1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


БАЛАСАҒҰН,  Жүсіп «Хас Хажыб» Баласағұни



Pdf көрінісі
бет90/260
Дата14.09.2023
өлшемі6,3 Mb.
#107714
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   260
БАЛАСАҒҰН, 
Жүсіп «Хас Хажыб» Баласағұни
(1020–?) — 
Орталық Азияның 
белгілі философ-ақын
ы. Жүсіптің ақын 
ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі «Құтадғу 
білік» 
(
Құтты білік
) атты дидактикалық поэмасы.
Ақынның одан басқа да жазған көптеген рубайлары болған. 
Мысалы, Наманган қолжазбаларының ішінен оның 600 жолдан 
астам рубаилары табылған. Олардың да поэзиялық көркемдігі 
жоғары, философиялық толғамдары терең. 
БАРТ
,
 
Ролан Барт
(1915–1980) — атақтылардың ішіндегі 
атақтысы, француз әдебиеттанушысы, 
семиолог
, философ, 
публицист. Оның шығармашылық жолын үш кезеңге бөледі: 
структуралистікке дейінгі
кезең
де ол ғылыми мансаптан гөрі 
алдымен әдеби сынға көбірек мән береді, структуралистік 
кезеңде әдебиет саласында структуралистік әдісті аянбай 
енгізді, 
үшіншісі 
– 
постструктуралистік 
немесе 
постмодернистік кезең
. Дәл осы постструктуралистік кезеңде Барт қазіргі 
мәдениетке жақсы әсері болған өзінің тамаша идеяларын ұсынған.
БАТАЙ
,
 
Жорж Батай
 
(1897–1962) — француз философы. 
Тарихи-мұрағаттық институтты тәмамдаған. 1922ж. Ұлттық 
кітапханада қызмет етті. 1946ж. «Сын» журналының авторы. 
Шығармалары: 
«Ішкі тәжірибие» (1943), «Діннің теориясы» 
(1948), «Эротизм» (1957), «Эростың көз жасы» (1961) және т.б. 
Ол – ХХғ. ең бір құпия әрі жан-жақты ойшылы саналады. 
БАХТИН
,
 
Михаил Михайлович Бахтин
 
(1895–1975) — орыс 
арасынан шыққан философ-ғалым. Көрнекті әдебиеттанушы, 
философиялық антропологияның белгілі өкілі, эстетик. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   260




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет