесілі бар беделімен
дәлелдеуі керек.
АЛЬТЮССЕР
,
Луи Пьер Альтюссер
(1918–1990) — француз
философы, структурализм бағытының өкілі.
Шығармалары:
«Маркс үшін» (1965), «Читать Капитал» (1965), «Философия и
стихийная философия ученых» (1967), «Ленин и философия»
(1969), «Идеология и идеологические аппараты государства»
(1970), «Начала самокритики» (1974), «Позиции» (1976),
«Работы о психоанализе» (1993) және «О философии» (1994).
АҚТАМБЕРДІ-ЖЫРАУ
,
Ақтамберді Сарыұлы
(1675–1768)
— атақты жырау, Ел үшін
тек жыр арнап қана қоймай, жауға
шапқан ер. Ақтамберді шығармалары нақыл сөздерге,
афоризмдік толғауларға толы.
Қазақтың болмысы, тіршілік-
тынысы, ерекшеліктері, сол кездегі
тарихи оқиғалар оның
толғауларынан ерекше айқын көрінеді. Ол бүкіл ел мүддесін,
ру, ата намысы емес, исі қазақтың намысын қуады, елді
ерлікке, бірлікке шақырады. Ақтамберді
өзінен бұрын өткен Доспамбет,
Шалкиіз дәстүрлерін әрі қарай жалғастырушы. Ақтамберді жырларында
көшпелі қазақтардың ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар
болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы
аңғарылады.
Бұған
жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын ұзақ толғауы дәлел.
Достарыңызбен бөлісу: