БАЛАСАҒҰН, Жүсіп «Хас Хажыб» Баласағұни (1020–?) —
Орталық Азияның
белгілі философ-ақын ы. Жүсіптің ақын
ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі «Құтадғу
білік»
( Құтты білік ) атты дидактикалық поэмасы.
Ақынның одан басқа да жазған көптеген рубайлары болған.
Мысалы, Наманган қолжазбаларының ішінен оның 600 жолдан
астам рубаилары табылған. Олардың да поэзиялық көркемдігі
жоғары, философиялық толғамдары терең.
БАРТ ,
Ролан Барт (1915–1980) — атақтылардың ішіндегі
атақтысы, француз әдебиеттанушысы,
семиолог , философ,
публицист. Оның шығармашылық жолын үш кезеңге бөледі:
структуралистікке дейінгі кезең де ол ғылыми мансаптан гөрі
алдымен әдеби сынға көбірек мән береді, структуралистік
кезеңде әдебиет саласында структуралистік әдісті аянбай
енгізді,
үшіншісі
–
постструктуралистік
немесе
постмодернистік кезең . Дәл осы постструктуралистік кезеңде Барт қазіргі
мәдениетке жақсы әсері болған өзінің тамаша идеяларын ұсынған.
БАТАЙ ,
Жорж Батай (1897–1962) — француз философы.
Тарихи-мұрағаттық институтты тәмамдаған. 1922ж. Ұлттық
кітапханада қызмет етті. 1946ж. «Сын» журналының авторы.
Шығармалары: «Ішкі тәжірибие» (1943), «Діннің теориясы»
(1948), «Эротизм» (1957), «Эростың көз жасы» (1961) және т.б.
Ол – ХХғ. ең бір құпия әрі жан-жақты ойшылы саналады.
БАХТИН ,
Михаил Михайлович Бахтин (1895–1975) — орыс
арасынан шыққан философ-ғалым. Көрнекті әдебиеттанушы,
философиялық антропологияның белгілі өкілі, эстетик.